Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет13/16
Дата02.07.2018
өлшемі1,13 Mb.
#46122
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мектептегі іс-шаралар мен істер. Мектептегі іс-шаралардың маңызы ерекше. Мектепте ұйымдастырьшатын іс-шаралардың мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып, қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру. Мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар дарынды, жігерлі, батыл оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік-жігерін шындауға бағытталуы керек.

168


Оқушыларға жалықпай еңбектенсе, оның нәтижелі болатынына сенім қалатын осындай іс-шаралар арқылы олардың көзін жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының үлгілі-өнегелі болуы немесе тәртіп бұзуы тәрбие жұмысының сапасына байланысты.

Мектегі оқу-тәрбие істерінде іс-әрекеттің барлық гүрлері кешенді түрде іске асырылады. Әр оқушы өз таңдауымен, қалауымен, еркімен атқаратын қоғамдық істерді таңдайды. Мұғалім әр оқушының ішкі қажеттілігін ескереді.



Мектептегі тәрбие іс-шаралары мен кешенді істер үлгісі

Сыныптық іс-шаралар.Ең бастысы сыныптық іс-шараларды жүргізу кезінде оқушының қажеттілігін ескеру керек. Жоғары сыныптардағы оқушьшарды өмірлік құндылықтар жайлы әңгімелер қызықтырады. Мәселен, болашақ жайлы, мамандық, достық, отбасы, т.б. мәселелер. Оларды өмір мен өлім құпиясы, адамның ерік-жігерлі болуы, батылдығы, адам өмірінің мәні, өмірдегі орны ерекше толғандырады. Сонымен қатар түрлі елдерге саяхат, экскурсия қызықтырады, нағыз махаббат, таңқаралық нәрселер еліктіреді. Егер де мұғалімдер осы тақырыптар тәңірегінде олармен пікірлесе алса, онда олар өздерінің ізденісін, танымын танытар еді.

Тәрбиеші мектептік іс-шараларды ұйымдастыруда тек дарынды, өжет оқушыларға арқа сүйемей, ұжым мүшелерінің барлығына да тән мүмкіндік жасауға міндетті. Тәрбиелік іс-шараларындағы ең маңызды құрылым-тәрбиелік сәт, онда қарым-қатынас құра білуге үйрету кезделеді. Мектептік іс-шаралар өткізіліп болған соң, оқушылар өз құрбы-құрдастарының жақсы жақтарын көріп,' оны қабылдай білуі тиіс. Сөйтіп, мектептік іс-шаралар арқылы ұжымның ұйымдық іс-әрекеттері қалыптасып, олардың ортақ іс-әрекеттерінің мәдениеті артады. Әр оқушы өз бойынан табыла бермейтін өзгелердің бойындағы жақсы қасиетгерді үнатады.

Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас іс-әрекеттің қозғаушы күші. Мектептегі іс-

169

шаралар әрине мұғалімнің қатысуымен, оның басшылығымен, кеңесімен іске асады. Мұндағы басты көніл бөлетін мәселе тәрбиешінің тәрбиеленушімен қарым-қатынасында. Оқушыға ең керектісі мұғалімнің өмірлік ұстанымы, оның тәжірибесі, көңіл-күй жетістігі. Өйткені оқушы жетістігі мол адамға қарап еліктейді. Мұғалімнің өмірлік ұстанымы оқушыға жағымды ықпалын тигізіп қана қоймай, оған еліктеуге, оның іс-әрекетінен үлгі-өнеге алуға жұмылдырады.



Кеңестік кезендегі тәрбие баланың ақыл-ойына негізделіп, оқушы белгілі талаптарды бойына сіңірсе, сол жеткілікті болып есептеліп келді.

Ал шындығына келсек, бала, тіпті ересек адам да ең бірінші ішкі сезіміндегіні ескеріп барып, соған лайықты іс-әрекет, өмірлік қорытынды қабылдайды. Кез келген жағдайда өзін-өзі ұстай білу қабілеті адамды тұрақты қарым-қатынасқа бейімдейді. Өзін-өзі ұстай білуі “Өзіндік мені мен Жеке мен” тұжырымы, өзіндік санасы өзара үйлесімділікке келуі қажет, Өзіндік сана тұлғаның ядросы, өзін-өзі ұстай білу қарым-қатынастың өзегі. Тәрбиешілер баланың бір-бірімен қарым-қатынасын, тұлғаның өзіне қатынасын зерттейді. Айналамен қарым-қатынастың тірегі-өзіндік ұстанымы.

Өзіндік үстаным оқушының өзін-өзі ұстай алуына қалай қызмет етуіне байланысты. Бұл сұрақтарға жауап ретінде Д.Узнадзе /психолог/, Ш.М.Орлов, А.С.Белкин В.И.Слуцкий, т.б. педагогтар мынадай зандылықтарды анықтаған: егер де оқушы “Мен жақсы оқушымын” деген өмірлік ұстанымды игерсе, онда ол өз бейнесін сол ұстанымға сәйкестендіруге әрекет етеді. Сол тәрізді ересек адам да “Мен жақсы әкемін”, “Мен қайырымды адаммын деген өмірлік ұстанымы болса, соған сай болуға ұмтылады

Сонымен, әр субъектіге өзіндік ұстаным қымбат, ол оның өмір сүрудегі басты қағидасы. Бала тәрбиелеудс оның санасында “өзіндік ұстаным бейнесін” қалыптастыру керек. Ол қалай іске асуы тиіс? Оның технологиясы қандай?

“Өзіндік үстаным” ортаның ықпалынан туады. Оның басты жүйелері:

1. Өзіндік өмірлік тәжірибе, өзіндік рефлексия;

2. Жолдастарының бағасы;

3. Ұстаздардың талқысы.

Оқушы ұстазынан үнемі жақсы баға алып отырса, оның өз мүмкіндігіне деген сенімі жоғары болады. Егер дс

170


керсінше, оқушы үнемі теріс баға алса, онда оның өзіне деген сенімі біртіндеп жойылады. Сондықтан, ұстаз оқушыны адал, еңбекқор, жауапты етіп тәрбиелеу үшін, оның өмірлік ұстанымын: “Мен мейірімді, еңбекқор, жауапты адаммын” деп қалыптастыруы қажет. Осы ұстанымды сыныптағы оқушылар да сеніммен қабылдауы тиіс

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің басты ережелері:

I Ұстаз оқушыны табиғи қалпында, яғни бойындағы

барлық артықшылығымен қатар кемшілігін де тегіс қабылдауы тиіс. Оқушының бойындағы кемшілікгерді оның мінез құлқы ретінде қабылдап, сонымен бірге әр баланы қабілетті, дарынды деп қабылдап “барлық бала жақсы болғысы келеді” (Л.Н.Толстой) деген ұстанымды педагог басшылыққа алуы қажет.

2.Оқушының бойынан үнемі тәрбие нәтижесін алдын ала көре білу керек. Ол үшін ұтаз оқушы мүмкіндігін әдейі көтеріп “сенің қолыңнан бәрі келеді”, “бәрі әлсіздерге қамқоршы екенінді біледі”, т.с.с. міндеттерді белгілеп. Әр оқушының өзіне деген сенімін арттыруды басты нысанаға алуы керек.

3. Кейбір оқушьшар ұстаздың айтқанына илана қоймауы да мүмкін. Сондықтан оқушыға бірнеше тәрбиелік жағдайды жасап, солардың ішінен өз ұстанымына лайықты дегеніне таңдау жасай алуын көздеуге болады. Оқушы өз таңдауы арқылы өзіндік ұстанымынан қанағат сезіміне бөленіп, басқалардың да ықыласына бөленуге ұмтылуы шарт.

Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда тәрбиелік жағдай жасау қарастырылады. Сол арқылы тәрбиеленушіні өзіне деген сенімі артып, қуаныш сезіміне бөленіп, адамгершілік істерден қанағат алады. Осы аталған ережелерді сақтау кейде қиынға түседі, өйткені ол тек шебер педагоггың ғана қолынан келеді.



Тәрбиелік үрдісті бағалау өлшемі. Тәрбиені жаңаша құру, оның өлшемдерін қайта саралауды қажет етеді.

Тәрбие үрдісін қандай өлшем арқылы өлшеуге болады? Тәрбие жайлы сөз еткенде оның өлшемдерін “тәрбие деңгейі”, “даму сатысы”, “шығармашылық даярлығы” деген түсініктерге сыйдырамыз.

171

1. Алғашқы мақсат — оқушының өзіндік дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге “педагогикалық жағдай жасау” керек, яғни оқушының басты қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасау. Осыған орай, біз тәрбиеші жұмысын бағалауға тиіспіз.



Негізгі өлшемдср:

— ұжымның психологаялық климаты, сынып, мектептегі рухани орта, әр оқушының психологиялық қауіпсіздігі;

~ мұғалім мен оқушы, оқушы мен пән мұғалімдері, оқушылар арасындағы қарым-қатынас (сенімі, сыйластығы, өзара көмегі);

— әр оқушыньщ ұжымдағы өзіидік бейнесі, өзіндік орны, өзіндік іе-әрекеті;

— оқушының психологаялық көңіл-куйі, ұжымдағы орны, өзіндік бағасы, ұжыммен үйлесімділігі, денсаулығы, “Мендік” бейнесі, “Мен тұжырымдамасы”;

— сыныптан тыс іс-әрекеттегі, қарым-қатынастағы, көркемдіктегі, әлеуметтік шығармашылықтағы жетістіктері.

Оқушының Адам болып қалыптасуына жағдай жасау. Мектептегі ортаның ізгілігі оқушыньщ қадыр-қасиетіи арттырады. Қайырымдылық, жақсылық қағидаларына сену. Бұл өлшемдер тест, анкета арқылы анықталады. Оқушының әлеуметтік сапасын да өлшеуге болады (ұжымдық, тұлга аралық қарым-қатынас, ортаға бейімделуі, бейімсіздігі).

2. Тұлғаның ішкі өзіндік ұстанымын - субъектінің ішкі сана-сезіміндегі механизмін анықтауға болады. Оқушының ішкі өзіндік үстанымы өзіне түсініксіз, оны бақылау қиын болғанымен, ол шынайы көрсеткіш — оқушының жүріс-тұрыс тәртібіне ықпал етеді.

А.Маслоу тұлғаның кейбір сапасын өзін-өзі дамытушы, өзін-өзі актуальдаушы дап атайды. Оған жоғарыда айтылган “өзіндік өмірлік ұстаным” жатады. Сонымен денсаулықты арттыратын, өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі ерекшелендіретін қасиеттер:

— өзін-өзі қабылдау (өзінің жауапкершілігін, өз болмысын анықтау) ішкі “Мен” бейнесінің үйлесімділігі;

— рефлексия қабілеті, өз сезімін, іс-әрекетін, жүріс-тұрысын басқара білу;

— өзін танып білу, психофизиологиялық мүмкіндігін ескеру: іс-әрекетін, қызметін, ұмтыл ысын, қабілетін, темпераментін, мінез-қүлық ерекшелігін білу;

172

— әлеуметтік ортадағы адамдарды қабыддап, оларға оң көзқарас білдіру;



— өзін-өзі құрметгеу, өз қадыр-қасиетін бағалай білу;

— белсенді, жаңа қарым-қатынастар құруға бейім білу, өмірлік мәселені шешу, қиындықтарға қарсы тұра білу алға қойған мақсатқа жету;

— өмірлік мақсатын іздеуге даяр тұру, жоғары тұлғалық құндьшықтарды іздеп, өмірдің мәнін түсінуге ізденіс жасау;

— көңіл-күй және ақыл-ой дербестігін, өмір жольн өздігінен таңдай білу;

— өмірді бағалап, бақытты бола білу.

Тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы, “ішкі саулығы” жоғарыда көрсетілгендей болса, онда тұлғаның әлеуметгк және адамгершілік саулығы қамтамасыз етіледі. Бұл сапалар адамды жетілдіреді, оның өзіне сенімін арттырьш, эмоционалды дербестігін қамтамасыз етіп, оны үрей-қорқыныштан сақтайды. Тұлғаның шынайы құндылығы ~ оның ішкі бостандығы, еркі, өзін қадірлеуі, арлы болуы, жарқын болашаққа сенуі, өзінің жағымсыз ісіне ұяла білуі-



Тэрбие жүйесінің принциптері. Біз тәрбие жүйесінің басты буындарын, адам табиғатын қамтитын негізгі әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін, яғни негізгі заңдылықтарын анықтадық. Педагогикалық жүйенің мақсаты, әдісі, іс-әрекеттер мазмұны, оқушылармеи жұмыс жасау, диагностика жүргізу қарастырылады.

Біз принципті белгілі қалыпқа салып қарастырмаймыз.Біз принципті тәжірибеден туындаған негізгі ереже, ол теорияға (әдіске) әсер етеді деп қарастырамыз, яғни ұстаз белгілі кеңістікте оқушылармен түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жасайтын технологияның жүйесін пайдаланады.Сол себепті төмендегідей принциптерді ұсынып отырмыз:

— баланың табиғи даму заңдылығына сүйену;

— даму үрдісінің біртұтастығын ескеру, тәрбиені дұрыс ұымдастыру;

— тәрбиелейтін іс-әрекет пен тәрбиеленушінің тәжірибесі;

— тұлғалық бағыт ұстану, баланың ішкі дүниесіне мен

беру;

— жас ерекшелігіне лайықты баланың қажеттілігіне саи іс-әрекет түрлері, олардың мазмұны, іс-әрекет түрлерін таңдау;



173

— педагогикалық ынтымақтастық, оқушы өмірінің мақсаты мен ұстаз мақсатының бірлігі;

— оқушыға қарым-қатынас арқылы құрмет білдіріп, рухани күш беріп үлгі-өнеге көрсету.

Тәрбие нәтижесін бағалау: Тәрбие нөтижесін бағалау өте күрделі іс, өйткені оқу мен тәрбие жігін ажырату өте қиын. Дегенмен де ұстаз еңбегін бағалау қажет. Осыған орай ұстаз еңбегі аттестациядан өткізіледі. Педагог еңбегін сапалық жағынан бағалау қажет.

Мектепте оқушыға “педагогикалық жағдай жасауды ұйым-дастырудың” сапасын қалай өлшеуге болады' Оқушыға “педагогикалық жағдай жасау” мәселесі сынып жетекшісінің қызметтік міндетінде көрсетілуі тиіс. Ол мектеп Жарғысында белгіленеді. Бұл ұстаздың жауапкершілігін арттырып, оны мектеп басшысы тарапынан қысымнан сақтайды.

Сынып жетекшісінің қызметтік міндетінде тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, философиясы, тәрбиешінің құндылық ұстанымы, алғы шаралары, мәдениеті, мамандық деңгейі көресетіледі.

Ұстаз еңбегінің нәтижесін төмендегі нүсқаулар бойынша анықтауға болады:

— сынып жетекшісінің қызметтік міндетін алдын-ала пікірлесу арқылы анықтау;

— тәрбие жұмысының жоспарын тексеру, ондағы басты көрсетекіш “педагогикалық бақылау бөлімі” ұстаз шеберлігінің белгісі;

— анкета мен сұрау-тапсырмаларды пайдаланып, қарым-қатынасты (тәрбиеші мен тәрбиеленуші, тәрбиеші мен ата-ана ара қатынасын) анықтауға болады;

— оқушыны әлеуметтендіруге қажетті жұмыс түрлері (үйірме, секция, клуб, т.б.);

— дәстүрлі бақылау (сынып сағатын қорытындылау, оқушының жүріс-тұрыс тәртібін, тәрбиелік іс-шараларды,, сыныптағы ұжымдық істерді жьш бойы бақылау).

Тәрбиеші жұмысын тексеруде кез келген тексеру түрлерін кешенді пайдалану керек. Ұстаздармен пікірлесу сабырлы, өзара түсіністік, достық ортада жүргізіледі. Әр ұстазға өз жүмысының нәтижесін талдап, өзіне-өзі баға бере білуін қарастырудың пайдасы зор. Мектеп басшысы тарапынан жүргізілетін бақылау үстаз шеберлігін шындауға түрткі болды керек.

174

3.3. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы



Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:

— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);

— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. - әлеуметгік ортасы);

— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).

Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.

Оқыту процесінде білім-білік, икем-дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады да, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп адамның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы қалыптасады. Осыдан келіп тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары туындайды:

1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту.

2. Жеке тұлғаның қоршаған ортаға гуманистік қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін калыптастыру.

3. Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіндегі ішкі қажеттіліктерін оятуға түрткі туғызу.

I. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:

— оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллеюуалдық жарыстар);

— пәндердің клубтық жә не үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);

— музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.

175


Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:

1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);

2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);

3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;

4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:

1 кезең — осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.

2 кезең — шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? — дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.

3 кезең — шығармашылық істің жүзеге асуы.

4 кезең — атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.

Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.

Тәрбие технологиясының кез — келгенінің ең маңызды кезеңі - қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.



2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік

176


нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:

• адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);

• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);

• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);

• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.

Оқу процесі барысында ғылым негіздерін оқу арқылы әдебиет пен өнер туындыларын, тарихи оқиғаларды, қоғамдық процестерді, ғылым негіздерінің өзара байланыстарын сезіну және ойша қорыту, ал әдеп этикасы негіздерін оқу арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік ойдың қалыптасуы жүреді.

Сабақтан тыс уақытта проблемалық — психологиялық жағдай туғызу, ұжымдық шығармашылық істер сыртқа саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу, спорттық жарыстар, ЕТЛ (еңбек-тынығу лагерлері), пәндік лагерлер, сыньштағы, мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Өзара көмек көрсету жағдайлары, адамгершілік сезімнің оянуына қажеттілік туғызатын оқиғаға талдау жасайтын ситуациялар өте маңызды орын алады. Сол себептен де оқу — тәрбие процесінде оқушылармен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі керек.



3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді қалыптастыру. Өздігінен жетілу — жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттердің терендей түсу процесі, адамның өзін жете түсінуі мен өзімен өзі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажеттілігі, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білуге жол ашатын жеке тұлғаның психологиясындағы күрделі процесс. Ол үшін мектепте оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын психологиялық консультациялар жүйесінің болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылардың ерік-сезімі аясының, олардың даму деңгейлерінің, кәсіби бағдарының

177


диагностикасын (социометрия) анықтау өте маңызды. Сол сияқты оқушыға өз бетінше еңбек ету барысында да өз орнын таба білуге көмектескен жөн. Бұл жерде мектептің ғылыми қоғамы мен жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.

Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын кураторлар үйымдастырады. Кураторлар сынып жетекшілерінен атымен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның атқаратын қызметінің терең мазмұнды өзгерістерімен де ерекшелінеді. Кураторлардың міндеттері өзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады. Олардың қатарына 4 психологиялық және 4 педагогикалық міндеттер жатады:

1. Әкімшіл куратор, бүл сынып жетекшісінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір оқушының сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.)-

2. Тәрбиеші куратор — бұл өзінің тәрбиешілік міндеттерін оқушылардың жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін оқушынын жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырушы педагог. Баланың жеке психологиялық ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызамыз:

а) баланың мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу: оның ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны.

ә) баланың отбасы туралы мәлімет: оның құрамы, білімі, баланың ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген қатынасы, отбасының психологаясы (мүмкіндігінше).

б) мектепте бала туралы не белгілі? (мәліметгер):

— мінез-құлық ерекшелігі;

— ерік-сезім сапасы;

— таным мүмкіндіктері мен қабілеті;

— баланың ұстанған бағыты;

— сабаққа, еңбекке қатынасы;

— қызығушылығы, бейімі;

— өзіне қатынасы;

— ұжымға қатынасы.

178


Тәрбиеші куратор сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысьшен айналысады. Кейде мұндай кураторларды міндетіне қарай “өз бетінше ойлаушы куратор” деп те атайды. Бұл басқа пән мұғалімдерімен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының жоқтығынан.

3. Байланыстырушы куратор, бұл өз сыныбында пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін, яғни оқушы-куратор-мұғалім арасын байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог тәрбиеші,

Куратор әрбір баланың психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы жағдайларын біле отырып, әрбір пән мұғаліміне жеке оқушылар мен қалай жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, . сондай-ақ пән мүғалімдері кураторларға ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп отыруды тапсырады.

4. Ұйымдастырушы куратор, бұл пән мұғалімдерін олардың сабақтарынан тыс уақытта сыныптағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып ұйымдастыратын тәрбиеші. Шығармашылық істерді бір сынып оқушыларымен ғана емес, бірнеше параллель сынып оқушьшарымен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады. ұйымдастырушы куратордың қызметі бірнеше кезеңдерден тұрады, нақтырақ айтсақ, бұл кезең немесе сатылар төмендегідей:

1 саты - куратор балалардың ұйымдастыру ісіндегі қолдауына сүйенбей, сыныппен жан — жақты жұмыс істейді, жұмысты өзі жоспарлайды, өзі ұйымдастырады, балалар өздері үшін жасалып жатқан жұмысқа ықыласты болады.

2 саты — куратор сыныптың кіші белсенді тобы болып табылатын референттік топпен жұмыс істейді, бірақ микро —псевдо-активтер болуы мүмкін.

3 саты — куратор өзінің жеке — референттік топтарымен жұмыс істейді, яғни олардың әрқайсысы шығармашылық істің белгілі бір бөлігі үшін жауап береді.

4 саты — куратор референттік топтардан тұратын сынып ұжымымен жұмыс істейді, мұндай жағдайда олар бірлескен қызметтерінде өзара тығыз байланыста болады.

Әрине, мүндай сызба өте тиімді, бірақ алғашқы үш сатыда ол шын мәнінде жүзеге асады да, ал сыныптағы

179


психологиялық ахуал өте жоғары деңгейде болса, онда ұжымды ұйымдастырудың 4 сатысы тиімді болмақ.

Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары (формалары). Тәрбие нысандарының жалпы сипаты мен классификациясы.

Педагогикалық әдебиеттер мен мектеп практикасына талдау жасау барысында мектеп мұғалімдерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар да тап болатыны байқалады. Бұл тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жеткілікті білімнің болмауынан және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктерінің жетіспеушілігіне байланысты тұындайды. Мұндай кемшіліктерді жеңу педагогикалық теорияны әлдеқайда сапалы меңгерумен ғана байланысты емес, сонымен бірге төрбие қызметін ұйымдастырудың кешенді, жүйелі әрі мақсатқа ұмтылған әрекеттерін меңгеруге де байланысты. Мұндай қиыншьшықтарды практикалық іс-әрекеттен тыс жеңу мүмкін емес.

Тәрбиенің күрделі және әрқырлы міндеттерін педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын кешенді пайдалану жолымен шешуге болатынын белгілі ғалым П.И.Пидкасистый атап көрсетеді.

Тәрбие нысандары (тәрбие жұмыстарының формасы) — бұл нақты тәрбие үрдісін ұйымдастыру нұсқалары; тәрбие шараларының композициялық құрылысы (построение). Олар әрқашан да тәрбие мазмұнымен байланысты болып отырады.

Нысан (форма) дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі. (Философиялық сөздік, М.,1989, с. 595) В.И.Дальдың “Толковый словарь живого великорусского языка” (М., 1991, с. 537) атты сөздігінде “форма”, яғни нысан — образ сияқты белгіленген тәртіп деген анықтама берілген.

Мектеп тәжірибесінде кейде тәрбиенің ұйымдастыру нысандары деп те айтады. Яғни, бұл сонымен бірге тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру тәсілдері деген түсіндіреді де қамтиды.

Тәрбиенің бір ғана ұйымдастыру нысанын үнемі пайдаланып отырудың өзі тәрбиенің тиімділігін әлсіретіп жібереді. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары

180


мазмүны жағынан неғұрлым бай әрі әрқырлы болып келсе, солғұрлым ол тиімдірек болмақ.

Мұғалім оқушылармен өткізетін төрбие нысандарын қаншама көп қырлы етіп тандағанмен, ақылды, әсерлі, ойлы да өткір тілмен жүргізген оның әнгімесіне ешнәрсе жетпейді.

Белгілі педагог В.А.Караковский соңғы жылдары ізденімпаз энтузиаст мұғалімдердің оқушылардың бос уақыттарын өткізуге арналған тәрбие шаралары нысандарынан төрт мыңға жуық түрлерін ойлап тапқандарын атап көрсетеді. (Қараңыз: Караковский В.А. Любимые мои ученики. М.,1987, с.27).

Сондай-ақ тәжірибеде тәрбие шаралары деген анықтама да кеңінен қолданьшып жүр. Шаралар — белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған әрекеті.

Тәрбиенің күрделі үрдісін мүғалімнің бір ғана нысанға бағыттай жүргізуіне болмайды. Кезінде А.С.Макаренко тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру нысаны өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайтынын айта келіп “Никакое средство педагогическое, даже общепринятое..., не может быть признано всегда абсолютно полезным... Никакое средство нельзя рассматривать с точки зрения полезности или вредности, взятое уединенно от всей системы средств... никакая система средств не может быть рекомендована как система постоянная” (Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Соч. т. V. с. 117) дейді.

Тәрбие жұмысы нысандарының көпқырлылығы, олардың жүйесі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің көпқырлылығына, оның жан-жақты дамуына сәйкес келеді.

Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие жұмысының нысандарын классификациялауда бірыңғай бағыт жоқ. Оқушылардың қалай ұйымдасқанына байланысты тәрбиенің ұйымдастыру нысандарының неғұрлым кеңірек таралған классификациясына мыналар жатады: бұқаралық сипатты нысандар, (бүкілсыныптық немесе бірнеше сыныптық), үйірмелік сипатты нысандар (топтық), жекеше сипатты нысандар (жеке балалармен өткізілетін). Сол сияқты тәрбие әдістеріне байланысты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: сөз арқылы өткізілетін нысандар (лекциялар, оқырмандар конференциялары, диспуттар, кездесулер, ауызша журналдар, т.б.);

181


практикалық нысандар (саяхат, экскурсиялар, спартакиадалар, конкурстар, үйірмелер, еңбекке қатысты жұмыстар және т.б.); көрнекі нысандар (мектеп музейлері, тақырыптық стенділер, көрмелер және т.б.).

Соңғы уақытга көптеген жаңа ұйымдастыру нысандары пайда болды. Солардың ішіндегі сынып жетекшісінің (тәрбиешінің) тәрбие жұмыстарының бағыттарымен сәйкес келетін тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтауға әрекет жасауы көңіл аударарлықтай. Мысалы, оқушылардың танымдық — дамытушылық қызметін ұйымдастыруға мынадай нысандар лайықты: викторина, білім аукционы, “Бәрін де білгім келеді” деген клубтың отырысы, жобалар конкурсы, эрудиттер конкурсы, интеллектуалдық конкурс, іскерлік ойындары, білім байқауы, оқушылардың ғылыми конференциялары, тапқырлар мен фантазерлар конкурсы, шешендік өнер сайыстары, кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары (оқырмандар конференциялары және т.б.), ауызша журнал, практикалық сабақтар, оқушылардың ғылыми ұйымдары, т.б.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.

Педагогикалық тәжірибе оқушыларға кәсіптік бағдар беруде төмеңдегідей тәрбие нысандарының лайықты екенін танытып отыр: “Мамандықтар әлемінде”, “Мамандықты қалай таңдау керек?” деген тақырыптарда әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру, өндіріс орыңдарына саяхаттар жасау, “Кімнің мамандығы ең жақсы мамандық?” деген тақырыпта конкурс - ойын өткізу және т.б.

Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сыныптык дискокеш ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба

182


журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады.

Сол сияқты дене тәрбиесіне байланысты жан-жақты қолдануға болатын ойын типтерін де атауға болады: “Көңілді старттар”, кіші олимпиадалық ойындар, туристік саяхаттар мен эстафеталар, әртурлі спорт өкілдермен кездесулер, спорт тақырыбындағы кештер, гигиена, денсаулық және дене мәдениеті туралы әнгімелер мен сұхбаттасулар және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет