Alikhan bokeikhan university осөЖ № ХХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениет пен ғылым



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі461,3 Kb.
#123250
1   2   3   4
Байланысты:
7 апта тарих

Партияда қарастырылғандар:


1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы керек.
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті
Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті.
Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті.
Күләш Байсейітова
Қалибек Қуанышпаев
Шәкен Айманов
Серке Қожамқұлов
Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет