|
|
бет | 55/216 | Дата | 15.04.2022 | өлшемі | 0,57 Mb. | | #139423 |
| Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. ХКөзді сүрту
Мақсаты: Науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсетім: Көзден бөліністер пайда болғанда
Жабдықтау: залалсыздандырылған қолғап, 2 науа (біреуі залалсыздандырылған), залалсыздандырылған мақта шариктері, антисептикалық ерітінді (1:5000 фурациллин ерітіндісі, 2 % сода ер-сі, 0,5% калий перманганат ер-сі), пинцет.
Көзде бөліністер пайда болған жағдайда, кірпіктердің жабысқақтығында және ертеңгілік жуыну барысында көзді жуу қажет.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қолыңызды мұқият жуып, залалсыздандырығна қолғапты киіңіз.
Залалсыздандырылған науаға 8-10 залалсыздандырылғаншариктерді салып, үстіне қайнаған су немесе антисептикалық ерітіндімен (1:5000 фурациллин ер-сі, 2 % сода ер-сі, 0,5% калий перманганат ер-сі) сулаңыз.
Мақта шариктерін сығып алып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз.
Мақта шариктерін ауыстыра отырып 4-5 рет қайталап сүртіңіз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|