Шығармадағы негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды
Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннен өзіңізге тиісті кейіпкердің сипаттауларын іздеп тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз (жұптағы бір оқушы - Кендебай, екінші оқушы – Керқұла образына талдау жасайды).
1-оқушы
Кейіпкер
Ертегідегі портрет
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарас
Кендебай
Торсық шеке, аппақ ұл ....
1. Аң аулап, кедейлерді қарық қылыпты.
2.
3.
2-оқушы
Кейіпкер
Ертегідегі портрет
Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарас
Керқұла ат
1.
2.
3.
Дескриптор
Білім алушы
ертегіден өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;
кейіпкердің ең маңызды 3 әрекетін анықтайды;
портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Оқу мақсаты
5.1.4.1. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан өзіне ұнаған эпизодты анықтайды
Эпизодты мәнерлеп жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Ертегіден өзіңізге ерекше әсер қалдырған эпизодты таңдап, жұбыңызға мәнерлеп жатқа оқыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
ертегіден әсер еткен эпизодты анықтайды;
эпизодты жаттайды;
жұбына үзіндіні мәнерлеп жатқа оқиды.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Жырдағы автордың ойын білдіретін жолдарды табады
Анықталған үзінділер негізінде автордың образын анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Шығармадан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді белгілеңіз. Осы үзіндіден баяндаушының көзқарасын «қос жазба» күнделігі арқылы түсіндіріңіз.
Мұғалімге нұсқау:
- екі кестенің сол жағына жырдан үзінділер жазылады, оң жағына түсіндірме жазылады.
- үзінді жырдан алынған тармақ немесе шумақтар, ал түсіндірмеде неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды екенін түсіндіреді.
2-тапсырма Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жасаңыз.
... Артық туған Қобыланның
Ісі келді жөніне,
Келмеді дұшпан шеніне,
Қалмақтан алған көп олжа,
Әділдікпен батырың
Жиып алып көп халқын,
Бөліп берді еліне,
Пақыр, кедей, кеміне.
Кедейі байға теңеліп,
Риза болды бәрі де
Қобыланды сынды еріне…
Дескриптор
Білім алушы
жырдан баяндаушының көзқарасын, пікірін білдіретін үзінділерді анықтайды;
баяндаушының көзқарасына өз пікірін білдіреді;
үзінді арқылы автор бейнесін анықтап, сөз тіркестері арқылы жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды
Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты 5 қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді тауып, көркемдік түрін анықтаңыз.
р/с
Суреттеу
Қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеу
Бейнелеу түрі
1
Кендебай ай сайын
емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты.
Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты.
Әсірелеу
2
3
4
5
Дескриптор
Білім алушы
ертегіден кейіпкерлерге қатысты бір суреттеуді анықтайды;
анықталған суреттеуге шығармадан қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;
суреттеулердің түрін ажыратады.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жырдан 5 бейнелеу құралын анықтап, мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Бейнелеу құралы кездесетін тармақтар
Бейнелеу құрал түрі
Мағынасы
...Құртқа сынды cұ л у ы ң
Алтын тонға орады...
эпитет
Құртқаның ханның қызына лайық киінетіндігін көрсету
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы 5 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;
5 бейнелеу құралының түрін ажыратады;
қолданылу мағынасын өз сөзімен жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Стратегия бойынша авторға хат жазады
Хат мазмұнынан алған әсерімен бөліседі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).
Р (роль) - болашақ ұрпақ
А (аудитория) - автор
Ф (форма) - хат
Т (тақырып) - Отанға деген сүйіспеншілік
Дескриптор
Білім алушы
стратегия бойынша болашақ ұрпақ атынан авторға хат жазады;
хат мазмұнында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі туралы жеткізеді;
Анықталған эпизодтар негізінде ертегінің тарихи құндылығына баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Топта берілген құндылықтарға қатысты шығармадан бірнеше эпизодтарды анықтаңыз.
1-топ
Құндылық
Эпизодтар
Отбасы
1.
2.
2-топ
Құндылық
Эпизодтар
Отанды қорғау
1.
2.
3-топ
Құндылық
Эпизодтар
Адамгершілік
1.
2.
4-топ
Құндылық
Эпизодтар
Достық
1.
2.
2-тапсырма Шығарманың тарихи құндылығын тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, өзіндік баға беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
құндылықты танытатын эпизодтарды анықтайды;
шығарманың тарихи құндылығын өздеріне тиісті құндылықпен байланыстыра отырып, баға береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажыратады
Кейіпкерлердің қасиеттерін шынайы өмірдегі адамдармен салыстыра бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасаңыз. Кейіпкердің бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін топтастырыңыз.
Кейіпкер
Жағымды қасиеттері
Дәлел
Жағымсыз қасиеттері
Дәлел
1.
2.
1.
2.
2-тапсырма Өзіңіз таңдаған бір кейіпкердің бойындағы қасиеттерді қазіргі өмірдегі адамдармен салыстыра отырып бағалаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
кейіпкер бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді анықтайды;
әр жағымды және әр жағымсыз қасиетке 1 дәлел келтіреді;
кейіпкерлердің бойындағы анықталған қасиеттердің қазіргі өмірдегі адамдардың бойында кездесу/ кездеспеуін салыстырады.
салыстыру арқылы кейіпкерге өзіндік баға береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды
Анықталған эпизодтар негізінде жырдың тарихи құндылығына өзіндік баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Шығарманың «тарихи құндылығын» көрсететін эпизодтарды ментальді картаға түсіріңіз.
2-тапсырма Шығарманың тарихи құндылығына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
жырдан шығарманың тарихи құндылығын танытатын 4 эпизодты анықтайды;
анықтаған эпизодтарын байланыстыра отырып, жырдың тарихи құнды мұра екендігін көрсететін пікір білдіреді.
Оқылатын шығарма тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жырдағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін талдаңыз. Өз пікіріңізді білдіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра сипаттаңыз.
Кейіпкер
портреті
(жыр бойынша)
іс-әрекеті
(жыр бойынша)
ХХІ ғасырда ....
(қазіргі өмірге сай өз пікірі)
Қобыланды
Құртқа
Қараман
Дескриптор
Білім алушы
жырдағы кейіпкерлердің портретін анықтайды;
кейіпкерлердің іс-әрекетіне 2 мысал жазады;
кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра отырып, өз пікірімен сипаттайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды
Білу және түсіну
Тапсырма
Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз.
2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.
2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.
Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Аңызда кездескен жер-су атауларын Қазақстанның тарихи кезеңдік картасынан (1-карта) көрсете отырып, аңызда қай аймақтар туралы айтылғанына көз жеткізіңіз және Қазақстанның пайдалы қазбалары картасынан (2-карта) сын айтылған жерлердің ерекшеліктеріне аңыздағы мәтінмен сәйкес тоқталыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
аңызда айтылған жерлердің географиялық орнын картадан анықтайды;
елді-мекендерге қатысты айтылған сынды қазіргі ерекшелігімен салыстырады;
салыстыру бойынша шығарманың тақырыбын анықтап, сөз тіркесімен береді;
шығарманың негізгі идеясын 1 сөйлеммен жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкердің портретін сипаттайды
Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын талдайды
Қолдану
Тапсырма
Берілген сурет бойынша Асан қайғының портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.
Портреті
Іс-әрекеті
Аңыздағы образы
Дескриптор
Білім алушы
суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;
кейіпкердің іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;
іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармадан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Аңыз мазмұны бойынша берілген суреттердің біріне таңдау жасаңыз. Аңыздан суретке сәйкес келетін үзіндіні тауып, жаттаңыз. Жұбыңызға жаттаған үзіндіңізді мәнерлеп жатқа оқыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
бір суретке таңдау жасайды;
аңыздан суретке сай келетін үзіндіні табады;
үзіндіні жаттайды;
жұбына мәнерлеп жатқа айтады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісіндегі суреттеулерді белгілейді
Қолдану
Тапсырма
Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 2 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 2 дәлел табыңыз.
Салыстыра суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
Қарама-қарсы суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 2 дәлелді анықтайды;
шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты 2 дәлелді анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Асан қайғының жерге айтқан сындарын мұқият оқи отырып, Асан қайғы бейнесін ментальді картаға түсіріңіз.
дәлел
көріпкел
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы автор бейнесін ментальді картаға түсіреді;
әр бейнеге аңыз мазмұнынан дәлел келтіреді.
Оқылатын шығарма Тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды
Қолданылу мағыналарын талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Аңыздағы қолданылу мағынасына талдау жасаңыз.
Бейнелеу құралдары
Шығармадан дәлел
Аңыздағы мағынасы
Теңеу
Эпитет
Ауыспалы мағынадағы сөз
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарына 1 дәлелден табады;
аңыздағы мағынасын түсіндіреді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны»
аңызы
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, пікірін жазбаша жеткізеді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша бірінші бағанға аңыз сюжетіндегі өзіңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз. Екінші бағанға үзіндіден алған әсеріңізбен бөлісіп, Асан қайғыға хат немесе бір шумақ өлең жазыңыз.
Аңыздан өздеріңізге әсер еткен үзіндіні жазыңыз
Авторға арнап осы үзінділерден алған әсеріңізді сипаттайтын өлең немесе хат жазыңыз
Дескриптор
Білім алушы
аңыз мазмұнынан ерекше әсер еткен үзіндіні анықтайды;
таңдалған үзіндіден алған әсерімен бөліседі;
Асан қайғыға шағын хат немесе бір шумақ өлең жазады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тарихи құндылығын дәлелдейтін эпизодтарды анықтайды
Тарихи құндылығына қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма Аңыздың тарихи құнды мұра екенін дәлелдейтін үш эпизодты анықтаңыз.
1-эпизод
2-эпизод
3-эпизод
2-тапсырма Жерге айтқан сындарға қатысты анықталған эпизодтарды елді-мекендердің қазіргі географиялық ерекшеліктерімен байланыстыра отырып, шығарманың құндылығын дәлелдеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
шығарманың тарихи құндылығына дәлел болатын 3 эпизодты анықтайды;
аңыздағы елді-мекендерді географиялық ерекшелігімен байланыстырады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма кейіпкерін шынайы өмірмен салыстыра бағалайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
www.mediakurs.kz/kz/video/329-aral_tengizi сілтемесі арқылы бейнематериалды көріңіз. Асан қайғы шынайы өмірдегі осы ақпаратқа қандай пікір айтар еді деп ойлайсыз? Өз сөзіңізбен салыстыра бағалаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
кейіпкердің ақпаратқа қатысты пікіріне болжам жасайды;
жасалған болжам негізінде өзіндік баға береді.
2-тапсырма Асан қайғы жерге айтқан сындарын VI-VII ғасырларда бұрын айтқан екен. Айтылған сындардың біздің заманымызға тура сай келгеніне көз жеткіздік. Қалай ойлайсыз, егер көріпкел абыз ХХІ ғасырда өмір сүрсе, өзі баға берген жерлеріне қандай сын айтар еді? Асан қайғы болып, аңыздағы екі жерге қатысты сын жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
Асан қайғының сын айтқан екі жеріне таңдау жасайды;
ХХІ ғасырдағы Асан қайғының рөліне енеді;
таңдалған екі жерге қазіргі өмірмен байланысты сын жазады.