5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп сипаттайды
Қолдану
Тапсырма
Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын төмендегі кесте бойынша суреттеп сипаттаңыз.
Ая туралы жазушы ойы
Менің ойым (суреттеп сипаттау)
Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. «Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр», - деп шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...
Меніңше, Ая Райханнан үлкен болғанымен де өзін әлі кішкентай сезінеді, шығармаға сүйенсек, ол сіңлісіне қарағанда неғұрлым ерке, талапшыл сияқты: «Папа, тағы да, бізге балабақшада мұндай ертегі айтпайды», «Ия, папа, сен мұның бәрін қайдан білесің?», «Әже деген кім?» деп бәрін тез-ақ сұрап, білгісі келіп тұрады...
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін анықтайды;
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз. Суреттеулерді (салыстырмалы, қарама-қарсы суреттеулер) өз сөзіңізбен ұсыныңыз.
Үлгі:
... Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.
Әжесінің қолында тәрбиеленген,
Әжесіне еркелеп өскен.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы суреттеулерді табады;
суреттеулерге талдау жасайды, өз ойын ұсынады;
кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 2 дәлел табады;
дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сіз автор ретінде осы шығарманы неліктен осылай бастадыңыз? Егер сіз автор болсаңыз осы шығарманы қалай аяқтар едің? деген сұрақтарға жауап дайындаңыз.
Өз жауабыңызды «Автор орындығында» оқыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы автордың көзқарасы мен ойын талдайды;
автор орындығында автордың бейнесін сипаттап жеткізеді.
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарын мағынасына талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Әңгімеден тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, қарындашпен белгілеңіз.
Тілдік құралдардың мағыналарын анықтау үшін түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасаңыз және тілдік құралдарды қолдану мақсатын анықтау үшін келесі сұрақтар тізбегіне жауап беріңіз: не? қайда (кімнің)? қашан?
Үлгі:
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сен маған, мен саған. Шығармада кездескен бейнелеу, суреттеулерді теріп жазып алыңыз.
Суреттеулерді қима қағаздарға жазыңыз, жұбыңызбен қима қағазбен алмасыңыз.
Бейнелеу, суреттеулер мәтінде қандай мақсатта қолданылғанын мәтінге қарамастан мазмұндап, түсіндіріп беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды.
композициялық құрылымы бойынша әңгіменің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды
Білу және түсіну
Тапсырма
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау үшін келесі кестеге мән беріңіз, шығарма сюжетіне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіз, кестеге түсіріңіз.
Үлгі:
Қандай мәселелер көтерілді?
Шығармадағы мәселені ашатын үзінділер
Қандай үлгі-өнеге береді?
Ривераның туған елінің аянышты тұрмысы...
Шығарманың басындағы Ривераның Деннимен сайысқа түсер алдындағы туған елін көз алдына елестеткен тұсы...
Елін сүюге, өз халқының жарқын болашағы үшін күресуге, ...
Дескриптор
Білім алушы
шығарманың тақырыбы мен басты идеясын анықтайды;
басты идеясын талдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс – әрекетін анықтайды
Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы 2 кейіпкердің портретін және іс-әрекетін анықтап, шығармадан дәлел келтіріңіз.
Шығармадағы кейіпкерлер
Қандай?
Шығармадан дәлел келтіретін үзінді
Дескриптор
Білім алушы
әңгімеден 2 кейіпкерді анықтайды;
кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды;
анықталған портрет пен әрекеттер негізінде шығармадан
2 дәлел келтіреді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан үзінділерді пайдалану арқылы диалог, монолог айтады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадан өзіңізге ұнаған үзіндіні таңдаңыз. Таңдалған үзіндіні өз сөзіңізбен мәнерлеп айтып беріңіз, айтылған мазмұнды үзіндімен салыстырыңыз, толық айтылғанына мән беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
әңгімеден үзіндіні таңдайды;
үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы көрсетеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Әңгімеден өзіне ұнаған эпизодты анықтайды
Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Әңгімеден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты жаттап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
әңгімеден әсер еткен эпизодты анықтайды;
эпизодты жаттайды;
жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Көркемдегіш құрал түрін ажыратады
Қолдану
Тапсырма Әңгімедегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарама-қарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.
Суреттеу
Қарама-қарсы суреттеу
Көркемдегіш құрал түрі
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан қарама-қарсы суреттеуді табады;
анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды
Білу және түсіну
Тапсырма
Шығарма авторының бейнесін анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
- Автор әңгімені неге «Мексика ұлы» деп атады?
-Жазушы Ривера бейнесі арқылы қандай ой тастайды?
-Шығарма мазмұнынан авторға қандай мінездеме беруге болады?
-Шығармадан қандай әсер алдыңыз, сипаттап беріңіз?
Жауаптарды келесі сызбаға түсіріңіз:
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы автордың бейнесін анықтайды;
автор бейнесіне сипаттама береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды іріктейді
Бейнелеу құрал түрлерін анықтайды
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасын талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңыз, топтастырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады, топтастырады;
тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын талдайды, анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін өз пікірімен жазбаша жеткізеді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Шығарма сізге қалай әсер етті?» деген сұраққа жауап ретінде ұсынылған бағыттың бірін таңдап, «Мені селт еткізген оқиға» деген тақырыпта авторға немесе кейіпкерге хат жазыңыз.
1. Автормен сырласу.
2. Кейіпкермен сырласу.
Хатты қағазға түсіріңіз, «Автор орындығында» оқыңыз немесе сынып бұрышына іліңіз.
Бір-бірлеріңіздің хаттарыңызды оқып, стикерде автор/кейіпкер атынан жауап жазып қалдыруға болады.
Дескриптор
Білім алушы
шығарма авторы немесе кейіпкерді таңдайды;
кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Меніңше...
Шығармадан алған әсеріңізді стикерге жазып жұбыңызға ұсыныңыз.
«Сыныптасыңыздың шығармадан алған әсерімен келісесіз бе?» және өз пікіріңізбен бөлісу үшін шығармадан алған әсеріңіз туралы «Меніңше...» деп басталатын оқырманға (сыныптасыңызға) хат жазыңыз.
Хатпен таныстырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
оқырманға хат жазады;
кіріспе бөлімде оқырманмен амандасып, шығарма туралы жазады;
негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, алған әсерін айтады;
қорытынды бөлімде оқырманмен қоштасады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы бір кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан келесі кесте бойынша талдаңыз.
Кейіпкер
Мәтіннен мысал
Сіз берген мінездеме
Өмірде кездестірген ұқсас адам
Кестеге түсірілген жазбаға сүйеніп, әдеби эссе жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы кейіпкерді таңдайды;
кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды.
берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;
өз ойын дәлелдеу мақсатында шығармадан дәлелдер келтіреді;
кейіпкерге мінездеме береді;
кейіпкерге өмірде кездестірген ұқсас адамға мысал келтіреді.