«ALIKHAN BOKEIKHAN» UNIVERSITY
Гуманитарлық факультет
Филология кафедрасы
ОЖСӨЖ № 1
Тақырып: Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы
Орындаған: Мейрамғалиева Ақбота
Топ: АЯ-303
Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы
рәміздер
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – бір ғана сөзден құралғаны бір ғана сөзден құралғанымен, ұғымы мен түсінігі өте ауқымды әрі күрделі болғандықтан, оны белгілі бір мағынаны білдіреді деп айту қате.
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
.
.
Семиотика – белгілер мен таңбаларды иконалар мен символдарды, яғни бір сөзбен айтқанда белгілердің белгілік жүйесің сақталуын зерттейтін ілім. Семиотика адам мен әлем арасындағы ара – қатынас.
Мәдениеттік семиотика – семиотиканың бөлімі, адамның өмір жүйесіндегі белгілер мен таңбалардың,символдық формалардың өзгеруін зерттейтін ғылым
Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың, айтарлықтай бөлігі өзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз-таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған, тұлғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз-үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейлестігін «Басқаны түсіну үшін алдымен өзіңді таны!» деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады.