Байланысты: Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х
Сыртқы есту жолдарын тазарту Мақсаты: Сыртқы есту жолдарын күкірттен тазарту
Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқас
Жабдықтар: қолғап, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш мақта турундалары, 2 науа (лоток).
Жалпы тәртіптегі науқастар күнделікті жуыну кезінде құлақтарын өздері жуа алады. Ал, төсектен тұруға болмайтын аурулардың құлақтарын мейірбике тазалау керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қолыңызды жуып, қолғаптарды киіңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Құлақты тазалау кезінде қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені құлақ барабанына зақым келуі мүмкін. Турунданы 1 см тереңге енгізуге болмайды!