Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы



бет2/17
Дата25.12.2016
өлшемі3,35 Mb.
#5076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Арстан ГАЗАЛИЕВ, ректор Карагандинского государственного технического университета, академик НАН РК

Большой вклад в развитие страны
Развитие системы инженерного образования и современных технических специальностей – одна из важнейших задач, поставленных в Стратегии «Казахстан-2050».

В годы интенсивного подъема индустрии Центрального Казахстана, 60 лет назад был создан первый в Центральном Казахстане и второй в Казахстане технический вуз – Карагандинский горный институт. Мы с особой гордостью говорим о том, что это вуз Первого Президента РК, так как основы высшего технического образования Нурсултан Назарбаев получил именно здесь. 1 декабря 2012 года, в День Первого Президента Республики Казахстан, Нурсултан Абишевич посетил КарГТУ, о чем свидетельствует сделанная им собственноручно запись в Книге почетных гостей: «Я горжусь, что учился в этом учебном заведении – кузнице инженерных кадров для всего Казахстана».

Первый набор в Карагандинский горный институт был осуществлен в 1953 году. 200 студентов поступили на специальности «разработка месторождений полезных ископаемых» и «строительство горных предприятий и горная электромеханика». В 1958 году вуз был преобразован в политехнический институт и в последующем обеспечил промышленное развитие индустриального Центрально-Казахстанского региона.

Со временем КарПТИ внес большой вклад в развитие высшего технического образования страны. Именно на основе филиалов КарПТИ были созданы Карагандинский индустриальный университет, Балхашский гуманитарно-технический институт, Жезказганский университет им. О. Байконурова. Кокчетавский филиал КарПТИ вошел в состав Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова, а Петропавловский – в состав Северо-Казахстанского государственного университета им. М. Козыбаева.

За успехи в подготовке специалистов для народного хозяйства и выполнение научных исследований Указом Президиума Верховного Совета СССР в 1976 году Карагандинский политехнический институт был награжден орденом Трудового Красного Знамени. А в 1980 году КарПТИ стал лидером в социалистическом соревновании. В нем участвовало 870 вузов, победителями же были признаны только два – МГУ им. М. Ломоносова и КарПТИ. В 1996 году институт был реорганизован в Карагандинский государственный технический университет.

Становлению и развитию вуза на разных этапах способствовали ректоры: Юнус Нурмухамедов, Абылкас Сагинов, Александр Лазуткин, Геннадий Пивень. Каждый из них был представителем своего поколения, сделал многое для повышения качества подготовки специалистов. Трудно переоценить выдающийся вклад Героя Социалистического Труда, дважды лауреата Государственной премии РК, академика НАН РК, профессора Абылкаса Сагинова, который руководил Карагандинским политехническим институтом 33 года. В признание заслуг патриарха высшего образования и горной науки 21 декабря 2012 года на площади перед главным корпусом КарГТУ был установлен памятник.

Мы по праву гордимся выпускниками. Их за эти годы подготовлено более 75 000 – целое созвездие талантливых государственных деятелей, ученых, организаторов науки, образования и производства. Университет динамично развивается, не почивая на лаврах славного прошлого. В КарГТУ разработана уникальная модель патриотического воспитания студентов на примере Первого Президента РК, которая широко апробирована и рекомендована МОН РК к реализации в вузах республики. В 2008 году создан первый в Казахстане Корпоративный университет, включающий 87 крупных промышленных предприятий, научных организаций и вузов Казахстана, России, Китая, Беларуси и Узбекистана. Ныне Корпоративный университет стал локомотивом дуального обучения, реализующего принцип тесной взаимосвязи теории с практикой для приобретения необходимых компетенций. Предприятия принимают активное участие в разработке образовательных стандартов, учебных планов и программ.
Ориентация образовательного процесса на международные стандарты предусматривает глубокую интеграцию и единение триады «образование – наука – инновации». Успешно работает в вузе инновационный научно-технический комплекс, включающий более 50 НИИ, научных лабораторий и центров, малых внедренческих предприятий. Объем НИР, выполненный этими инновационными подразделениями в 2012 году, составил 1,4 млрд. тенге. Целевая подготовка специалистов по 26 специальностям ведется с 66 предприятиями Казахстана, входящими в Карту индустриализации Карагандинской области. На основе тесной интеграции образования, науки и производства создано пять учебно-научно-производственных объединений: «Модернизация строительства и ЖКХ», «Металлургия», «Транспорт», «Дуальное техническое обучение» и «Дуальное военное обучение». В их состав входят научно-исследовательские институты, центры рабочих профессий, филиалы выпускающих кафедр, предприятия Корпоративного университета, подразделения министерств обороны, чрезвычайных ситуаций и внутренних дел РК.

Для интенсификации учебного процесса и повышения качества подготовки специалистов университет внедрил в учебный процесс уникальный комплекс научно-лабораторного и информационно-коммуникационного оборудования мировых производителей стоимостью более 450 млн. тенге, техника приобретена на внебюджетные средства и подарена предприятиями Корпоративного университета. А чтобы обеспечить студентам в период профессиональной практики работу на оплачиваемых местах, мы создали четыре центра рабочих профессий по наиболее востребованным специальностям горного, машиностроительного, строительного и сварочного профиля. В свою очередь на предприятиях Корпоративного университета функционирует 55 филиалов выпускающих кафедр, где студенты проходят профессиональную практику на самом современном оборудовании. В частности, в начале июня текущего года 25 студентов второго курса КарГТУ выехали на предприятия Минского тракторного завода, ­БелАЗа и «Амкодора» в Беларусь. В рамках Таможенного союза гиганты автопрома предоставят нашим студентам оплачиваемые рабочие места с последующим трудоустройством на своих производственных участках в Казахстане.

На базе Казахстанского института сварки при КарГТУ более года назад началась подготовка первого потока специалистов с присвоением дипломов инженеров-сварщиков международного образца, признаваемых в 56 странах мира. В связи с этим растет портфель заказов предприятий горно-металлургической отрасли на подготовку специалистов сварки всех уровней. В КарГТУ созданы все условия для творческой деятельности и полноценного отдыха студентов и сотрудников. Завершается строительство нового студенческого общежития на 882 места. Прекрасно оснащен здравпункт, действуют спортивно-оздоровительный лагерь в Каркаралинске на 500 мест, спорткомплекс с современными залами и открытыми площадками мирового уровня, вместительный Дворец молодежи «Жастар әлемі». Диплом Карагандинского «политеха», ныне технического университета, давно стал гарантией качественного образования и карьерных достижений: 98% выпускников КарГТУ трудоустраивается сразу после окончания вуза. В рейтинге Webometrics КарГТУ в январе 2013 года занял третье место среди казахстанских вузов.

Университет встречает 60-летие заметными достижениями. Многотысячный коллектив нацелен на претворение в жизнь задач, обозначенных в Послании Президента Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казах­стан-2050»: Новый стратегический курс состоявшегося государства».



//Казахстанская правда.-2013.-20 июня.-С. 4



Бүркітбай АЯҒАН,Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Осы жылдың 5 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұмыс тобының отырысы өткені белгілі. Оған отандық тарих ғылымының элитасы: тарихшы-ғалымдар, ЖОО-ның ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, танымал саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшының баяндама­сындағы тұжырымдамалық идеялар тарихшылар арасында үлкен серпіліс туғызды десек қателеспейміз. Осынау кең ауқымды форум Қазақстанның халық­аралық қауымдастықтағы жетістіктерін тағы бір паш етті және отандық тарих ғылымын жаңа сатыға көтерді. Қозғалыс алгоритмі Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясына бағдарланды.

Тарихшы ретінде Жалпыұлттық кеңестің шақырылуын жақсылыққа жорыдым, зор қуанышпен қарсы алдым. Өйткені, бұған дейін елімізде Мемлекеттік хатшының қатысуымен тарихшылардың осындай мәртебелі басқосуы бұрын-соңды өткен емес-ті.

«Горбачевтық» кезеңнен бастау алатын тарихи бетбұрыстың ықпалымен 1990 жылдардың ортасында айқындалған міндеттердің басым бөлігі іске асырылды. Осы кезде академик Манаш Қозыбаев бастаған тарихшылар қауымы, ұлттық тарихты зерттеумен айналысатын институттар мен қоғамдық бірлестіктер төл тарихымызды түгендеуге атсалысты, «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей» болды.

Тарихшылардың күшімен оқулықтар, очерктер мен академиялық кітаптар, монографиялар, құжаттар мен материалдар жинақтары баспадан шықты. Шынайы тарихымызды жазу жолында маңдай терін төккен ағалар рухына тағзым ете отырып, сол ағалар мектебінен түлеп шыққан әріптестеріміздің сіңірген еңбегін үлкен мақтаныш сезіммен айтуға тиіспіз.

Біз үшінші мыңжылдыққа Ұлттық тарихтың жаңа келбетімен ендік. Бүгінге дейін жазылған төл тарихымыз талай рет сынға да ұшырады. Бұл – заңды құбылыс, әрине. Ең маңыздысы – Ұлттық тарихымыз жазылды. Бұл орайда алда да кезегін күтіп тұрған істер аз емес. Ал оның негізгі жаңалығы – қазіргі кезеңмен қам­тылуында деп есептеймін. Өйткені, Қазақстан тарихы соңғы онжылдықтар тарихымен толықты. Тағы бір ерекшелігі, біздің елімізде тұратын өзге ұлттардың тәуелсіз мемлекетімізді құруға және оны нығайтуға атсалысуы дер едім. Бұл тақырып та көптеген еңбектерде көрініс тапты.

Ахмет Байтұрсыновтың мынадай бір керемет сөзі бар: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих». Шын мәнісінде, солай. Қай заманда болмасын, ұлы тарихты жазатын адамдардың жүгі ауыр болған. Оның себебі де түсінікті. Тарих қашанда халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу қызметін атқарады. Сондықтан, тарих ғылымы – барлық ғылымдардың атасы десек, артық айтқандық емес.

2003 жылдан бастап «Мәдени мұра», сосын «Ғылыми қазына» сияқты Мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қаржыландыру мәселесі шешілді. Құпия саналатын мұрағат қорлары ашылып, тарих беттері тың деректермен толықты. Жоғарыда айтылғандай «сындарлы он жыл», одан кейінгі «жасампаздық пен бейбітшілік жылдарын» қамтитын Тәуелсіздік тарихының маңызды оқиғалары жүйеленіп, ғылыми айналымға енді. Ғылым саласын басқарудың жаңа моделін бекіткен «Ғылым туралы» Заң да ғалымдарымыздың беделін арттырды. Енді бізге «жоғарыдан» нұсқау күтпей-ақ, осы мемлекеттік бағдарламалардың аясында нақты іспен айналысу қалды. Біздің күш-жігеріміз тарих толқынының пәрменін күшейтуге бағытталуы тиіс.

Жалпыұлттық кеңесте Мемлекеттік хатшы тарихшылар қауымына «Ұлттық тарих мәселелерімен көп уақыттан бері нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынғанын» жеткізді.

Бүгінде Ұлттық тарихты ұлықтауда, әсіресе, Тәуелсіздік тарихын жазуда Елбасының еңбектері мен сөйлеген сөздерін басшылыққа алудың маңызы айрықша болып отыр. Өйткені, онда тәуелсіздік белестері кезең-кезеңмен толық қамтылған және еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне дұрыс бағыт-бағдар беріледі. Мұндай тәжірибе, әзірге көршілес мемлекеттерде кездеспейді.

Жалпыұлттық кеңесте сөз алған шешендердің пайымдауынша, соңғы екі ғасырда Еуропаның тарих ғылымы екі методологиялық революцияны бастан кешірген, ал біздің тарих ғылымымыз ескі сарынмен жылжып келеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде: «…Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан Ұлы дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түрде көрініс табатынын» қадап айтты, бекер емес. Бұл қазақстандық тарихшылардың қызметіне негіз болатын міндет деп білемін.

2013 жылдың басындағы мәліметтерге қарағанда, тарихшылар корпусын 192 ғылым докторы, 864 ғылым кандидаты құрайды. Ал, мектептер мен колледждерде 1786, жоғары оқу орындарында 1218 тарихшы жұмыс істейді екен. Бұл – қазіргі жаңа міндеттерді еңсеретін үлкен күш деп ойлаймын.

Екіншіден, тарих ғылымының даму бағыты кешенді зерттеулерге негізделуі керек. Бізге тарихты зерттеудің қазіргі методологиясы мен сапалық жаңа тұжы­рымдамасын жасау, тарих ғылымын әлемдік тарихпен сабақтастыру, жаһандық үрдістердегі Қазақстанның орнын нақты көрсету, мемлекетаралық байланыс жүйесі мен дәуірлеу проблемасын шешу маңызды болып саналады. Отандық тарих ғылымының жетістіктерін әлемдік ғылыми кеңістікке шығаруымыз керек. Ғалымдар арасында жиі айтылатын «өсу дертінен» тез арада арылуымыз керек. Жалпыұлттық кеңес қоғамдық үрдістегі бетбұрысты қадам болды.

Үшіншіден, біз «баяғы жартас, сол жартас» дегендей, аймақтық тарихтың ауқымын кеңейте алмай отырмыз. Дәл қазір Қазақ тарихының көкжиегін ұлғай­тудың орайы келіп тұр. Көне түріктердің этногенез үрдістерін, Алтын Орда халықтарының, соның ішінде қыпшақтар тарихын зерттеуге бетбұрыс жасауымыз керек. Ол үшін жаңа тақырыптар ұсынып, қосымша бағдарламаларға мұрындық болуымыз керек. Сол сияқты археологиялық зерттеулердің соңғы жаңалықтарын көрсетіп отыруымыз керек.

Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп, үлкен ғалымдар тобын шетелдердегі мұрағат қорларымен жұмыс істеуге жіберуді дәстүрге айналдырды. Біздің ғалымдарымыз көршілес Қытай мен Ресей және Иран, Түркия, Араб елдері, Моңғолия, Ұлыбритания сияқты елдерде болып, ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетін жүйелі зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасын табары сөзсіз.

Жалпыұлттық кеңесте тарихты жазу барысында антропология, генетика саласының жетістіктерін кеңінен пайдалану қажеттігі айтылды. Құптарлық идея. Зерттеу жұмыстары ғылыми-зерттеу институттарымен шектелмеуі тиіс, оған ЖОО-дағы тарих кафедралары, тарихшылардың қоғамдық бірлестіктері, әсіресе, Қазақстан тарихшыларының конгресі белсене атсалысуы керек.

Төртіншіден, қоғамды оқулық мәселесі алаңдатады. Бұл бағытта алдымен тарих оқулықтарының сапасын жақсартудың жолдарын қарастырғанымыз жөн. Одан кейін оқулықтарда КСРО дағдарысы және оның құлдырау себептері, экономикалық және саяси реформалар тарихы сияқты бұрынғы бағыттарға қосымша қазіргі кезеңнің жаңа тақырыптарын көбірек қамтыған жөн. Қазіргі оқулықтарымыз бірте-бірте этноцентризм, еуроцентризм қағидаларынан арылып келеді. Әрине, оқулықтардың мазмұны тарихи білімді саясаттандырудан алшақ болуы шарт. Біз мектептердің барлық сатыларына арналған Қазақстан тарихы оқулықтары мен хрестоматияларын шығаруымыз керек. Тіпті, төменгі сыныптарға арналған «Қазақ ертегілері» немесе «Қазақтың аңыз-әңгімелері» сияқты атаумен кітаптар шығарсақ, балалардың ойлау қабілетін арттырар едік.

Жалпыұлттық кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – Қазақстан тарихын Әлем тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде оқыту. Келешекте ЖОО-ның барлық мамандықтарында Қазақстан тарихы пәнін дүниежүзілік тарихпен байланыста оқытуға көшуіміз керек. Сол кезде тарих оқулықтарының мазмұны мен пішімі өздігінен өзгеріп шығады.

Ал жаңа үлгідегі кітап жазу мәселесіне келсек, отырыста тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық тарихты жазуға көшу туралы тың ойлар айтылды. Негізі осындай кітапты жазу жұмысы басталып та кетті, арнайы ғалымдар тобы іріктелді, кітаптың алғашқы нұсқасы әзірленуде. Бұл қолжазбаның мәтіні алдымен тарихшылар қауымдастығының сараптамасына жіберіледі. Оған дейін ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұмыс тобының шешімдері тарихшы ғалымдардың талқысына ұсынылады.

Тұтас ұлттық тарихты қалыптастыруда ұйымдастыру жұмыстары да маңызды іс болып саналады. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, ЖОО-да әртүрлі сылтаумен Қазақстан тарихы кафедраларын қысқартуды тоқтату керек. Мысалы, кейбір университеттерде мамандандырылған Қазақстан тарихы кафедраларының жабылуын қалай түсіндіруге болады?! Тіпті, тарихшы емес мамандықтарда оқитын студенттерге бөлінген сағаттарды қысқарту, барлық жеңілдіктерді алып тастау сияқты фактілер де кездеседі. Осы сияқты, жағымсыз тенденциялар келешекте тарихшылар корпусына қатты соққы болуы мүмкін.

ЖОО-да даярланатын барлық мамандықтардың өз тарихы бар. Сондықтан әрбір мамандықтың ерекшелігіне сәйкес 2 курстан бастап Қазақстан тарихынан қосымша элективті пәндерді оқыту артық болмайды. Сосын Қазақстан тарихын шетел тілінде (ағылшын) оқыту мақсатында тек Ұлттық университеттерде (Алматы, Астана) «тарих» мамандығына қосымша бір шет тілін оқытатын арнайы тарих бөлімдерін (спецотделение) ашуымыз қажет. Бұл білім беру жүйесінде бұрын болған, біз соны қайта жаңғыртуымыз керек.

Өкінішке орай, бізде PhD бойынша диссертациялық кеңестерді ашу жұмысы ұзаққа созылып кетті, тағы да жалтақтауға көштік.

Қазіргі әлемнің көрінісі мүлдем бөлек, адамдардың көзі ашық, бәрі сауатты, әсіресе, жастарымыз білімді, олар тарихты өз беттерінше (БАҚ, интернет, кино т.б.) танып білуде. Осы мәселеге орай «егер ашығын айтсақ, кәсіби тарихшылардың аудиториясы мен БАҚ аудиториясының арасындағы айырмашылық шамалы».

Жалпыұлттық кеңесте тарих ғылымының мүмкіндігіне қарай, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуге атсалысып, терроризммен, діни экстремизммен күрес сияқты мәселелерге көңіл бөлу қажеттігі назардан тыс қалмады.

Біз қазір өтпелі күрделі кезеңде тұрмыз. 1991 жылдан басталатын Қазақстан тарихындағы қазіргі кезеңде егемендік алдық. Тәуелсіз мемлекетіміз КСРО-ның қойнауында пайда болғанмен, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан дамудың мүлдем жаңа бағытын ұстанды. Елбасының сөзімен айтқанда, Қазақстанның өз жолы басталды. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан аспандағы жарқыраған жұлдыздай ерекше болып көрінеді.

Жалпыұлттық кеңесте біздің алдымызға қойылған жаңа міндеттер бізден мызғымас бірлік пен талмас күш-жігерді талап етеді. Біз жаңа өркениеттің куәгеріміз, біздің қоғамда еңбек ету, басқару, білім беру салалары елеулі өзгерістерге ұшырауда. Жалпы, тарих ғылымы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты және жаһандық сын-тегеуріндермен текетіреске түсті деп нық сеніммен айтуға болар.

Қазіргі қоғам тарихи үрдістерді зерделеуді, жаңа тарихи ойлауды, жаңа тарихи ұстанымдарды талап етеді. Мысалы, бізде Қазақ мемлекеттілігі сияқты өзекті тақырыптар бойынша ортақ тұжырымдар әлі де қалыптаса қойған жоқ. Мем­лекеттілік тарихын, оның дәуірленуін әртүрлі айтамыз. Мемлекеттіліктің бастау көздерін біріміз сақ-ғұн дәуірінен, екіншіміз Түркі қағанатынан, үшіншіміз Ақ Ордадан, төртіншіміз Алашордадан іздейміз. Ал дұрысы Алтайдан Атырауға де­йінгі ұлан-ғайыр жерімізді мекендеген түркі мемлекеттері емес пе?! Терең зерттеу­­лердің нәтижесінде біз осындай күрделі сұрақтардың жауабын таптық деп ойлаймын.

Тағы бір мәселе – өзінің дербес мемлекетін құрған рухы биік қазақ халқын дәріптеу. Қазақтардың еш уақытта ешкімге қарсы соғыс ашпағаны, яғни бейбітшілік ұстанымда болғаны баршамызға аян. Сондықтан бізге тарих арқылы Қазақ ұлтын әлемге таныту өте маңызды іс. Ол үшін алдымен өзіміз қолда бар құжаттар мен материалдарды толық игеріп алуымыз керек.

Әлемге әйгілі ойшылдардың пайымдауынша, «бұл дүниедегі ең қиын нәрсенің бірі – адамның санасын өзгерту» екен. Бұл – ұлттық санамызды жаңғыртуға, төл тарихымызды зерделеуге қоғам болып күш салуымыз керек деген сөз. Тарихшылар қауымы өнер адамдарымен (архитектор, мүсіншілер, кино, театр, қылқалам шеберлері) бірігіп, кешенді зерттеу жұмыстарын қолға алсақ, алынбайтын асу жоқ.

Қазақ мемлекеттілігін айқындайтын ескерткіштің бірі – Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументі», оның ұшар басындағы Сақ жауынгерінің бейнесі көне тарихты жаңғыртып тұр, өте орынды. Ал Астана қаласындағы Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескерткіш-хандық биліктің жарқын бір көрінісі. Егер хронологиялық жағынан келсек, бізде осы екеуін сабақтастыратын түркілік дәуір мен Алтын Орда заманынан бірде-бір ескерткіш жоқ. Түркі халықтарына ортақ тотем «Көк бөрі», ол тәңіршілдік пен қаһармандықтың белгісі. Әлекеңдер (Бөкейхан) жаңғыртқан Алаштың символы. Италиядағы ағайынды Ромул мен Ремді құтқарған Капитолий қасқырын қасиет тұтқан ежелгі римдіктер сияқты, біз неге «Көк бөрі» бейнесін сомдайтын тарихи ескерткіш орнатпаймыз?!

Ұлттық тарихымызға қатысты қате қоғамдық пікірлерге тойтарыс беру де тарихшылардың міндеті деп есептеймін. Біздің БАҚ-та ұлттық тарихты насихаттау көңілден шықпайды, оны мойындайық. Қазіргі тарихшылар мен журналистерге қойылатын талаптар өте жоғары, олар публицистиканы игерумен қатар, интернет тіліне жетік болуы керек.

Қазақстанда Жас тарихшылар Қауымдастығын құрудың оңтайлы сәті келді деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, 1995 жылғы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасындағы» негізгі басым міндеттердің оң шешілуіне байланысты, осы құжатты мемлекеттік өлшемдерге сәйкес қайта қарап, оның толықтырылған жаңа нұсқасын әзірлеуді ұсынамын.

Соңғы жылдары тарих бойынша жүздеген кітаптар шықты, соның ішінде тәуелсіздік тарихынан көптеген монографиялар бар. Сол сияқты, дағдарысты еңсеруге бетбұрыс жасаған үш жүзден астам конференциялар ұйымдастырылды.

Тарих ғылымында тарихшы-ғалымдардың қартаюы мен кәсіби мамандардың тапшылығы байқалады. Соған сәйкес жас тарихшы ғалымдарды тұрақтандыру мақсатында материалдық ынталандырудың қосымша түрлерін қарастыру қажет деп есептеймін. Мысалы, өзінің сапалы монографиясы мен ғылыми мақалалар топтамасын шығарған жас ғалымдарға қаржылай сыйақы тағайындауды ұсынамын.«…Білімді мыңды жығады» демекші, біз гуманитарлық ғылымның барлық өкілдерінің бірлескен күшімен ғана, жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп бере аламыз. Ал тарих ғылымын реформалау және оны іске асырудағы басымдық басқа емес, тарихшылар корпусына тиесілі екенін естен шығармайық, ағайын. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді қазақ даналығы.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Тәуелсіз Қазақстанды өзге этностар Отаным деп таниды және мемлекетімізді нығайтуға өз үлестерін қосуда. Ал керегесі кең қара шаңырақтың иесі де, киесі де – қазақ ұлты. Сондықтан біз еліміздің тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Бұл – біздің парызымыз.


//Егемен Қазақстан.-2013.-26 маусым.- 3 б.

Меруерт АБУСЕИТОВА,доктор исторических наук, профессор, член-корреспондент НАН РК, заведующая отделом Института востоковедения им. Р. Б. Сулейменова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет