Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Қазақ тілі дауыстыларының осы жасалым моделіне енбеген



Pdf көрінісі
бет31/225
Дата17.11.2023
өлшемі10,2 Mb.
#191772
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   225
Байланысты:
Жүнісбеков

Қазақ тілі дауыстыларының осы жасалым моделіне енбеген 
дыбыстар төл дыбыстар қатарына жатпайды.
Сөйтіп төл-кірме 
дауыстылардың басын ажыратып алуға болады.
Сонымен, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жасалым моделі 
дауыстылардың арасында қатаң жүйе бар екенін көрсетті. Кез келген 
дауыстының бір белгісі ауысса, екінші дауысты пайда болады. Мысалы,
А дауысты дыбысы «ашық» белгісінен айырылса, онда бірден қысаң 
Ы дауыстысына айналып кетеді; «тіл арты» белгісінен айырылса, онда 
бірден тіл ортасы Ә дауыстысына айналып кетеді;


47
Сол сияқты Ы дауысты дыбысы «қысаң» белгісінен айырылса
онда бір дегеннен ашық А дауыстысына айналып кетеді; «тіл арты» 
белгісінен айырылса, онда бір дегеннен тіл ортасы І дауыстысына 
айналыа кетеді.
Сол сияқты Ы дауысты дыбысы «езулік» белгісінен айырылса, 
онда бір дегеннен еріндік Ұ дауыстысына айналып кетеді; керісінше, 
Ұ дауысты дыбысы «еріндік» белгісінен айырылса, онда бір дегеннен 
езулік Ы дауыстысына айналып кетеді.
Сол сияқты І дауысты дыбысы «езулік» белгісінен айырылса, онда 
бір дегеннен Ү дауыстысына айналып кетеді; керісінше, Ү дауысты 
дыбысы «еріндік» белгісінен айырылса, онда бір дегеннен езулік І 
дауыстысына айналып кетеді.
Сол себепті дауыстылардың модельдегі орны тұрақты, 
жасалымында (артикуляциясында) ауытқулар болмайды. 
Қазақ 
тілінде орыс тіліндегідей сапалық босаңсудың (качественная 
редукция) байқалмайтындығы (жоқтығы) сондықтан.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының текше моделінің талданымын 
одан әрі жалғастыруға болады.
Текше модельдің төменгі «еріндік» қабырғасындағы екі бұрыш 
бос тұр. Сол бос орындарда болуы мүмкін жалаң дауыстылар: 
ашық, 
тіл арты, еріндік
жалаң дауысты және 
ашық, тіл ортасы, еріндік
жалаң дауысты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет