«Бекітемін» Тақырыбы



бет1/2
Дата06.02.2020
өлшемі165,6 Kb.
#57299
  1   2
Байланысты:
атымтай жомарт

«Бекітемін»

Тақырыбы

Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық

Мектеп: №268 мектеп-лицей


Пәні: әдебиет

Мерзімі: .12.2019ж

Мұғалім: Досанова Гайни

Сынып : 5 В

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттар

5.А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сабақтың мақсаттары

1.Барлық оқушылар орындай алады:Шығарма мазмұнын түсінеді,зерттейді. Рөлдік ойындар, таныстырылым әдістері арқылы шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды. Қарама-қарсы ұғымдағы жомарттық пен сараңдықты мәтін мазмұнынан табады,салыстырады.

2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Көркем шығармада көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасын дәлелді етіп жеткізеді. Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, тұжырымдайды, «Ойлан,зерделе» әдісі арқылы сыни ойлау тұрғысынан зерделейді.

3. Кейбір оқушылар орындай алады:«Құнды пікір» әдісі арқылы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра отырып, түйінді ой айта алады. Жомарттық пен сараңдықты адамгершілік тұрғысынан салыстыра бағалайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады.

Бағалау критерийі

  1. Шығарма мазмұнын түсінеді, тұжырым жасайды.

  2. Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.

  3. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.

  4. Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырып және қарама-қарсы суреттеулерді тауып, диалог, пікірталасқа түсу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:көңілге жел кіру, дәулет,әдет, кем-кетікке жәрдем беру, әбірет алу

Диалог құруға\шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:шөп тасып, жұмыс қылады, ұмытармын деп қорқамын, әбірет алсын деймін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Әңгіме оқырманға қандай үлгі-өнеге көрсетеді?

- Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай?

-Егер сен бай болсаң, не істер едің?



-Не себепті Атымтай Жомарт дәулетті болса да, шөп тасып,күнде еңбектенеді?

Ишара: рөлдік ойындағы қол қимылдары

Құндылықтарға баулу


Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулимын.

Пәнаралық байланыс

Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын,еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер де ұтымды қолданамын.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«1 минут» әдісі. Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Оқушылар өтілетін тақырып бойынша не білетінін 1 минут тоқтамай айтып шығады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 3мин

1.«Сәлемдесу» сергіту сәті. Білім

алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тілеймін(бас бармағын тигізеді)

-Бақыт(сұқ саусағын тигізеді)

-Денсаулық(ортаңғы)

-Барлығында(атаусыз саусақ)

-Барлық жерде(шынашақ)

-Сәлеметсің бе!(алақанын бір-біріне тигізеді)



2.«Суреттер: не болды?» әдісі. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. Оқушылардан суретте не болып жатқанын және түсіндіріп берулері сұралады.



Білім алушының назарын шоғырландыру үшін қосымша жетекші сұрақтар қойылады:



- Суреттен не байқадыңдар?

- Бұл қандай адам? Оның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыз?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайлы? Болжаңыз.

3. Оқушылармен бірігіп, бүгінгі сабақ мақсатын айқындап аламын.

4. Үлестірме қағаздар арқылы сынып оқушыларын топқа бөлемін.

І топ. Жомарт

ІІ топ. Мейірім

ІІІ топ. Еңбек





«Суреттер: не

болды?» әдісіне

арналған суреттер


«Жомарт», «Мейірім», «Еңбек» топ аттары жазылған үлестірме қағаздар



Сабақтың ортасы

4 минут


4 минут

8 минут


8 минут

5 минут


5 минут



Білім алушы әрекеті:Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен «Уақыт тізбегі»әдісі бойынша сызбаға жазады. Тапсырманы орындауда мағынаны ұғынуға арналған оқылым мен жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: білу,түсіну

Бағалау критерийі:

Шығарма мазмұнын түсінеді



Тұжырым жасайды.

Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.


Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомартайттыдейдi:

– Төрттүрлiсебеп бар. Әуелгiсi: әдемiат, асылкиiм, асқандәулеттiөнебойыәдететсең, көңiлгежелкiргiзедi; солжелiккенкөңiлменөзiмнентерезесiтөменбейшараларданжиренiп, көзсалмай, кем-кетiккежәрдемберудiұмытармындепқорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмысқылсам, мұныңкемшiлiкемесекенiнбiлiп, кейiнгiлерәбiреталсындеймiн. Үшiншiсi: күнсайынөзбейнетiмментапқанбiр-екiпұлғанансатыпалыпжесем де бойымасолтамақболыптарайды, еңбекпентабылғандәмнiңтәттiлiгi, сiңiмдiлiгiболадыекен. Төртiншiсi: құдайтағаламныңбергендәулетiнөзiмсiнiп, тиiстiорындарынажаратпай, көбiсiнөзiмiшiп-жеп, өзiмтұтынсам, мал бергениесiнекүнәлiболармындепқорқамын, – дедi.
Дескриптор:

1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.

2. Мәтін мазмұнына анализ жасайды.

3. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»
Жұптық жұмыс. «Ойлан,зерделе» әдісі

Білім алушы әрекеті: Берілген сөздің мағынасын түсіне отырып, жомарттық пен сараңдық сөзі қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады. Тапсырманы орындауда тілдік мақсатты басшылыққа ала отырып, жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану Бағалау критерийі: Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.

Тапсырма. Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.


Сөз

Мағынасы

Мақал-мәтел

Жомарттық







Сараңдық








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет