Алипбаева Г. А., Нурова А. К


  Бақылау күнделігімен жұмыс



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата19.05.2020
өлшемі1,67 Mb.
#69583
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі

2. 
Бақылау күнделігімен жұмыс 
"Бақылау  күнделігінде"  әр  ай  сайын  бір  пейзаждың  суреттері  беріл-
ген, онда оқушылар осы айға тән маусымдық өзгерістерді атап өтуге тиіс. 
Мұндай  жұмыс  балалардың  бақылаушылығын  жаттықтырады,  әсіресе 
мұғалім оларға бейнеленген жерді  өздерінің тұрған жерімен салыстыру-
ды ұсынса. Күнделік тапсырмалары бойынша жұмыс жасай  отырып, ба-
лалар  жапырақтардың  түсуі,  бірінші  аяз,  алғашқы  қар,  ең  ұзын  және  ең 
қысқа күн және т.б. табиғи құбылыстарға назар аударады. 
Тапсырмалар балаларға бұрын белгісіз және жаңалықтарды көруге, 
қыстайтын  құстар  туралы  білуге,  оларға  қалай  және  неге  көмек  көрсету 
керек екендігі туралы білуге көмектеседі. Тапсырмалар балаларға бұрын 
білмеген  және  және  білімдерді  білуге,  қыстайтын  құстар  туралы  білуге, 
оларға  қалай  және  неге  көмек  көрсету  керек  екендігі  туралы  білуге  кө-
мектеседі. 
Бөлме  өсімдіктерін  күтуге  арналған  арнайы  мәліметтер  бар,  сол  бі-
лімді практикалық сабақта қолданған жөн 
Күнделікте күзде жүргізілетін жұмыстар тізімі беріледі,  олар  бақтар-
да, саябақтарда, скверлерде өтіліп баланың өзі байқағандарды атап көр-
сету ұсынылады.
 
Оқушылар тек үй маңындағы, жақын маңдағы саябақта 


немесе  скверде  жұмысты  бақылап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оларға 
белсенді түрде қатысуы керек.
  
Күнделіктің бірқатар тапсырмалары мен суреттері екінші сынып оқу-
шыларына табиғатты қорғауда, оған қамқорлық жасауды ұсынады. 
Жыл соңында екінші сынып оқушылары жалпы қорытынды шығарып, 
белгіленген жерде күз, қыс, көктем қанша ай жалғасқанын анықтайды. 
Күнделікте  жазға  тапсырмалар  берілді  (маусым,  шілде,  тамыз).  Мұ-
ғалім міндетті түрде демалыс кезінде балаларға бақылау жүргізуді және 
күнделікте бар тапсырмаларды орындай отырып жазуды ұсынады. 
2 сыныпта мұғалім оқушыларға әр түрлі жыл мезгілдерінде аспанда 
күннің  әр  түрлі  биіктікте  болатыны  туралы  түсінік  береді.  Ол  үшін  мұға-
лімнің  басшылығымен  екінші  сынып  оқушылары  әр  айдың  жиырмасын-
шы  күнінде  белгілі  бір  уақытта  көкжиек  сызығының  үстіндегі  күннің  қан-
дай  биіктікте  екенін  бақылап,  оның  биіктігін  ағаштың  биіктігімен  немесе 
жанында  тұрған  үйімен  салыстырады.  Оқушылар  қыркүйек  айынан  бас-
тап  күннің  көзі  төмендей  көкжиектің  үстіне  көтерілгенін  байқайды,  ал 
желтоқсан  айынан бастап аспанда біртіндеп жоғары тұратынын байқай-
ды. Айта кететін жағдай Күннің көзі көкжиектен жоғары көтерілген сайын, 
күн  соғұрлым  ұзақ  болады;  күннің  көзі  төмен  болса,  күн  қысқа  болады. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  күн  көкжиектен  төмен  көтерілсе  соғырлым 
суық болады 
Жеке бақылау күнделіктерінен басқа оқушылар табиғат пен еңбектің 
жалпы сынып күнтізбесін жүргізеді. Екінші сынып оқушыларына екі жылға 
есептелген (II және  III сыныптар) жалпы сынып күнтізбесін жүргізуге бо-
лады. 
Күнтізбенің  әрбір  бағанын  екі  бөлікке  бөлу  керек,  біріншісі  – 
ағымдағы  жылы,  екіншісі-келесі  жылы.  Күнтізбені  мұндай  жүргізу  ауа-
райының  жыл  сайынғы  маусымдық  өзгерістері  туралы  қорытынды  жа-
сауға  мүмкіндік  береді.  Күн  сайынғы  бақылаулардан  басқа,  балалар  та-
биғи  құбылыстар  мен  объектілерді  экскурсияларда,  пәндік  сабақтарда 
және арнайы көрнекі құралдармен пайдалана отырып бақылайды 
Бақылау қорытындысын шығару кезінде әдетте салыстыру әдісі қол-
данылады.  Мысалы,  оқушылар суға  қойылған  бұтақтардың және мектеп 
жанындағы  өсіп  тұрған  ағаштардың  бұтақтарының  бүршік  ату  мерзімде-
рін; ашық және бұлтты күндер санын; 0°  - ден жоғары және 0° – ден тө-
мен температуралы күндер санын салыстырады. 
Осылайша,  біз  2  сыныпта  табиғатты  тану  сабағында  зерттеудің  не-
гізі бақылау болып табылатындығын көреміз. Бақылау нәтижесінде екін-
ші сынып оқушылары келесі дағдыларды меңгереді: бақыланатын объек-
тіні  немесе  құбылысты  ауызша  сипаттау,  өсімдіктер  жағдайының  ауа 
температурасының өзгеруіне тәуелділігін анықтау, термометр көрсеткіш-
терін анықтау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет