Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі3,05 Mb.
#91785
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
!10 ОШ ҚБ Әдебиет 5-сын

3-тоқсан





Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, «Адамдық
диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Өлеңді сюжеттік дамуына қарай сипаттайды

  • Композициялық құрылысына талдайды

Қолдану


1-тапсырма

«Егіннің бастары» өлеңін композициялық құрылысына талдаңыз.

Композиция

Басталуы




Дамуы




Шиеленісуі




Шарықтау шегі




Шешімі






2-тапсырма
Композиция бойынша өлеңді жұбыңызға өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.

Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді;

  • жұбына өлеңнің сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.




Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың идеясына қатысты тақырып ұсынады

  • Шығармадан идеяға қатысты бөлімді анықтау арқылы, өзіндік тұжырым жасайды

Қолдану









1-тапсырма

Өлеңге басқаша тақырып қойып, себебін түсіндіріңіз.



Өлеңнің тақырыбы

Себебі







2-тапсырма
Өлеңдегі дәнге толы және дәні жоқ егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды, өлеңнің идеясын ашуға тірек болатын шумақты анықтаңыз.



Дәні жоқ егіннің басы

Дәнге толы егіннің басы

Идеяға қызмет ететін шумақ



Өзіндік тұжырымыңыз

















Дескриптор

Білім алушы




  • шығармаға басқаша атау ұсынады;

  • атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді.

  • өлең мазмұнынан егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды теріп жазады;

  • өлеңнен идеяны ашуға негіз болып тұрған шумақты анықтайды;

  • анықталған шумақ негізінде өз пікірін бір сөйлеммен білдіреді.


Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс – әрекетін анықтайды

  • Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды

Қолдану








Тапсырма

Топта тиісті кейіпкердің портретін және іс-әрекетіне қатысты сызба дайындаңыз. Сызба негізінде кейіпкер образын ашыңыз.

1-топ. Дәні жоқ егіннің басы


2-топ. Дәнге толы егіннің басы
3-топ. Бала
4-топ. Әке



Дескриптор

Білім алушы




  • өлеңнен кейіпкердің портретін және әрекетін көрсететін жолдарды анықтайды немесе өлең мазмұны негізінде өз болжамдарын ұсынады;

  • анықталған портрет пен әрекеттер негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен ашады.






Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадан алынған үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқиды

Қолдану








Тапсырма
Жұбыңызбен өлеңнен үзіндіні таңдап, рөлдік ойын арқылы мәнерлеп жатқа айтыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы диалогтен үзінді таңдайды;

  • үзіндіні жатқа оқып, рөлдік ойын арқылы көрсетеді.






Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармалардағы қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды

  • Көркемдегіш құрал түрін ажыратады

Қолдану








Тапсырма

Өлеңдегі қарама-қарсы суреттеулерді тауып, кестеге орналастырыңыз. Қарама-қарсы суреттеулердің көркемдегіш түрін анықтаңыз.



Суреттеу

Қарама-қарсы суреттеу

Көркемдегіш құрал түрі









Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан қарама-қарсы 4 суреттеуді табады;

  • анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды.



Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы мәселелер негізінде автор образын анықтайды

Қолдану








1-тапсырма

9 ромб әдісі бойынша шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған мәселелерді анықтаңыз. Жұбыңызға анықталған мәселелердің неліктен маңызды және маңызды емес екенін түсіндіріңіз.
Мысалы: адамдық, еңбек, бейнет, зейнет.. - МАҢЫЗДЫ; мал, есек, жасық .... - ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.
Анықталған маңызды аспектілер арқылы автор бейнесін сипаттаңыз.

Дескриптор

Білім алушы




  • өлеңнен автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды;

  • 3 маңызды емес аспектіні анықтайды;

  • анықталған маңызды аспектілер негізінде автор бейнесін 2 сөйлеммен сипаттайды.




2-тапсырма

Шығармадан автордың «МЕН» бейнесін көрсететін тармақтарды табыңыз.
Үлгі:
МЕН қырға шықтым,
МЕН құрға шықтым,
МЕН тұқымын шаштым....
МЕН ....


Тармақтардың мазмұны бойынша автор бейнесін сын есімдер арқылы ашыңыз.







Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы автордың «мен» бейнесін ашатын өлең тармақтарын табады;

  • тармақтар мазмұны бойынша автор бейнесіне қатысты сын есімдерді кластерге түсіреді.

Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды

  • Мағыналарына қарай талдайды

Қолдану








Тапсырма

Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздер кездесетін тармақтарды табыңыз. Суреттеу құралының мағынасын түсіндіріңіз.



Ауыспалы мағынадағы сөздер

Мағынасы


























Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы ауыспалы мағынада қолданылған сөз кездесетін

3 тармақты анықтайды;

  • әр тармақтың құрамындағы ауыспалы мағынадағы сөздің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.



Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізеді

Қолдану








Тапсырма

Төменде ұсынылған бір зат есімге таңдау жасап, бес жолды өлең құрастырыңыз. Өлең құрылымындағы сөздер арқылы шығармадан алған әсеріңізді көрсетіңіз.
Ұсынылатын зат есімдер: тәкаппарлық, адамгершілік, қасиет, үлгі



  1. зат есім

  2. сын есім

  3. етістік

  4. 4 сөзді сөйлем

  5. синоним




Дескриптор

Білім алушы




  • берілген зат есімдердің біріне таңдау жасайды;

  • таңдаған зат есімге қатысты екі сын есім жазады;

  • зат есімге қатысты үш етістік жазады;

  • төрт сөзден тұратын сөйлем құрастыру арқылы әсерін жеткізеді;

  • таңдаған зат есімге мағыналас болатын бір зат есім жазады.



Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің бейнесіне қатысты үзінділерді анықтайды

  • Үзіндіде берілген қасиеттерді қазіргі өмірмен салыстыра отырып, көзқарасын білдіреді

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Өлеңнен кейіпкерлер бейнесін айқындайтын өлең тармақтарын анықтаңыз. Негізгі сөздерге өз сөзіңізбен анықтама беріңіз. Анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына қатысты көзқарас білдіріңіз.



Мәтіннен үзінді

Өз сөзіңізбен сипаттаңыз
ОЛ КІМ?

Қазіргі өмірде

Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.



Көп білетін адам, ізденгіш әрі еңбекқор адамдар...

Мұндай адамдар тарихта ұмытылмайды, артында еңбегі, ашқан жаңалығы қалады...мысалы...

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.



Күн көрісі үшін басқа адамның жұмысын істейтін адам... барлық қара, қиын жұмыстарды атқарады...

Тарихи деректерге сүйенсек байлар құл ұстаған, малы, ақшасы, ішерге тамағы жоқ адамдар құлдыққа алынған. Бірақ қазір біздің елімізде құл деген жоқ....







Дескриптор

Білім алушы




  • өлеңнен кейіпкерлер бейнесіне қатысты 3 үзіндіні тауып жазады;

  • өлең тармағындағы кейіпкер бейнесін ашатын кілт сөзді анықтайды;

  • кілт сөзге өз сөзімен сипаттама береді;

  • анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде кездесуіне мысал келтіру арқылы өз көзқарасын 2 сөйлеммен жеткізеді.


Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдап, эссе жазады

  • Эссе құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары











Тапсырма

Шығармадағы бір кейіпкерді таңдаңыз. Таңдаған кейіпкеріңіздің бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).



Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;

  • кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

  • негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

  • әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

  • қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).







Оқылатын шығарма тақырыбы А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы,
«Адамдық диқаншысы» өлеңі



Оқу мақсаты

5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың оқырманға берер әсерін анықтайды

  • Өз көзқарасын білдіріп, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

«А.Байтұрсынов өлеңдерінен алған әсерім қандай?» тақырыбында жазба жұмысын орындаңыз (100-120 сөз).

Дескриптор

Білім алушы




  • кіріспе бөлімде мысал өлеңдердің адамгершілік қасиеттер туралы екендігіне тоқталады (20-25 сөз);

  • негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді (60-70 сөз);

  • қорытынды бөлімде өлеңдердің идеясы, тәрбиелік құндылығы жайлы ойымен қорытындылайды (20-25 сөз).


Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкер әрекеті арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды

  • Шығармадағы автор идеясына дәлелдер келтіреді

Қолдану








Тапсырма

Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырыңыз. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беріңіз.




Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы 4 кейіпкердің бір-бір әрекетін таңдайды;

  • әрекеттер негізінде шығарманың тақырыбын сөз тіркесімен береді;

  • идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.


Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды

  • Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды

Қолдану








Тапсырма

Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтаңыз және образын суреттеп сипаттаңыз.



Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті

Бұл кім?

Кейіпкердің образын өз сөзіңізбен суреттеп сипаттаңыз

Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес.







Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді.







Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш 










Дескриптор

Білім алушы




  • үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;

  • кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды.





Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды

  • Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады

Қолдану








Тапсырма

Топта берілген кейіпкерлерге қатысты салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы суреттеулерді анықтаңыз.
1-топ. Қожа мен Жантас
2-топ. Анасы мен Майқанова
3-топ. Қожа мен Жанар
4-топ. Сұлтан мен Қожа
5-топ. Оспанов және Майқанова

Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 3 дәлел табады;

  • дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.




Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану









Тапсырма

Шығармадан автордың өзі туралы жазылған эпизодтарын табыңыз. Сол арқылы автор бейнесін анықтап, мінездеме ұсыныңыз.
Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен (үнтаспа тыңдау): «Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, басымнан кешкенді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды».



Автор туралы эпизодтар

Автор бейнесі қандай?

1.
2.
3.
4.
5.





Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан автордың бейнесіне қатысты 5 эпизодты табады;

  • эпизодтар негізінде авторға мінездеме береді.





Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табады

  • Анықталған құралдардың түрін анықтап, мағынасын түсіндіреді

Қолдану








Тапсырма

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін үзінділер табыңыз. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңыз. Өз сөзіңізбен мағынасын түсіндіріңіз.



Бейнелеу, суреттеу құралдар кездесетін сөйлемдер

Қай кейіпкерге тән?

Көркемдегіш құрал түрі

Мағынасы








































Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін

3 сөйлемді табады;

  • олардың қай кейіпкерге қатысты екенін жазады;

  • анықталған суреттеулердің қандай көркемдегіш құрал түріне жататындығын анықтайды;

  • әр суреттеу құралының мағыналарын 1 сөйлеммен түсіндіреді.


Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерден алған әсері туралы кейіпкерге хат, өлең жазады

  • Жазба жұмысының құрылымын сақтайды

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Өзіңіз таңдау жасаған бір кейіпкерге хат жазыңыз. Хатта кейіпкерден алған әсеріңізді жүйелі жеткізу үшін төмендегі кестені негізге алыңыз (120-130 сөз).




Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы бір кейіпкерге таңдау жасайды;

  • кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;

  • негізгі бөлімде кесте негізінде шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бойынан көрген жақсылық немесе кемшіліктерін айтады;

  • қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады.


Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдаңыз. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз.



Шығармада...

Қазір...

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді...

Қазіргі уақытта мұғалім мен оқушы арасында мұндай түсінбестік жоқ, мұғалімдер оқушылардың білім алуы мен тәрбиесіне белсенді қатысып отырады, мұғалімдер оқушыларды жамандамайды, қатты ұрыспайды, тек ненің дұрыс, ненің бұрыстығын түсінуге көмектеседі, ата-аналар да мектеп жұмысына қатысады...
















Дескриптор

Білім алушы




  • бір кейіпкерге таңдау жасайды;

  • шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау жасап, кестеге орналастырады;

  • таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіреді.








Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

«Қожа түбінде адам болатын бала» деген пікірмен келісесіз бе? Өз пікіріңізге шығармадан дәлелдер келтіре отырып, Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің болу-болмауын талдап, эссе жұмысын жазыңыз (120-130 сөз).

Дескриптор

Білім алушы




  • берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;

  • өз ойына шығармадан дәлелдер келтіреді;

  • дәлелдер арқылы Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттердің бар-жоғын талдайды.



Оқылатын шығарма тақырыбы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты



Оқу мақсаты

5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадан алған әсерін талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Төмендегі жазбалардың негізінде шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, «Повестен кейінгі ой» тақырыбында өз пікіріңізді білдіріп, жазба жұмысын орындаңыз.
- Қожа - менің сүйікті кейіпкерім;
- Қожа - жаны таза бала;
- Қожа - түбі адам болатын бала;
- Қожаның болашағы жарқын.



Дескриптор

Білім алушы




  • жазбалар реті негізінде негізгі кейіпкерді ақтайды;

  • әр жазбаға өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • қорытындыда шығарма туралы жалпы тұжырым жасайды.


Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен орналастырады

Білу және түсіну









Тапсырма

Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен қойып, жұбыңызға әңгімелеңіз.

Сюжет

Реті

Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытты сұрап, жаттығуға асығуы.




Аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы.




Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып, вокзалға бағыт алуы.




Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен әңгімесі.




Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы тосырқаулық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы.







Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың сюжеттік даму ретін анықтайды;

  • мазмұнын жұбына әңгімелейді.


Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

  • Идея негізінде шығарманың тақырыбын анықтайды

Білу және түсіну









Тапсырма

Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.

  • Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ертегідегі басты идея - .....»

  • Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»

  • Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы ................деген шешімге келдім.... ». 




Дескриптор

Білім алушы




  • бірінші сөйлемде шығарманың идеясын анықтайды;

  • екінші сөйлемде идеяны таңдау себебін түсіндіреді.

  • үшінші сөйлемде идеяны нақтылауға қатысты ертегіден

2 дәлел келтіреді;

  • төртінші сөйлемде идея негізінде шығарманың тақырыбына қатысты өзіндік тұжырым жасайды.


Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды

  • Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен әрекетіне өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. Сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасаңыз.



Кейіпкер

Менің пікірім...

Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел

Директор - жасамыс, ақ сары әйел...
Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды.
Әр қайырма сайын басын бірде шайқап, кейде изеп, жігітті жылы шырайда тыңдаған директор саусақтарының буынын сыртылдатып үзіп отырды да, сөзге көшті…

Директорлар әдетте құжатқа өте жауапты қарайды. Сұхбаттасып отырған адамды мұқият тыңдау мәдениетін меңгерген...

Сауатты, жанашыр...






















Дескриптор

Білім алушы




  • 3 кейіпкердің портреті мен іс-әрекетіне шығармадан айғақ табады;

  • анықталған әрекет немесе портрет арқылы кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;

  • кейіпкер образын сын есім немесе мақал-мәтелмен тұжырымдайды.





Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлер арасындағы салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерге дәлел келтіреді

Қолдану









Тапсырма

Шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табыңыз. Олардың суреттеудің қай түріне жататындығын дәлелдеңіз.



Шығармадағы суреттеулер

Суреттеулердің түрлері












Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан кейіпкерлер арасындағы суреттеулерді табады;

  • салыстырмалы және қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.





Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

Қолдану







Тапсырма

Шығармадан автордың бейнесін танытатын эпизодтарды кестеге түсіріңіз. Анықтаған эпизодыңыздағы автор бейнесіне өз ойыңызбен пікір білдіріңіз.



Эпизодтар

Менің пікірім...

Манап «Директор» деген алтын жазулы кабинетті тез тауып алды. Рұқсат сұрап, сыпайы кірген мұны басынан аяғына дейін шапшаң шолып шыққан жасамыс, ақ сары әйел орнынан тұрып, нақ алдындағы орындықты нұсқады. Бұл кабинеттің табалдырығын аттаған жан ең әуелі ашық қабақ пен жылы сөзді аңсап келетінін жақсы біле ме, директор саулығын, жол машақатын тәптіштеп сұрады....

Автор - баяндаушы, себебі оқиғаны баяндап үшінші жақта сөйлеп тұр.

Лекіп сөйлеген директор жол ортада бөгеліп, інісін іздеп келген жігітке қараса, стол бетіне үңіліп, жылтыр тақтайды жанарымен сүртіп отыр екен. «Орынсыз мылжыңдап, түн қатып, түсі қашып келген қонағымды шаршатып алдым ба?» — деп ойлады ма, болмашы қызарып, күлімсіреді. Төмен қарап, көзімен жер сүзу Манаптың, қала берді Төрекелді тұқымының маңдайына жазылған қасиет екенін бір көрген директор қайдан білсін?...

Автор - сезімтал, бақылаушы, директордың Манапқа қатысты ойын жеткізуінен көрінеді.







Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы автордың бейнесіне қатысты 3 эпизодты анықтайды;

  • әр эпизодтағы автор бейнесіне өз сөзімен сипаттама береді.




Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін ойларды анықтайды

  • Бейнелеу құралының түрі мен мағынасына талдау жасайды

Қолдану








Тапсырма

Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді табыңыз. Олардың түрлері мен мағыналарына талдау жасаңыз.

Шығармадан үзінді

Бейнелеу, суреттеу құралының түрі

Мағынасы

































Дескриптор



Білім алушы




  • шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін 3 сөйлемді табады;

  • олардың түрлерін анықтайды;

  • бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын талдайды.



Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Стратегия бойынша авторға хат жазады

  • Алған әсерімен бөліседі

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

«РАФТ» стратегиясын негізге ала отырып, шығармадан алған әсеріңізбен бөлісіп, авторға хат жазыңыз (100-120 сөз).
Р - роль - оқырман
А - аудитория - автор
Ф - форма - хат
Т - тақырып - туыстық қатынас





Дескриптор



Білім алушы




  • стратегия бойынша болашақ оқырман атынан авторға хат жазады;

  • хат мазмұнында туыстық сезім туралы жеткізеді;

  • шығармадан алған әсерін кейіпкерлер әрекетімен байланыстырады;

  • хат құрылымын сақтайды.






Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.3.2.1 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкерлердің тағдырын шынайы өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Шығармадағы кейіпкерлердің қазіргі күндегі өміріне өз ойыңызша болжам жасаңыз. Жасаған болжамдарыңызға шығармадан дәлел келтіріңіз.



Кейіпкер

Қазіргі өмірде

Неге олай болжам жасаймын?

Манап Төрекелдиев – соғыстан кейінгі ауыр жылдарда балалар үйіне тапсырған бауырын іздеуші жігіт.









Қали Төрекелдиев – балалар үйінде тәрбиеленуші Манаптың бауыры.









Виктория Ивановна – балалар үйінің директоры.









Эльжбета Сергеевна – балалар үйінің қызметкері.










Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма кейіпкерлерінің қазіргі өміріне болжам жасайды;

  • болжамының себебін түсіндіреді;

  • шығармадағы кейіпкер әрекеттерімен байланыстырады.


Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктеріне талдау жасайды

  • Анықталған ерекшеліктерге шығармадан дәлелдер келтіреді

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Шығарма кейіпкерінің бірінің тұлғалық ерекшеліктерін талдаңыз.
Үлгі: Манап - еңбекқор, бауырмал, адал, әке алдындағы борышын өтеді, қамқоршы, бейнет көрген жігіт.
Анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап, эссе жазыңыз (120-130 сөз).



Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан бір кейіпкерді таңдайды;

  • кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

  • негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

  • әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

  • қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).


Оқылатын шығарма тақырыбы М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі



Оқу мақсаты

5.3.4.1 Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадан алған әсерін талдай отырып, жазба жұмысын жазады

Жоғары деңгей дағдылары











Тапсырма

Жазушының «Бауыр» әңгімесі терең психологиялық сезімге құрылған. Шығармаға арқау болған адамдар өміріне зардабын тигізген, бауырлардың бір-бірінен еріксіз ажырап қалуына себеп болған Ұлы Отан соғысының ащы шындығы сізге қалай әсер етті?
Осы сұраққа жауап ретінде сыни хабарлама жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • кіріспе бөлімде шығармадағы кейіпкерлер, шығарманың тақырыбы мен идеясына тоқталады (20-25 сөз);

  • негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, кейіпкерлер әрекетінің неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді (60-70 сөз);

  • қорытынды бөлімде отбасы құндылығы, оның маңыздылығы жайлы ойымен қорытындылайды (20-25 сөз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет