Дарынды балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысы



Дата11.01.2017
өлшемі99,86 Kb.
#6726
Дарынды балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысы

"Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген,бойындағы ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, бала бақшаның, барша елдің, халықтың міндеті "

Н.Ә.Назарбаев

Аңдатпа:

Мақалада балалардың дарындылық мәселелері қарастырылған. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі дарындылықтың ғылыми аспектілері талданған. Дарындылықтың негізгі категориялары мен қабілеттіліктеріне сипаттама берілген.



Түйінді сөздер: дарындылық, қабілеттілік, жеке тұлға, талант, шығармашылық.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыс істеу барысында өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру сонымен қатар қажетті оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі міндеті:

  • Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу.

  • Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

  • Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

         Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз күштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.

Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

 Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті:

 1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары:

Дарынды баланы анықтаған кезде баланың жеке құжаттарын, мінездемесін оқу мекемелеріндегі қатысқан түрлі конкурстарда көрсеткен өнеріне сүйеніп зерттеу;

Балалардың түрлі ахуалдығы іс – әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;

Көптеген түрлі әдістерді пайдаланып баланың даму көрсеткішін, білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.

Кез-келген тәрбиеші немесе педагог осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, балалардың дарынылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады.

Дарынды балаларды диагностикалауда осындай бағыттарда жүргізуге болады:



  • Баланың креативті ойлауына;

  • Қызығушылығы арқылы;

  • Өзінің достарының арасында көшбасшы ма?

  • Өзін мен барлығын білемін деп бағалай аладыма?

  • Баланың тұлғалық бейімділігі арқылы;

  • Баланаң көңілінен шығатын іс –әрекеті;

  • Баланың қабілеттілігі арқылы.

 Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері:

1.     Балаларды мәдени мұражайларға апару;

2.     Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу;

3.     Балалармен түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу;

4.     Жаңа ақпараттық құралдар жаңалықтарымен таныс болу.

5.     Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалана алу.

6.     Күрделі тапсырмаларды орындай алу.

 Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.   Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

-         зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

-         ақыл – ойдың жоғарғы деңгейі;

-         тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактілі идеялар мен теорияларға қызығушылық;

-         белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

-         өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

-         тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.

Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады.

Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады; 
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар: 
• Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі; 
• Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы; 
• Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы; 

Шетел және отандық әдебиеттердегі дарындылық мәселелеріне ғылыми тұрғыда шолу. Психология ғылым саласында, таланттылар мен қабілеттілерді зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан бастау алады.Бұл мәселе психология ғылымында таланттың табиғаты мен оның дамуын қамтамасыз етеді. Дарындылық мәселесін зерттеуге арналған танымал ғалымдардың идеяларын ерекшелеуге болады:



  • Адамды сатылап дамыту техникасына үйрету( Энгельмеер П.К.) [1];

  • Адамзаттың мәдени мұраларын меңгеру жолымен адам қабілетттерін дамыту (Выготский Л.С.) [2];

  • Оларды нақты іс –әрекетке жұмылдыру жолымен қабылеттерін дамыту( Теплов Б.М.)[3];

  • Индивидуумның дамуына сараланған тәсілді қолдану.

Бұл мәселені зерттеуде Б.М.Тепловтың “ Қабілеттілік және дарындылық” деп аталатын еңбегінің рөлі ерекше болды. Автор аталған еңбегінде адамның дарындылығы мен шығармашылық қабілетін практикалық іс – әрекетте дамытуға болады деген ой түйіндейді.

Кейіннен психология ғылымында баланың дарындылығы туралы жаңа ұтымды идеялар дүниеге келе бастады:

Субъектінің қандайда бір іс-әрекетке бейімділігін алдын-ала болжау идеясы(Лук А.Н.)

Адамға шығармашылық іс-әрекет жағдайларынқұру арқылы оны дамыту(Талызина Н.Ф.) ;

Баланың ақыл-ойын дамытуды сатылап қалыптастыру идеясы(Гальперин);

Баланы өзін қызықтыратын іс-әрекеті арқылы дамыту(Скаткин М.Н., Лернер И.Я.)

Баланың дарындылығын зеріттеу мәселесі шетелдерде, оның ішінде АҚШ және Европа елдерінде қарқынды түрде жүргізілді. 1972 жылы АҚШ- тың білім жөніндегі комитеті дарындылық туралы төмендегідей анықтаманы жариялады: дарынды және талантты бала деп өзінің қабілеттілігімен төмендегі іс-әрекет салаларының бірінен жоғары жетістіктерін көрсете алатын балаларды айтуға болады:


  • Қарым-қатынас және жетекшілік;

  • Спорт;

  • Көркем өнер;

  • Шығармашылық;

  • Академиялық;

  • Интеллектуалды.

1972 жылы Марлэнд дарындылықтың негізгі категорияларын ұсынды, олардың ішінде:

  • Жалпы интеллектуалдық;

  • Ерекше дарындылық;

  • Қандай да бір нақты іс-әрекетпен айналысуын құптау;

  • Көрнекілік және атқарушы іс-әрекет;

  • Психоматорлы қабілеттер.

Ресейлік ғалымдар дарындылық мәселесін қабілеттілік психологиясы ретінде қарастырды.

С.Л.Рубинштейн мен Б.М.Тепловтың еңбектерінде дарындылық, қабілеттілік және талант ұғымдарын іс-әрекеттің бірыңғай негізі бойынша жіктеледі:



  • Адамның анатомиялық- физиологиялықерекшеліктері бойынша іс-әрекетте қалыптасатын қабілеттілік;

  • Адамның басқаларынан ерекшеленетін, іс- әрекерттің табыстылығын анықтайтын дербес психологиялық ерекшеліктер;

  • Ерекше дарындылық іс-әрекетте табысқа жетуге мүмкіндік беретін сапалы өзіндік ерекше қабілеттердің үйлесімі;

  • Жалпы дарындылық – кең ауқымды іс – әрекетке қабілеттілік.

Л.С. Выготский мен А.Р.Лурия «дарындылықтың табысты дамуы үшін эмоционалды бай мәдени орта құру қажет» деген тұжырымды ұстанды.Бұл ортада баланың дарындылығы жақсы нәтижеге қол жеткізетіндей іс-әрекетте оның мотивациясы арқылы көрінуі тиіс.Баланы мәдениетке, мәдени ортаға жұмылдыру арқылы оны терең түсініп, өзінің қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік алады. Мұндай тәсілдің негізгі идеясы – баланың мәдени дарындылығын қалыптастыру болып табылады.

Шетелдік және отандық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, дарындылық ұғымына мынадай анықтама беруге болады: Іс- әрекетті орындауда табыстылықты қамтамасыз ететін ерекше сапалы үйлесімі болып табылады. Бұл анықтама «дарындылық» пен «қабілеттілік» ұғымдары арасындағы өзара байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дарындылықтың төмендегідей негізгі құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетуге болады:


  • анатомиялық-физиологиялық берілгендер;

  • жоғары сезімталдықты сипаттайтын, сенсорлық-перцептивтік бөліктер;

  • жаңа жағдайларды бағалауға, жаңа мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық және ойлау қабілеттері;

  • жаңа образды өндірудің жоғары деңгейі;

  • танымдық мотивацияның танымдық рөлі;

  • зерттеу шығармашылық белсенділігі;

  • болжам жасай білу мүмкіндігі;

  • жоғары эстетикалық, адамгершілік және интеллектуалдық бағалауды қамтамасыз ететін идеал этолондар құруға қабілеттілік.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.

Ел боламын деген мем­ле­кет ұрпақ тәр­бие­сін бірінші кезекке қояды. Біз – бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылық­тардың баланың бойына сіңірілуі де – тәрбиемен келеді. Ал тәрбие­нің өзегі – ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Ба­лам деген жұртым болмаса, жұр­тым дейтін бала қайдан шыға­ды» дейді. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.Сол себепті де дарынды оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді. Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.



Мақалаға байланысты зерттеу жұмыстарының тізбегі:

  1. Энгельмейер П.К. Теория творчество. – СПб.,1910.

  2. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М.,1991.

  3. Теплов Б.М. Избранные труды.1. – М.,1971.

  4. Лук А.Н. Мышление и творчество. – М.,1994.

  5. Рахимберлина А.Н., Кенжебекова Л.Т. « Дарынды балалармен жұмысты жаңаша ұйымдастыру арқылы субъектілік белсенділігін арттыру» Қызықты психология.- 2011ж.

  6. Джанказова Ш.И., Нурмуханова Б.С. «Психологиялық педагогикалық зерттеулердегі дарындылық мәселелерінің зерттелуі» Ұлттық тәрбие.-2015ж.

  7. «Қызықты психология » журналы.№5, 2008ж.

  8. Атаева О.Б. «Дарынды балалармен жұмыс»2014 жыл.

  9. Выготский Л.С. Психология.- М., 2000ж.

  10. Жұмабекова Ф.Н. «Балаңыз мектепке дайын ба?» психологиялық тапсырмалар мен ойын, жаттығулар.2001ж.

  11. Гальперин П.Я. «Введение в психологию».- М.2000ж.

  12. Алдамұратов Ә. « Жалпы психология» Алматы 1996 ж.

  13. Эльконин Д.Б. «Избранные педагогические труды» -М.,1989ж.

  14. Еділбаева А.О. «Дарынды балалардың дамуының психологиялық ерекшеліктері» Қызықты психология №1 2012ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет