Оқылатын шығарма
тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
|
Оқу мақсаты
|
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білім алушы
Шығарманың негізгі тақырыбын анықтайды
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
1-тапсырма
|
Ертегіге сай тақырыпты белгілеңіз.
А. Ердің атын ел шығарады.
В. Көз – қорқақ, қол - батыр.
С. Батыр туса, ел ырысы.
Д. Еңбек ерлікке жеткізер.
2-тапсырма
Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ертегідегі басты идея - .....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ».
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
|
берілген нұсқалардың ішінен ертегіге сай келетін тақырыпты белгілейді;
бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды;
екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді;
үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден
2 дәлел келтіреді;
төртінші сөйлемде идеяға қатысты өзіндік тұжырым жасайды.
|