Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Дауысты-дауыссыз тіркестер



Pdf көрінісі
бет145/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

Дауысты-дауыссыз тіркестер
Егер тіркес құрамындағы дыбыстардың орнын ауыстырсақ, орын 
тәртібі бөлек жаңа тіркес аламыз, бірақ дыбыс құрамы бірдей. Сон-
дықтан олардың артикуляциялық сипаттамасын қайталап жатпаймыз. 
Мәселе – енді дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған 
ат
тіркесінің фонетикалық сипаты қандай болатынын табу. 


223
Тіркес құрамындағы дыбыстардың жасалым-айтылым белгілерінің 
жүйесі.
а – кілт аяқталым тіл арты (ашық) езулік қысқа
т – нық басталым кейінді (ашық) езулік созылыңқы
Дауыстының аяқталуы мен дауыссыздың басталуына ортақ 
белгі – бірінің кілт аяқталып, екіншісінің нық басталуы, дауыстының 
тіл арты және дауыссыздың кейінді болып айтылуы (атау ретіндегі 
айырмашылығы болмаса, ұғым ретінде өзара мәндес), екеуінің де езулік 
қалпы. Сонда тіркестің артикуляциялық жағынан кірігіп айтылуына 
осы белгілер себеп болып отыр. Бірінің қысқа, бірінің созылыңқы 
айтылуы дыбыс тіркесінің табиғатына әсері жоқ. Сондықтан оны бұл 
жерде ескермейміз.
Бірақ дауыссыз-дауысты тіркесі мен дауысты-дауыссыз тіркесін 
салыстырғанда айырым белгі ретінде пайдалануға тура келеді.
та – лепті аяқталым/ кілт басталым кейінді/тіл арты қысқа/
созылыңқы
ат – кілт аяқталым/нық басталым тіл арты/кейінді қысқа/созылыңқы
Сонда орын белгілерінің ауысуына қарай өзгерістерге қоса 
дауыстының созылыңқы-қысқа, ал дауыссыздың қысқа-созылыңқы 
айтылуы маңызды екен. Езулік белгі екі тіркеске де ортақ болғандық-
тан, оны бұл жерде ескермей отырмыз.
Дауыссыз-дауыссыз тіркестер
Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дауыссыздардың өзара 
тіркесі жеке фонетикалық құбылыс ретінде қарастырылып келді. 
Біз де осы қағиданы ұстанып, дауыссыздар тіркесін өз алдына бөліп 
қарап отырмыз. Ал шындығында, артикуляциялық (физиологиялық) 
жалғастық тұрғысынан алып қарайтын болсақ, онда дауыссыздардың 
тіркесін өз алдына бөліп қарау мүмкін емес. Дауыссыздарды тіркес 
ретінде бөліп алып айту үшін тіркестің не алдынан, не соңынан [ы/і] 
тектес бейтарап қыстырма дауысты қосып отыруымыз керек. Өйткені 
тіркес құрамындағы дауыссыздар артикуляциялық тұрғыдан өзара 
кірігіп айтылу үшін белгілі бір фонетикалық жағдаят керек болады. 
Ондай фонетикалық жағдаят тіркестің басын біріктіріп отыратын
үстеме жасалым белгілерге байланысты. Ал мұндай бейтарап фоне-
тикалық жағдаят мәтіннің барлық тұсына дәл келе бермейді. Ендеше, 
біздің дауыссыздар тіркесі деп бөліп алып жүрген тіркестеріміз сөйлеу 
үстіндегі тілдік ақиқат емес, ғылыми талдаудың амалы ғана болып 


224
шығады. Мысалы, 
сырт
дегендегі 
рт
тіркесі мен 
сарт
дегендегі 
рт
тіркесі фонетикалық тұрғыдан тең емес. Негізгі артикуляциялық 
белгілері ортақ болғанымен, оларды тіркес ретінде ұйыстырып тұрған 
үстеме белгілер бірдей болмайды. Бұл жерде дауыссыздардың тең 
дыбыс құрамын арнайы алып отырмыз.
Олардың тіркес ретінде ұйыстырып тұрған фонетикалық белгілерін 
табу үшін тіркестің өзін бөліп алып қарау жеткіліксіз. Тіркес тұрған 
фонетикалық қоршауды түгел талдап шығуымыз керек. Ендеше, 
дауыссыз тіркеске дейін сатылап жетуімізге тура келеді. 
Жоғарыда дауыссыз-дауысты тіркесінің фонетикалық табиғатын 
анықтадық. Сол жолмен 
сырт
сөзінің құрамындағы 
рт
тіркесінің 
артикуляциясы мен акустикасын талдап шығамыз. Талдаудың сатылы 
желісі 
сы ››› сыр ››› сырт
болып шығады. Өйткені бір дегеннен 
рт
тіркесінің нақты артикуляциялық үлгісін таба алмаймыз.
Жаңадан кездесіп отырғандықтан сөздің дыбыс құрамын түгел 
талдаудан бастаймыз. Алғашқы дауыссыз: тілдің ұшы арқылы 
жасалады; тілдің ұшы мен тістің өзара жуысуы арқылы жасалады; 
дауыс желбезегі қатыспайды (тербелмейді), ерін қысаң ашылады. 
Сонда дауыссыз жасалу орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай 
жуысыңқы, дауыс қатысына қарай қатаң (тек салдыр), ерін қатысына 
қарай қысаң езулік болып шығады. 
Келесі дауыстымен артикуляциялық тұрғыдан кіріктіріп тұрған да 
осы соңғы белгі болып табылады.
Сөйтіп, негізгі артикуляциялық белгілердің бәрі қысаң езулікке 
икемделіп жасалады. Дауысты болса: тілдің ауыз қуысында жоғары 
жатуы арқылы жасалады, тілдің ауыз қуысында кейін шегініп жатуы 
арқылы жасалады, еріннің қысаң ашылуы арқылы жасалады. Сонда 
дауысты тілдің тік қалпына қарай қысаң, көлденең қалпына қарай 
тіл арты, ерін қатысына қарай қысаң езулік болып шығады. Келесі 
дауссызды түгел талдап жатпаймыз, тек оның тілдің ұшы мен тістің 
бір тоғысып, бір жуысуы арқылы жасалатынын, сондықтан ол діріл 
жуысыңқы дауыссыз болатынын атап өтеміз. Қалған белгілерінің ішінде 
үстеме артикуляциясының қысаң езулік болатынына мән береміз (екінші 
қатар). Соңғы дауыссыздың үстеме артикуляциясы өзіне бұрынғы тұрған 
дауыссыздың үстеме артикуляциясымен үйлесіп шығады, сөйтіп өзара 
кірігіп барып, тұтас тіркеске бірігеді. Енді 
сырт
сөзінің құрамындағы 
рт
тіркесінің фонетикалық белгілері түгел анықталды.


225
р – тіл ұшы діріл жуысыңқы үнді (қысаң) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (қысаң) езулік
Сөз соңындағы 
рт
тіркесі төл дыбыс тіркесі аталу үшін осы 
белгілер түгел жинақталып, тіркес бойынан табылу керек.
Тіркес құрамындағы дауыссыздардың «қысаң» белгісін әдейі 
жақшаға алып отырмыз, өйткені оған төменде тағы ораламыз.
Енді 
сарт
сөзінің құрамындағы 
рт
тіркесіне келейік. Жоғарыдағы 
тіркестен айырмашылығын көрнекі көрсету үшін талдауды толық 
жүргіземіз. Сөз басындағы дауыссыз тіл ұшы арқылы жасалады; тіл 
ұшы мен тістің жуысуы арқылы жасалады; дауыс желбезегі тербелмейді 
(жоғарыдағы артикуляциялық белгілерді түгел қайталап шықан 
сықылдымыз), еріннің кең ашылуы арқылы аяқталады. Сонда дауыссыз 
жасалу орнына қарай тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы, дауыс 
қатысына қарай қатаң (тек салдыр), ерін қатысына қарай ашық езулік 
болып шығады. Дауыстыға келетін болсақ тілдің ауыз қуысында төмен 
жатуы арқылы жасалады; тілдің ауыз қуысында кейін шегініп жатуы 
арқылы жасалады; еріннің кең ашылуы арқылы жасалады. Сонда 
дауысты тілдің тік қалпына қарай ашық, тілдің көлденең қалпына қарай 
тіл арты, ерін қатысына қарай ашық езулік болып шығады. 
Келесі дауыссыздар алғашқы талдаудың ретімен сипатталып 
шығады, айырмашылығы үстеме белгі ретінде ашық езулік 
артикуляциясы қатысады. 
Енді 
сарт
сөзінің құрамындағы 
рт
тіркесінің фонетикалық 
белгілері түгел анықталды.
р – тіл ұшы діріл жуысыңқы үнді (ашық) езулік
т – тіл ұшы тоғысыңқы қатаң (ашық) езулік
Сөз соңындағы 
рт
тіркесі төл дыбыс тіркесі аталу үшін осы 
белгілер түгел жинақталып, тіркес бойынан табылу керек.
Жоғарыда «қысаң» белгісін әдейі жақшаға алғанымызды айтқан 
болатынбыз, бұл жерде «ашық» белгісін жақшаға алып отырмыз. 
Өйткені екі сөздің құрамындағы 
рт
тіркесінің айырым белгісі ретінде 
ашық езулік/қысаң езулік белгілері түсіп отыр.
рт – тіл ұшы діріл/тоғысыңқы үнді ашық езулік
рт – тіл ұшы діріл/тоғысыңқы үнді қысаң езулік
Қазақ тілінің айтылым үлгісі тұрғысынан қарағанда кез келген 
дыбыс тіркесінің фонетикалық өзара тіркесу заңдылығы бар екен. Сол 
заңдылықтар қатаң сақталғанда ғана дыбыс тіркестері қазақ тілінің төл 


226
тіркестері болып шығады. Егер тіркес құрамындағы белгілердің бірі 
бұзылса, онда тіркестің де төл айтылымы бұзылып, ол қазақ тілінің төл 
тіркесі болмайды.
Жазба тіркестен айтылым тіркестегідей фонетикалық төл белгілер 
аңғарылмайтынын әрқашан ескеріп отыру керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет