Алып Ер Тұңға- түркі мемлекетін басқарған көсем



бет3/3
Дата27.02.2023
өлшемі29,3 Kb.
#170298
1   2   3
Байланысты:
Алып Ер Тұңға тттт

«Арман-ПВ» баспасы

Алып Ер Тұңға өлді ме?


Жаман дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар.
Замана сәтін түзетті,
Ұрысы құрды тұзақты.
Бектер бегін аздырды,
Қалай қашып құтылар?
Заман күні тебірентер,
Пенденің күшін кемітер.
Әлемдегі ерді сиретер,
Қашса, тағы қуалар.
Әдеті нақ осындай,
Бұдан басқа бар себеп.
Дүниеге қарап оқ атса,
Таулардың басы кертілер.
Шеңгелін ажал салды ма?
Алып Ер Тұңғаны алды ма?
Сұм дүние артта қалды ма?
Қайғылы жүрек жыр тылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты.
Бектердің бегін сұлатты,
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зарлады,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұр майды,
Құтылмас ешкім ажалдан.

Тәңірім торын құрғанда,


Тұтыл май адам тұрған ба?
Кертілер алып шыңдарда,
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажал мен тәңірім сынаған,
Тұ ра алар қар сы кім оған?
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қай ғы ға қа ма лып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыр тып жағасын
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады,
Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет