Сабақ – сыныптағы барлық оқушылардың қатысуы міндетті, қатаң
сабақ кестесі бойынша жүйелі түрде жүргізілетін оқу түрі.
Лабораториялық-практикалық сабақ – бұл да міндетті оқу түрі, бірақ
бұл сабақ түрін өткізуге арнайы жабдықталған кабинет және құрал-
жабдықтар талап етіледі.
Үй жұмысын ұйымдастыру – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу
материалдарын қайталау мен бекіту мақсатында және сондай-ақ оқушы-
лардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған өз бетінше
орындалатын жұмыс.
Экскурсия – ерекше сабақ түрі, мектептен тыс орындарда өтіледі;
арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия сыныпс сабағының бір бөлігі,
сондай-ақ сыныптан тыс сабақ түріне де жатады.
Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері – оқу бағдарламасына
сәйкес бүкіл сыныпс бойынша табиғатқа бақылау, мектеп маңындағы тә-
жірибе алаңындағы жұмыстар, географиялық алаңдағы жұмыстар, тірі
табиғат бұрышындағы тақырыптық жұмыстар және бағдарламадан тыс
бәріне міндетті емес сыныптан тыс жұмыстармен үйлесетін түрлері.
Сыныптан тыс жұмыстар
– оқушылардың өз бетінше, өз құштарлы-
ғымен айналысатын, үйірме мүшелерімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Әр оқу формасы мектепте білім беру жүйесіне кіретін, бірін-бірі то-
лықтырады және пәннің материалдарын толық, жан-жақты меңгеруге
мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы
әсіресе, сабақтан тыс жүргізілетін мысалы, экскурсия, түрлі бағыттағы
үйірмелер, факультативтік сабақтардың көмегімен артады. Ендеше, бі-
лім беру үрдісінде білім, тәрбие, дамыту мақсаттары бірін-бірі толықтыра
түсетін түрлі оқыту формаларын үйлесімді қолдану жағдайында ғана
жүзеге аса алады.
Қоршаған айнала сабақтары бастауыш сыныпта оқытылатын басқа
пәндік сабақтардан өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Дүниетану сабақта-
рында мұғалім қоршаған айналаны ғылымдарын меңгертуге арналған
оқыту әдістері қолданады, ол өз кезегінде жоғарғы сыныптарда физика,
география, биология, химия пәндерін оқып үйренуге жоғары деңгейде
мүмкіндік жасайды. Бұл әдістер табиғат объектілері мен құбылыстарды
бақылау, практикалық жұмыстар мен тәжірибе қою (жасау), экскурсия ке-
зіндегі түрлі жұмыстар және т.б. Нәтижесінде жаратылыс құбылыстары
мен заттарын толық тани отырып, олардың себебін де түсіндіріп, жан-
жақты талдап, қорытындылауға машықтанады, бұл баланың белгілі
деңгейде білімінің кеңеюіне және оның логикалық ойлау қабілетінің
қалыптасып, дамуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: