Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Мұрын қуысын шырыштар мен қабыршақтардан тазарту Мақсаты: Мұрын жолдарын шырыштар мен қабыршақтардан босату
Көрсетім: қалі ауыр науқастар
Жабдықтар: қолғап, 2 науа (лоток), мақта турундалары, вазелин майы (күнбағыс майы немесе глицерин) .
Өз бетімен жүре алатын науқастар күнделікті жуыну кезінде мұрын тазалығын қадағалайды. Ал, ауыр науқастаға мұрын арқылы дұрыс, қалыпты тыныс алулары үшін, мұрын тазалығын сақтай алмағандықтан, оны тазалап отыру керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қолыңызды жуып, қолғапты киіңіз.
Жатқызып немесе отырғызып науқастың басын сәл бұрып қоясыз.
Мақта турундасын вазелинмен немесе маймен майлайсыз.
Мақта турундасын мұрынға енгізіп, оны 2-3 минут айналдырасыз.
Мақтаны ауыстырып, қайталаңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
Ескерту: майлардың біреуін алдымен мұрынға тамызып алып барып та тазалауға болады, ал мұрын қуысындағы шырыштарды құрғақ турундамен тазалау керек.