1-тапсырма
Тігін ательесі тапсырыс бойынша белгілі бір мерзімде 5400 көйлек тігіп шығару керек болатын. Ателье іс жүзінде күніне жоспардағыдан 30 көйлек артық тігіп отырғандықтан тапсырысты мерзімінен 9 күн ерте бітірді. Тапсырыс неше күнде орындалды.
Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма
3 м/с бастапқы жылдамдықпен допты 2 м биіктіктен жоғары қарай вертикаль бағытта лақтырған, - мұндағы формуласын қолдана отырып, h(t) функциясын құрыңыз. Табыңыз:
a) доптың ең жоғарғы биіктігін;
b) ең жоғарғы биіктікке неше секундтан кейін жетеді;
с) доп қанша уақыттан кейін жерге құлады.
Дескриптор: Білім алушы
функияның ең үлкен мәнін табады;
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;
функцияның нөлдерін табады.
3-тапсырма
Нан өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер желісі күніне 2000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 70 теңгеден күн сайын бір нан алады. Нанның 1 теңгеге қымбаттауы дүкеннің 20 тұтынушысынан айрылуына әкеліп соғады. Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрыңыз. Математикалық моделіне сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Бағаны неше рет қымбаттату дүкен иесіне максималды табыс әкеледі?
Бағаның осылайша қымбаттауынан қанша теңге максималды табыс көреді?
Дескриптор: Білім алушы
- есептің математикалық моделін құрады;
- функцияның максимумын табады;
- функция максималды мән қабылдайтын аргументтің мәнін табады;
- табылған мәндерге анализ жасап, қорытынды жасайды.
|