Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы



бет7/17
Дата25.12.2016
өлшемі3,35 Mb.
#5076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Арыстан ҒАЗАЛИЕВ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің

ректорымен сұхбат


Бедерлі белес, жеміссіз емес
Атағы біраз жерлерге танымал, еліміздегі байырғы әрі ұдайы жас қалпындағы белді білім ұяларының шоқтылы шоғырындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өмірін бұл күнде жылдар санап бір келетін оқиға қуанышқа бөлеп жатыр. Отандық инженерлер қара шаңырағы 60-қа толу мерейтойы құшағында. Кешегі сараланып, бүгінгі байыпталып, ертеңгі бағамдалар кезде университет ректоры, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Арыстан ҒАЗАЛИЕВКЕ жолығып, әңгімелескен едік.

– Арыстан Мәуленұлы, әлбетте, әуелгі сауал оқу орны тарихына байланысты болмақ.

– Бұл ойыңызды сезіп отырмын.Өткен ғасырдың орта тұсында Орталық Қазақстан индустриясы қарқынды дамытыла бастағаны белгілі. Міне, осы уақытта заман талабына сай көмір мен металлургия өндірісінің орталығы Қарағандыда аймақтағы алғашқы техникалық жоғары оқу орны – Тау-кен институтын құру шешілген болатын. Дүние көшіне көз ілеспес деген осы. Одан бері де аттай алпыс жыл өте шығыпты.

Басынан-ақ институттың жолы болды деуге болады. Тұңғыш ректор Юнус Нұрмұхамедовтің із салып беруінен кейін бұл биік міндетті жалғастырған Әбілқас Сағынов ағамыздың 33 жылға ұласқан білікті басқаруы арқасында кезінде кеңестік кеңістіктегі таңдаулы білім ордаларының маңдайалдысының біріне айналды. Көрнекті ғалымдығымен қатар инженер кадрларын даярлау ісінің ірі ұйымдастырушысы тұрғысында танылған оның Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болып сайлануы, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, Социалистік Еңбек Ері атануы ең алдымен институтта ғылым мен білімді бірдей дамыту еңбегіне көрсетілген лайықты баға. Бұл кісінің көмек-қолдауымен Алаш арысы Әлімқан Ермеков саяси қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз запа шегуден соң ел қатарлы ортаға оралып, профессорлық дәрежесін қайта алып, математикадан сабақ берді. Бүгінде оқу орнымыз қабырғасында жарқыраған ұлы ұстазымыз Ермеков есімі мен қарағандылық инженерлер атасы академик Сағынов ескерткіші шәкірттерімізге қандайлық киелі орында қанат қомдау бақыты бұйырғанын есте тұтқызады.

– Түлектері де соған сай екенін білеміз. Университеттің көрнекті жеріне суреттері ілініп, есімдері жазылғандардың қатарында елімізге танымал азаматтардың біразы көзге түседі. Үлгі етерліктей-ақ екен.

– Осы жылдарда 75 мыңнан астам маман даярланса, араларынан шыққан мемлекет пен қоғам қайраткерлері, ірі өндіріс басшылары, ғалымдар шоғыры аз емес. Оқу орнымызда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғары инженерлік білімнің негізін алғаны ерекше мақтаныш саналады. Былтыр облысқа жасалған жұмыс сапарында Елбасы өзі оқыған білім ұясында болып, курстастарымен кездесті. Ғылыми-зерттеулер жүргізу, оқыту ісімен танысты. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инженер кадрлар даярлауда орны бөлек» деп берілген баға талпынысты таудай ете түсті.

– Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде тоқталып өтсеңіз.

– Өмірдің өсуіне, заман талабының күшеюіне орай басты мақсат та биіктеп келеді. Бұған байланысты барлық шараларды жіктеп шығу мүмкін еместіктен маңыздыларын атап өтсем, оқу орнымыз базасында елімізде алғаш рет корпоративті университет құрылуын алдымен айтуға болады. Не үшін десек, өндірістік буындармен өзара тиімді қарым-қатынасты орнықтыру, яғни оған қажетті мамандарды бірлескен қызмет, келісім-шарттар бойынша даярлауды жетілдіру болатын. Бүгінде 87 кәсіпорын мен ғылыми ұйымдар, сонымен бірге, Ресейдің, Кытайдың, Беларусь пен Өзбекстанның жоғары оқу орындары аталған жобаға белсене қатысып отыр. Осы ынтымақтастық мәнін түйіндеп түсіндіргенде, мәселен, университет өндіріс орындарында кафедралар филиалдарын құру арқылы болашақ түлектердің тікелей іс үстінде ысылуына жағдай туғызса, кәсіпорындар мамандар шеберлігін өздерінде шыңдап, араларынан іріктеп инженерлер құрамын толықтыра алатын болады. Бұлардың ішінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпороциясы, Қарағанды машина жасау холдингі секілді алыптар бар. Шәкірттеріміздің өндірістік тәжірибеден өтуіне барынша қолдау көрсетіледі. Жақында бір тобы Минск трактор зауытында сондай мектептен өтуге кетті. Мұндай жолдан соң мамандықтарына сәйкес жұмыс табулары да жеңіл. Қазір 2 мыңға тарта студент өндірістерде құрылған арнаулы кафедралардың 55 филиалында біліктілік пен шеберлік ұштаса, алдағы уақытта оқыту үдерісі көлемінің кем дегенде 55 пайызын кәсіпорындар цехтарына ауыстыру көзделген.

– Тәуір тәжірибелеріңіздің бірі ретінде қазақстандық дәнекерлеу институты базасында халықаралық үлгідегі инженер-дәнекерлеушілер дипломдары берілетін мамандар даярлау екені жиі айтылады. Мұның ерекшелігі не?

– Білім беру ісін халықаралық стандарттарға бағдарлау жолындағы ізденістерде толас жоқ дер едім. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды түбегейлі өрістету қажет. 5 оқу-ғылыми-өндірістік бірлестік құрылуы сол шаралардың бір парасы. Соның ішінде Францияның «Тотал» мұнай компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған дәнекерлеу ісі орталығының жөні бөлек. Оны бітірушілерге дәнекерлеу бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. Сол арқылы аталған әйгілі компанияның қандай да құрылымында жұмысқа орналаса алуға мүмкіндік бар. Келесі кезекте «Дәнекерлеу бойынша халықаралық инспектор» және «Дәнекерлеу бойынша халықаралық технолог» мамандары даярланады.

Жалпы алғанда, бізде талапкерлер 26 мамандықтың қалаған түрін таңдай алады. Отандық өндіріс өрлеп, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа жобалар іске асырылып жатқан дүбірлі шақта индустрия саласының қай-қайсысына да жол ашық. Сөз орайында мектеп бітірушілердің биылғы сынағында мемлекеттік грантқа жолы болғандарға университет құшағы кеңдігін құлақтарына алтын сырға етер едім. Түлектеріміздің 98 пайызы жұмысқа орналаса алуы берілетін білім сапасының заман талабына сай екеніне нақты айғақ. Осы мақсат үшін жасалып, одан сайын жетілдірілудегі тиісті іс-шаралар олардың болашағын жарқын ете түспек. Шәкірттер құрамы ерте бастан қалыптастырылады. Балаларға арналған «Байт» компьютерлік курсы, техникалық лицей, ақпараттық технология мен бизнес колледжі, орта буын оқу орнын бітірушілер үшін дайындық факультеті, 11-сынып және дарынды оқушыларға арналған бастауыш инженерлер, «Мұрагер» мектебі университетке дейінгі саты саналады.

Күні кеше ғана білім ордасы тынысында тағы бір жағымды жаңалық болғанын, «Назарбаев Университеті» АҚ пен ҚМТУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуын айта кетсем артықтығы болмас. Соған сәйкес ортақ ғылыми-зерттеулер мен білім беру жобалары бірлесіп дамытылады. Мұның өзі мерейлі міндетті атқаруға жаңа серпін беріп, инновациялық мүмкіндік молаяды деген сөз.

– Бұл қарағандылық инженерлер қара шаңырағы өміріндегі тарихи белес қой. Төл мереке кезіндегі қарбалас шаққа қарамастан әңгімелесуге уақыт бөлгеніңізге рахмет.

– Мереке дегенімізбен, дағдылы жұмыс қалпында өткізгелі отырмыз. Бұл күндер «Академик Сағынаев оқулары» атты тақырыпта отандық және шетелдік ғалымдардың, оқытушылардың, жас зерттеушілердің әріптестері алдында ғылыми баяндамалар оқуымен, білім беру ісіндегі жаңашылдық жобалар мен озық тәжірибелерді ортаға салуымен, осы саланы дамытуға бағытталған ой-ұсыныстарды бөлісуімен оқу орнымыз ғана емес, еліміз білім жүйесіне зор пайдасын тигізер ерекшелігімен есте қалатын болады. Елбасының халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету талабы үдесінен көріне білу мәселесі іс-қызметімізге негізгі өзек. Оны орындауға бекембіз.

Әңгімелескен Айқын НЕСІПБАЙ,

//Егемен Қазақстан.-2013.-21 маусым.-9 б.




Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты.
Ғылыми-білім беру кешендерін құру қажет
Кадр даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастырмай, сондай-ақ ғылыми және білім беру үдерістерінің ықпалдасуы негізінде білім генерациясын іске асырмай еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық тұғырнамасын құру мүмкін емес.

Қазіргі кезде аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары әртүрлі мемлекеттік органдардың қарамағында бола тұра, бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Осы орайда назар аударатын бір жәйт – аграрлық жоғары оқу орындарында оқу-тәжірибелік және ғылыми-эксперименттік шаруашылықтар жоқ, бұл өз кезегінде студенттерге, магистранттарға және докторанттарға жеткілікті ғылыми және практикалық білім алуға, ал ғалымдарға толыққанды ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік бермей отыр.

Мемлекет басшысының білім мен ғылымның ықпалдасуы қағидаты негізінде мамандарды сапалы даярлау бойынша қойған міндетін орындау және Назарбаев Университетінің аграрлық сала үшін бірегей тәжірибесін іс жүзіне асыруға мүмкіндік беру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-білім беру кешендерін құру қажет деп есептейміз. Бұл үшін бір ғылыми-зерттеу институтын бір агротехникалық университетке қанатқақты режімде беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Сынақтан өткізгеннен кейін бұл тәжірибені еліміздің басқа да аграрлық жоғары оқу орындарына тарату мүмкін болатыны күмәнсіз.

//Егемен Қазақстан.-2013.-22 маусым.-2 б.

Г.БАЛАҚАЕВА,қолданбалы химия кафедрасының меңгерушісі, профессор,А.ТӨЛЕНДИНА,қолданбалы химия кафедрасының доценті.
Жоғары технология – тұрақты даму кепілі

Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде ІІ-Халықаралық «Жоғары технология – тұрақты дамудың кепілі» атты екі күнге созылған ғылыми конференция өтті.TEMPUS бағдарламасының IEMAST жобасы да бұл конференцияға айтарлықтай өз үлестерін қосты.

Конференцияға АҚШ, Белоруссия, Италия, Өзбекстан, Украина, Ресей, Германия сияқты мемлекеттерден ғалымдар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Конференцияға алыс және жақын шетелдердің және қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен жас ғалымдарының 194 баяндамалары ұсынылды.

Аталмыш конференцияны ҚазҰТУ-дың оқу-әдістемелік және халықаралық байланыс жұмысы жөніндегі проректоры С.Жүсіпбеков ашып: «Осындай игі шара үлкен ғылыми конференцияның ҚазҰТУ-де өтуін жақсылыққа балаймын. Жиналған баршаңызға еңбекте табыс тілеймін» деп жиынның маңыздылығына тоқталды. Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының директоры, профессор Серік Көмеков «Тұрақты дамудың жаңа парадигмасы: теориясы, практикасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл конференцияның маңызы мен мәнін ашып көрсете отырып, баяндамасында «РИО+20» БҰҰ Халықаралық конференциясында әлемдік лидерлер тұрақты дамудың ғаламдық мәселелерін талқылап, оның шешілу механизмдері мен бағыттарын анықтап берді. Соның нәтижесінде тұрақты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және энергетикалық дағдарысқа негізделген жаңа парадигма қалыптастырылды. Әлемдегі жүзден аса елдерде тұрақты дамуға көшудің ұлттық бағдарламасы бойынша мемлекеттік деңгейде жұмыс жасайтын кеңестер бар. Қазақстанда 2006-жылы тұрақты дамуға көшудің концепциясы қабылданған. Қазақстанның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, Елбасы тұрақты дамуға тікелей әсер ететін 10 ғаламдық факторларды айқындаған. Әлемдегі халық саны 2040 жылға дейін 7 млдр-тан 9млрд-қа жуықтайды. 2030 жылы халықтың өнеркәсіптік қажеттілігі 50, энергиялық қажеттілік 45, су ресурстарына қажеттілік 30 пайызға артады. Осыған байланысты, ҚазҰТУ-да аталған мәселелерді шешуге көптеген ғылыми орталықтар мен кафедраларда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жерасты су көздерін арттырудың жаңа технологиялары мен оларды тиімді пайдалану, қалдықтар мен биомасса негізінде энергоқондырғылар мен микро-гидроэлектрстансалары, жел генераторлары, жылуэнергетикасы және құрылыс технологиялары, сандық және нанотехнология, робот техникасы, ғарыштық технология бойынша көп жылдық зерттеулер жүргізуде. ҚазҰТУ инновациялық технологиялар мен материалдарды жасауда белсенділік танытуда. Жоғары технологиялар саласындағы аталған ғылыми жұмыстар тұрақты дамудың технологиялық қамтамасыз етудегі нақты үлесі болмақ.

Сонымен қатар Ресей ғалымы В.Хохловский «Университеттер мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің өзара қатынасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамасында Ресей мен ТМД елдерінде жетекші ұйымдар мен түрлі аймақтарда талантты жастарды іздеу, оқыту және компанияға жұмысқа тарту тәжірибелерімен бөлісті. Жану проблемалары институтының директоры, профессор З.Мансуров «Ғылымды ұйымдастырудың кейбір мәселелері» деген тақырыпта ауқымды түрде баяндама жасады. Германияның Зиген Уни­верситетінің профессоры Хин Жианг алмаз бен β-SiC және олардың үлдірлерінің физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлі салаларда қолдану ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Сонымен қатар жеті секцияда тұрақты дамудың тұжырымдамасы, теориясы және тәжірибесі, іргелі ғылымдар - жоғары технологияларды генерациялау мен трансферттеу базасы, наноқұрылымдық материалдар, олардың қасиеттері, оларды алу және қолдану, ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар, энергия сақтау технологиялар, жаңартушы көздері және өндірістік экология, тау-кен-металлургиялық және мұнай-газ салаларындағы жоғары инновациялық технологиялар, ғарыштық зерттеулер мен технологиялар тақырыптарында қызықты ғылыми нәтижелер баяндалды. Ерекше айта кететін жағдай, конференция жұмысына жас ғалымдар, PhD докторанттары және магистрлер белсенді қатынасты.

II-Халықаралық «Жоғары технология–тұрақты дамудың кепілі» атты ғылыми конференциясы және әлемдік тәжірибелі ғалымдардың баяндамалары жастарға бағыт-бағдар беретін, үйретері мол, конференцияның бірегейі болды.
//Айқын.-2013.-22 маусым.-7 б.

Шоқан ШОРТАНБАЕВ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы

Ұстаз. Ғалым. Азамат

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін-де әдебиеттанушы ғалым, оралхантанушы, марқұм Өскенбай Көзбековтің 50 жылдық мерейтойына орай «Қапияда қиылған ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Кешті филология факультеті деканының орынбасары, арабтанушы-ғалым Әлайдар Сейітжанов жүргізіп отырды. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.Байқадамов еске алу кешін кіріспе сөзбен ашып, Өскенбайдың жарқын бейнесі, азаматтық қыр-сырына тоқталды. Өсекеңнің соңында қалған ғылыми-әдеби мұрасы, қызмет еткен ортасы, азаматтық-ұстаздық болмысы туралы университетте бірге қызмет істеген әріптестері, бауырлары Ұлжан Жаңбершиева, Шанжархан Бекмағамбетов, Болат Боранбай, Аман Абасилов, Аягөз Әбдіразақова, Сәбира Өтелқызы, курстастары Бердібек Бияров, Бижомарт Қапалбеков, Аспандияр Әденұлы, Орынғазы Әбутәліпов, Жұлдыз Смағұлова, Шоқан Шортанбаевтар ойларын ортаға салды. Кеш барысында ұстаз-ғалымның жастық шағынан, студенттік кезеңінен, қызмет еткен жылдарынан сыр шертетін, өткен күндердің ұмытылмас шақтарын көз алдыңа әкелетін бейнероликтер, слайдтар көрсетіліп, кітаптар таратылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі Ө.Көзбеков 1991 жылы жолдамамен Қызылордаға, университетке келіп, өмірінің соңына дейін (2006 ж.) қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында еңбек етті. Ө.Көзбековтің 1998 жылы белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Бақытжан Майтановтың жетекшілігімен қорғалған «О.Бөкеев прозасының поэтикасы» атты кандидаттық диссертациясы ғылыми ортада ерекше бағаланып, Т.Кәкішұлы, З.Серікқалиев, Б.Майтанов, С.Бермағанбетов, т.б. ғалымдар оң бағасын берді. Өсекеңнің ғылыми жұмысына ресми сарапшы болған Т.Кәкішұлының «Жұмысты оқып шыққанда екі жайға әбден көзім жетті. 1. Ө.Көзбеков бес қаруы бойында қалыптасқан әдебиетші. 2. Осы уақытқа дейін республикалық деңгейде көрінбей жүрген сыншы екен. Бізге осындай таным-білігі және оралымды да ойлы қаламы бар әдебиетші қазір тіпті айрықша қажет. Білек сыбанып әдебиет майданына келгені абзал» деген пікірінен Өскенбай Арысбайұлының орнын айқындағандай.

Кештің екінші бөлімінде қимас дос, абзал азамат, ұлағатты ұстаз атанған Өсекеңнің өзі талай кіріп-шығып, шәкірттеріне әдебиеттің сырлы әлемінен дәріс оқыған Әуелбек Қоңыратбаев атындағы дәрісханада артында қалған ғылыми еңбектері, монографиясы, естеліктер жинақталған «Оралханды оятқан оғлан» атты Мемлекеттік тілді дамыту институтының қолдауымен (директоры-курстасы Б.Қапалбеков) шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, ары қарай еске алу кешіне жиналғандарды Өскенбай Арысбайұлының рухани әлемімен, ұстаздық қасиетімен, азаматтық парасатымен жан-жақты таныстырған әріптестерінің, замандастарының, сыныптас-курстастарының жүрекжарды, алғаусыз әңгімелеріне, тағылымды баяндамаларына ұласып, абзал азаматтың азаматтық бітімін риясыз еске алысты. Жиын соңында Өсекеңнің аруағына бағышталып Құран оқылып, ас берілді.

//Айқын.-2013.-17 маусым.-6 б.


Асемгуль БАКЫТОВА,

Соратник Сатпаева
В Алматы состоялось очередное заседание клуба академиков «Ғылым сардарлары», посвященное памяти выдающегося ученого и государственного деятеля Шахмардана Есенова.
Это четвертое по счету заседание клуба, первые три посвящались таким глыбам отечественной науки, президентам Академии наук Казахстана, как Каныш Сатпаев, Омирзак Султангазин, Шафик Чокин.

Шахмардан Есенов – четвертый президент Академии наук. Выпускнику Казахского политехнического института за короткий срок в довольно молодом возрасте удалось совершить небывалый взлет в карьере. Он одиннадцать лет возглавлял геологическую службу в Улытау-Жезказганском регионе, активно способствовал расширению сырьевой базы меднорудной промышленности. Именно по его инициативе в 1950-е годы была составлена крупномасштабная прогнозная геологическая карта Жезказганского рудного узла.

В 1960–67-е годы он руководил геологической службой республики, возглавлял Институт геологических наук имени Сатпаева. Шахмардан Есенович был самым молодым в СССР министром геологии – он приступил к высокой должности в 33 года, возглавлял это ведомство дважды, затем трудился заместителем Председателя Совета Министров, а в 39 лет стал Президентом Академии наук КазССР. Он обладатель Ленинской премии, Госпремии КазССР. За масштабный труд – монографию «Недра Казахстана» в 1970 году Ш. Есенов получил премию имени Ш. Валиханова. Ученый-геолог, общественный и государственный деятель, доктор геолого-минералогических наук, профессор снискал большое уважение среди своих коллег, учеников, поклонников науки.

На встрече в клубе академиков собрались те, кто знал Шахмардана Есенова, звучали добрые слова в его адрес, теплые и приятные воспоминания о совместной работе, поездках. По словам Розы Карибжановой, главного директора «Ғылым сардарлары», Есенова считают одним из самых талантливых учеников Каныша Сатпаева: подобно своему учителю, он неутомимо работал над развитием геолого-минералогических наук. Благодаря его дальновидности, активной поддержке были открыты и разработаны крупнейшие месторождения природных ресурсов – Жезказган, Жанаозен, Каражанбас, Жетыбай, Каламкас, Бозашы и другие, и, собственно, на них созданы промышленные и производственные комплексы, составляющие основу современной экономики Казахстана.

На заседании клуба «Ғылым сардарлары» выступили Президент Академии наук Мурат Журинов, академики и ученые Журынбек Сыдыков, Гинаят Бекжанов, Баян Ракишев, Борис Зелик, Юрий Шнейдер. На встрече присутствовали родные и близкие Ш. Есенова.

Ученые-академики отмечали важное качество характера Ш. Есенова: это исключительное умение отдаваться работе и настойчивость в решении кардинальных вопросов геологии. Одним из бесценных достижений Шахмардана Есеновича является то, что Мангышлак входит в состав нашей республики. Он в буквальном смысле отстоял этот регион, когда возникла угроза его передачи другим республикам для разработки нефтяных месторождений. Ш. Есенову на объединенном заседании Президиума Верховного Совета и Совета Министров СССР удалось убедить присутствующих в том, что у Казахстана хватит собственного научного и производственного потенциала для освоения Мангышлака.


//Казахстанская правда.-2013.-27 июня

Қызылорда облысының білімі, ғылымы және мәдениеті
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз орталығы хабарлайды:
Благодарность иностранным специалистам
В Центре полиязычного образования КГУ им.Коркыт Ата состоялось торжественное мероприятие в связи с отъездом иностранных специалистов, прибывших по приглашению университета для оказания методического, языкового содействия новому структурному подразделению университета - Центру полиязычного образования, активизации его работы, а также с целью дальнейшего развития международных отношений.

На занятиях иностранных специалистов cтуденты специальностей "Информатика", "Вычислительная техника", "Информационные системы", "Математика", "Cоциальная работа" погружались в языковую среду, при этом и преподаватель, и студент работали в интерактивном режиме.

В ходе мероприятия директор Центра Садыбекова С.И. отметила весомый вклад преподавателей Аурамарии Танасе (Австрия) и Тайса Бенсхопа (Нидерланды) в развитие полиязычного образования в университете. Она выразила им огромную благодарность от имени университета, сотрудников Центра полиязычного образования, студентов полиязычных групп и вручила памятные подарки.
******

«Анықтама-библиографиялық жұмыстағы жаңа әдістер мен талаптар»

Кітапхана ісіндегі библиографиялық жазба, библиографиялық сипаттама жұмысының мемлекеттік стандартқа сай өңделуінде РАБИС бағдарламасының тиімділігі мен ерекшеліктерін зерделеу мақсатында университеттің ғылыми-техникалық кітапханасы Қызылорда облыстық жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің әдістемелік орталығы ретінде кітапханашылар арасында «Анықтама-библиографиялық жұмыстағы жаңа әдістер мен талаптар» атты кезекті семинар-тренинг өткізді.

Оған облысымыздағы ЖОО және кәсіптік білім беру орындарының кітапхана қызметкерлері қатысты. Университеттің ғылыми-техникалық кітапханасының анықтама-библиографиялық және әдістемелік бөлімінің қызметкерлері семинарға қатысушыларға арналған арнайы әдістемелік нұсқау және «Библиограф жадынамасын» құрастырды. Библиограф Г.А.Түбекбаева семинар барысында «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама жасау әдістері» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.

Семинар барысында қазіргі таңдағы кітапхана ісін автоматтандыруда елеулі орын алатын РАБИС бағдарламасының тиімділіктері мен кейбір ерекшеліктері туралы мәселелер кеңінен талқыланды.


Химия және экология кафедрасының ұйымдастыруымен семинар өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті химия және экология кафедрасының оқытушы – профессорлар құрамы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті химия кафедрасының профессоры, х.ғ.д., Болат Жаскенұлы Джиембаевтың қатысуымен семинар өткізді.

Семинар бағдарламасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті химия және экология кафедрасы мен Қазақ мемлекеттік қыздар университеті химия кафедрасы базаларында конкурстық негізде бірлесе атқарылатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының тақырыптары айқындалып, жоспарлары жасалды.

«Қызылорда облысы дәрілік өсімдіктері негізінде биологиялық белсенді заттарды синтездеу және зерттеу», «Пиридин қатары ароматты альдегидтері мен аминдері негізінің жаңа альфа аминофосфонаттарды синтездеу, құрылысы, айналуы және биологиялық белсенділігін зерттеу» секілді бірнеше өзекті тақырыптар қарастырылды.

Сонымен қатар екі кафедра арасында оқытушылар, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, магистранттар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, студенттерді барынша ғылыми – зерттеу жұмыстарына тарту және жаңа мамандықтар ашу сияқты мәселелер де сөз болд


*******

Оралханды оятқан оғлан
«Әке–құдірет, әке–әлем, әке–өмір» атты қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Өскенбай Арысбайұлы Көзбековтің 50 жасқа толуына орай еске алу кеші филология факультетінде өтті. Кеште саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаздың «Оралханды оятқан оғлан» атты монографиялық еңбегінің тұсаукесері және «Ұстаз, ғалым, әке» бейнефильмі көрсетілді.

Өскенбай Арысбайұлы жазушы Оралхан Бөкеевтің шығармашылығын арнайы қарастырған алғашқы ғылыми еңбектің авторы. «Әдебиет теориясы», «Әдебиеттануға кіріспе» пәндерінен дәріс оқып, әдебиет жанрлары мен көркем шығарманы жазу барысында пайдаланылатын тәсілдер жөнінде бар білгенін шәкірттеріне үйреткен.

Еске алу кешіне келген марқұмның жолдастары мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры Қ.Қапалбеков, Өскемен мемлекеттік университетінің профессоры Б.Бияров, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті А.Орынғазы, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының доценті Ж.Смағұловалар өз естеліктерімен бөлісті.


Каталог: ntb -> doc
doc -> Қазақстандағы жоғары білім
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Қазақ поэзиясының дүлділі
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет