Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет20/23
Дата16.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#55939
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
!1-ФО Алгебра 8 сынып қаз



Бөлім: «Статистика элементтері»


Оқу мақсаты

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кесте құрады

  • Жиіліктердің интервалдық кестесінің көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Шығыс Қазақстан облысындағы кездейсоқ алынған 30 ауылдағы халық санын зерттеу (адам саны) мынадай нәтиже берді:


2680; 2805; 2700; 2050; 2760; 2800

2930; 2430; 2990; 2795; 2170; 2681;

2945; 2645; 2743; 2100; 2954; 2068;

2095; 2786; 2540; 2680; 2860; 2814;

2590; 2712; 2120; 2945; 2794; 2785.
a) жиіліктің аралық кестесін жазыңыз (2000 адамнан бастап, аралық ұзындығын 200 адам етіп алыңыз);

b) гистограммасын тұрғызыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • алынған аралықты интервалдарға бөліп, өсу ретімен орналастырады;

  • әрбір аралықтың жиілігін есептейді;

  • координаталық осьтерді таңдайды;

  • гистограмма тұрғызады.





Бөлім: «Статистика элементтері»


Оқу мақсаты

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Абсолютті жиілік кестесі бойынша жинақталған жиілік кестесін толтырады

  • Гистограммамен берілген ақпаратты талдайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Алматы қаласындағы шағын аудандардың біріндегі пәтерлердің ауданы туралы мәлімет төмендегі гистограммада көрсетілген.





  1. Егер таңдамада барлығы 1500 пәтер болса, онда гистограммада көрсетілген әрбір интервалдың орташа мәніне абсолютті және жинақталған жиіліктер кестесін құрыңыз;

  2. ауданы ең үлкен пәтерлердің саны қанша?

  3. зерттеліп отырған шағын аудандағы пәтерлердің орташа ауданын табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • абсолютті жиілік кестесін құрады;

  • жинақталған жиіліктер кестесін құрады;

  • ауданы ең үлкен пәтерлер санын анықтайды;

  • әрбір интервалдың орташа мәнін табады;

  • интервал орташа мәнін жиілікке көбейтіп, оларды қосады;

  • пәтерлердің орташа ауданын табу үшін, барлық пәтер санына бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет