Берілген теңдеулерден квадрат теңдеулерді анықтаңыз. Квадрат теңдеулерден a, b, c коэффициенттерін анықтап, сәйкес бағаналарға «+» таңбасын қою арқылы квадрат теңдеулердің түрін ажыратыңыз.
Теңдеулер
Квадрат теңдеу
a
b
c
Толық кв. теңдеу
Толымсыз кв. теңдеу
Келтірілген кв. теңдеу
Келтірілмеген кв. теңдеу
+
3
24
23
-
+
-
Дескриптор: Білім алушы
квадрат теңдеулерді анықтайды;
квадрат теңдеулердің коэффициенттерін жазады;
толық квадрат теңдеулерді (келтірілген, келтірілмеген) көрсетеді;
толымсыз квадрат теңдеулерді көрсетеді.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді
Толық квадрат теңдеулерді шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Толымсыз квадрат теңдеуді шешіңіз:
a) b) 6x-5x2=0
c) (2x-5)(2x+5)=-25 d)
Дескриптор: Білім алушы
квадрат теңдеуді көбейткіштерге жіктейді;
квадрат теңдеудің түбірлерін табады.
2-тапсырма
Квадрат теңдеуді дискриминанттың көмегімен шешіңіз:
1) 2x2+3x-20=0 2) 16y2+24y+9=0 3) 4x2+3x+1=0
4) z2-2z+2,91=0 5) 6) 4x2+16x-3=0
Дескриптор: Білім алушы
қажет болған жағдайда толық квадрат теңдеуге түрлендірулер орындайды;
квадрат теңдеудің дискриминантын табады;
квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайды;
толық квадрат теңдеудің түбірлерін табады.
3-тапсырма
(a+3)x2+2ax+a-4=0 теңдеуі үшін:
a) екі әр түрлі түбірлері бар болатындай;
b) екі бірдей түбірі бар болатындай;
c) түбірлері болмайтындай а-ның барлық мәндерін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
дискриминантты есептейді;
түбірлерінің санына байланысты теңсіздікті (теңдеуді) құрады;
теңсіздікті (теңдеуді) шешіп, а-ның барлық мәндерін анықтайды.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Квадрат теңдеудің түбірлерін анықтау үшін Виет теоремасын қолданады
Виет теоремасына кері теореманы қолданып, берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрады
Кинотетр залында бір қатарында (x>5) орындықтан орналасқан, барлығы орындық бар. Барлық орындық неше қатарда орналасқан? (Жауабын өрнек түрінде жазыңыз)
Дескриптор: Білім алушы
қатардың санын есептеу үшін алгебралық өрнек құрады;
табылған түбірлердің бастапқы теңдеудің мүмкін мәндер жиынын қанағаттандыратынын тексереді;
бастапқы айнымалыға көшеді;
пайда болған теңдеуді шешеді.
3-ТОҚСАН
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады
Мәтінді есепті квадрат теңдеудің көмегімен шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
a) Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 6 см-ге артық, ал ауданы 112см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
b) Квадраты берілген санның өзінен 72-ге артық болатын санды табыңыз.
c) Аудармашы х сағаттың ішінде сағатына х+2 бет аудара отырып, барлығы 15 бет қолжазбаны аударды. Аудармашы барлық қолжазбаны неше сағатта аударды, және сағатына неше беттен аударып отырды?
d) Архат тіктөртбұрыш тәріздес бақшаны декоративті тастармен қоршағысы келді. Бақшаның периметрі 68м, ал ауданы 240 м2 болу үшін оның өлшемдері қандай болуы керек?
Дескриптор: Білім алушы
есептің шарты бойынша теңдеу құрады;
теңдеуді шешу әдісін таңдайды;
теңдеуді шешеді;
теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
Бөлім: «Квадрат теңдеулер»
Оқу мақсаты
8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады
Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағат 20 минут жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Бірінші жұмысшы 475 деталь дайындау үшін, екінші жұмысшы 550 деталь дайындауға кеткен уақыттан 6 сағ уақыт кем жұмсайды. Бірінші жұмысшы екінші жұмысшыға қарағанда сағатына 3 деталь артық жасайтыны белгілі болса, бірінші жұмысшы 1 сағатта қанша деталь жасайтынын табыңыз?
Дескриптор: Білім алушы
есеп шарты бойынша математикалық моделін құрады;
есептің шарты бойынша бөлшек-рационал теңдеу құрады;
алынған теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді;
теңдеуді шешу әдісін таңдайды;
теңдеуді шешеді;
теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
Шалбарды қандай бағада сатса күніне 1500$ кіріс кіреді;
Қандай бағада сатса мүлдем ешқандай кіріс болмайды;
Шалбарды қандай бағада сату ең тиімді?
Дескриптор: Білім алушы
аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның нөлдерін табады;
параболаның төбесін анықтайды.
Бөлім:«Квадраттық функция»
Оқу мақсаты
8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастырады
Квадраттық функцияны және оның қасиеттерін есептерді шешуде қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Тігін ательесі тапсырыс бойынша белгілі бір мерзімде 5400 көйлек тігіп шығару керек болатын. Ателье іс жүзінде күніне жоспардағыдан 30 көйлек артық тігіп отырғандықтан тапсырысты мерзімінен 9 күн ерте бітірді. Тапсырыс неше күнде орындалды.
Дескриптор: Білім алушы
есептің математикалық моделін құрады;
теңдеуді шешу тәсілін таңдайды;
теңдеуді шешеді;
теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
2-тапсырма
3 м/с бастапқы жылдамдықпен допты 2 м биіктіктен жоғары қарай вертикаль бағытта лақтырған, - мұндағы формуласын қолдана отырып, h(t) функциясын құрыңыз. Табыңыз:
a) доптың ең жоғарғы биіктігін;
b) ең жоғарғы биіктікке неше секундтан кейін жетеді;
с) доп қанша уақыттан кейін жерге құлады.
Дескриптор: Білім алушы
функияның ең үлкен мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның нөлдерін табады.
3-тапсырма
Нан өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер желісі күніне 2000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 70 теңгеден күн сайын бір нан алады. Нанның 1 теңгеге қымбаттауы дүкеннің 20 тұтынушысынан айрылуына әкеліп соғады. Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрыңыз. Математикалық моделіне сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Бағаны неше рет қымбаттату дүкен иесіне максималды табыс әкеледі?
Бағаның осылайша қымбаттауынан қанша теңге максималды табыс көреді?
Дескриптор: Білім алушы
- есептің математикалық моделін құрады;
- функцияның максимумын табады;
- функция максималды мән қабылдайтын аргументтің мәнін табады;
- табылған мәндерге анализ жасап, қорытынды жасайды.
Бөлім: «Статистика элементтері»
Оқу мақсаты
8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру
8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кесте құрады
Жиіліктердің интервалдық кестесінің көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шығыс Қазақстан облысындағы кездейсоқ алынған 30 ауылдағы халық санын зерттеу (адам саны) мынадай нәтиже берді:
2680; 2805; 2700; 2050; 2760; 2800
2930; 2430; 2990; 2795; 2170; 2681;
2945; 2645; 2743; 2100; 2954; 2068;
2095; 2786; 2540; 2680; 2860; 2814;
2590; 2712; 2120; 2945; 2794; 2785.
a) жиіліктің аралық кестесін жазыңыз (2000 адамнан бастап, аралық ұзындығын 200 адам етіп алыңыз);
b) гистограммасын тұрғызыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
алынған аралықты интервалдарға бөліп, өсу ретімен орналастырады;
Абсолютті жиілік кестесі бойынша жинақталған жиілік кестесін толтырады
Гистограммамен берілген ақпаратты талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Алматы қаласындағы шағын аудандардың біріндегі пәтерлердің ауданы туралы мәлімет төмендегі гистограммада көрсетілген.
Егер таңдамада барлығы 1500 пәтер болса, онда гистограммада көрсетілген әрбір интервалдың орташа мәніне абсолютті және жинақталған жиіліктер кестесін құрыңыз;
ауданы ең үлкен пәтерлердің саны қанша?
зерттеліп отырған шағын аудандағы пәтерлердің орташа ауданын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
абсолютті жиілік кестесін құрады;
жинақталған жиіліктер кестесін құрады;
ауданы ең үлкен пәтерлер санын анықтайды;
әрбір интервалдың орташа мәнін табады;
интервал орташа мәнін жиілікке көбейтіп, оларды қосады;
пәтерлердің орташа ауданын табу үшін, барлық пәтер санына бөледі.
Бөлім: «Статистика элементтері»
Оқу мақсаты
8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дисперсияны есептейді
Орташа квадраттық ауытқуды есептейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
8-сыныптағы 20 білім алушы сөзжұмбақ шешуден сайыс ұйымдастырды. Сайыс соңында жауабы табылмаған сөздердің санын әр білім алушы үшін анықтады. Мәліметтер төмендегі кестеде берілген:
Жауабы табылмаған сөздер саны
0
1
2
3
4
Білім алушы саны
2
1
8
х
4
Үш сөздің жауабын таба алмаған білім алушылар санын анықтаңыз;
Дисперсияны және орташа квадраттық ауытқуды табыңыз.
- функция анықталатындай, квадрат теңсіздік құрастырады;
- теңсіздікті шешу тәсілін таңдайды;
- квадрат теңсіздікті шешеді;
- функцияның анықталу облысын жазады.
3-тапсырма
Бейсбол добын таяқшамен соққан кезде t (сек), ( уақытында доптың биіктігі h болып, траекториясы теңдеуімен өрнектелді. Қандай уақыт аралығында доптың биіктігі 52 метрден артық болды?
Дескриптор: Білім алушы
- есеп шартына сай, квадрат теңсіздік құрастырады;
- теңсіздікті шешу тәсілін таңдайды;
- квадрат теңсіздікті шешеді;
- есеп шартына сәйкес жауабын жазады.
Бөлім: «Теңсіздіктер»
Оқу мақсаты
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Рационал теңсіздіктерді шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Теңсіздікті шешіңіз:
а)
b) ;
c)
d)
Дескриптор: Білім алушы
рационал теңсіздікті шешудің тиімді тәсілін таңдайды;
айнымалының мүмкін мәндер жиынын анықтайды;
өрнекті нөлге айналдыратын нүктелерді табады;
сан осіне өрнекті нөлге айналдыратын және анықталу облысына кірмейтін нүктелерді белгілейді;
таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
жауабын жазады.
2-тапсырма
Теңсіздікті шешіп, барлық теріс бүтін шешімдерін табыңыз: