Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра 7-сынып Құрметті мұғалім!



бет20/26
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#88021
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
fo algebra 7kl kaz

Бөлім: «Статистика элементтері»


Оқу мақсаты 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы
жиіліктерін есептеу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Нұсқалықтың абсолютті жиілікті есептейді


• Нұсқалықтың салыстырмалы жиілікті анықтайды




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


1-тапсырма
а)Бақылау жұмысына 7 тапсырмадан құралған тест берілді. 50 оқушының дұрыс жауаптары жиілік кестесі түрінде берілген. Кестедегі қалып қойған жиіліктің мәнін табыңыз.






Дұрыс жауаптар саны

0

1

2

3

4

5

6

7







Жиілігі

1

3

5

7




11

8

5

Дескриптор

Білім алушы

























  • абсолютті жиіліктің қосындысын таңдама көлеміне теңестіреді;




  • қалып қойған абсолютті жиіліктің мәнін табады.

b) Қыздар аяқ киімінің бір айда сатылуының салыстырмалы жиілігі (пайызбен) кестеде берілген. Кестеден қалып қойған салыстырмалы жиіліктің мәнін табыңыз.











Аяқ киім




35

36

37

38

39

40

41










өлшемі


































Салыстырмалы

8

13

17




21

12

7










жиілік, %




























Дескриптор

Білім алушы






















  • салыстырмалы жиіліктің қосындысын 100% теңестіреді;




  • қалып қойған салыстырмалы жиіліктің мәнін табады.

c) 7 сынып оқушылары математика пәнінен үй жұмысына қанша уақыт жұмсайтынын анықтағысы келді. Кестеде жұмсалған уақыт (минутпен) пен салыстырмалы жиілік берілген. Кестеде қалып қойған салыстырмалы жиіліктің мәнін анықтаңыз.





Үй жұмысына жұмсалатын




20




30

40

50




60

уақыт (мин)











































Салыстырмалы жиілік







3







1










1







1













10




5







10




4




Дескриптор

Білім алушы








































  • салыстырмалы жиіліктің қосындысын 1-ге теңестіреді;




  • қалып қойған салыстырмалы жиіліктің мәнін есептейді.

52

Бөлім: «Статистика элементтері»


Оқу мақсаты 7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде
көрсету


Бағалау критерийі Білім алушы

• Статистикалық деректерді жинайды


• Статистикалық деректерді кесте түрінде көрсетеді




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма
Топтық жұмыс
Мұғалімге нұсқау: бірнеше топқа көркем шығармадан немесе пәндер интеграциясын қолдану үшін, энциклопедиялардан әртүрлі бір абзац беріліп дауысты дыбыстардың кездесуін А3 парағына статистикалық кесте түрінде көрсету тапсырылады. Жасалынған жұмысты топ алдында қорғайды. Бағалау критерийлерін оқушылардың өздеріне құрғызуға болады.

Берілген абзацтағы дауысты дыбыстардың кездесуін статистикалық кесте түрінде көрсетіңіз:




Мысалы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді:

Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.





Әріп

Абсолютті жиілік

Салыстырмалы жиілігі

ү

5

5/73



Немесе танымдық материал ретінде:
Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.


Дескриптор Білім алушы



  • әрбір дауысты дыбыстың санын анықтайды;




  • кесте құрады;




  • жиіліктерін дұрыс есептейді.

53










Бөлім: «Статистика элементтері»







Оқу мақсаты




7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету













7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру




Бағалау критерийі

Білім алушы

























• Берілген деректер бойынша жиіліктер кестесін құрады
















• Кестедегі деректерді қайшылықсыздыққа тексереді




Ойлау дағдыларының

Қолдану













деңгейі






















1-тапсырма

























Кестеде 24 оқушының бойларының ұзындықтары көрсетілген:


































148

154




152

153

150

148







149

152




148

153

150

148







148

150




149

148

151

150







150

150




152

148

151

149




Мәліметтерді реттелген қатар түрінде орналастырып,



  1. абсолютті жиілік кестесін құрыңыз;

  2. салыстырмалы жиілік кестелерін құрыңыз;

  3. кестедегі деректерді қайшылықсыздыққа тексеріңіз.



Дескриптор Білім алушы

− таңдаманы реттелген қатар түрінде жазады;


− таңдаманы абсолютті жиілік кестесі түрінде көрсетеді;


− таңдаманы салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсетеді; − кестедегі деректерді қайшылықсыздыққа тексереді.


2-тапсырма
Жұптасып орындалатын тапсырма.

7 сынып оқушылары ең жиі кездесетін үй жануарын анықтағысы келді. Олар бір топ адамдардан сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі төменде көрсетілген. R = қоян, D = ит, F = балық, C = мысық, G = тышқан


G D R G C R R G C F


D G F R D C D C G F
G R D C G R G C F R



Үй жануарлары

Абсолютті жиілік

Қоян




Ит




Балық




Мысық




Тышқан





54

Сауалнамаға қанша адам қатысқан? __________
Қандай үй жануары жиі кездеседі? ___________
Балық асырайтын адамдар санының салыстырмалы жиілігін табыңыз _________


Дескриптор Білім алушы



  • жиілікті есептейді;

  • сауалнамаға қатысқан адамдар санын анықтайды;

  • жиі кездесетін үй жануарын атайды;

  • салыстырмалы жиілікті табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет