кезінде тәулік уақытына, мезгіліне, ауа райына, басқа да күтпеген жағ-
дайларға байланысты объектіге бару және көру мүмкін емес болғанда
объектімен танысудың уақыт шектеулілігі туындайды.
Экскурсияны көп мөлшердегі объектілерге барумен шамадан тыс
асыруға болмайды. Бұл оның ұзақтығын көбейтіп, туристердің шарша-
ғандығын тудырады. Әдетте, қалалық экскурсияның ұзақтығы 2 сағат,
бұл жағдайда экскурсанттар 15 объектіні ғана қызығушылықпен қарайды.
Объектілердің жиынтығы экскурсия тақырыбына, оның мазмұнына және
де экскурсиялық топтың құрамына байланысты жасалады.
Шолу экскурсиясы тек қана мүсін ескерткіштері және монументтерді
көрсетілуінде құрастырылуы дұрыс емес болып саналады. Экскурсия
объектілерін көрсетілуін біркелкіліктен тыс болу керек. Егер маршрутқа
ғимарат және көше, алаң, тарихи орындар, табиғат объектілері басқа да
назар аударарлық орындарының көрсетілуі болмаса экскурсанттардың
әсері толық емес болады.
Объектінің паспортына енгізіледі:
Объектінің атауын (бастапқы және қазіргі)
Тарихи оқиғаға байланысты, оқиға датасы
Орналасуы, пошталық адрес, олардың қандай территорияда орна-
ласқаны (қала, село)
Сипаттама (оған әкелетін жол, автор, құрылыс датасы, қандай ма-
териалдардан
жасалған, мемориалдық жазбалардың
мәтіні
Мағлұматтардың қайнар көзі (әдебиет қай жерде белгіленген және
оған байланысты оқиғалар, мұрағаттық мәліметтер, негізгі баспа жұмыс-
тары және жарияланбаған жұмыстардың сақталу территориясы)
Сақталуы (оның орналасқан жердегі территория жағдайы, ең соңғы
жөндеудің мерзімі, реставрация) сонымен қатар, күзет (кімге міндеттел-
ген)
Қандай экскурсияларда қолданылады;
Төлқұжаттың жасалған уақыты, жасаған адамның тегі және лауазы-
мы. Төлқұжатқа объектінің қазіргі және бұрынғы түрі, фотосуреті, қосыла-
ды. Мысалы, архитектуралық (ғимарат) ескерткіштерінің төлқұжатына
оның ішіндегі мүсіндер барлығы, қыш тақташалар, декоративті әсемдік-
тер (сыртқы және ішкі), ғимараттың конструкциясы және түрі жайындағы
ақпарат, оның техникалық күйі (сақталу дәрежесі) кіреді.
Ел аймақтарында экскурсиялық объектілерге паспорттың болуы, жа-
ңа сапалы тақырыптарды әзірлеуге, тарихи ескерткіштерді, Қазақстан
Республикасының азаматтарын адамгершілікке тәрбиелеуді кең қолда-
нуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: