Дескриптор:
1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады.
2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады.
3. Мақал-мәтелді тауып жазады.
4. Кестені толтырады.
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!»
Топтық жұмыс
«Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы
Білім алушы әрекеті: Білім алушылар интерактивті тақтада жазылған топ аттарына назар аударып, өзінде қызығушылық тудырған топқа бірігеді. Сол топқа берілген тапсырманы орындайды.
Ойлау дағдысының деңгейі: қолдану,талдау
Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.
Тапсырма:
Баяндаушылар (әдеби шығарманың мазмұнын баяндайды)
Зерттеушілер ( Шығарма туралы,оның авторы жайлы зерттеу жүргізеді)
Сұрақ құрастырушылар (Әңгіме желісі бойынша қарапайым және күрделі сұрақтар құрастырады)
Афоризмдер табу (Көркем шығармадағы мақал-мәтел,нақылға айналған сөздерді тауып, мәнін ашады)
Талдаушылар (Жомарт пен сараң адамның бойындағы қасиеттерді талдай отырып,интернет желісінен суретін табады немесе сурет салады.)
Дәнекерлеушілер (Көркем шығармада көтерілген мәселені, кейіпкерді қазіргі заманмен салыстырады.)
Дескриптор:
1 Шығарманың мазмұнын баяндайды.
2. Шығарма туралы, оның авторы туралы зерттейді.
3. Мәтін мазмұны бойынша әр түрлі деңгейлегі сұрақтарды құрастыра алады.
4. Шығармадан афоризмдерді, нақыл сөздерді табады.
5. Жомарт адам мен сараң адам бейнесін салыстырады.
6. Жомарт пен сараң адам бейнесін интернет желісінен табады немесе сурет салады.
6. Шығармада көтерілген мәселені қазіргі заманмен салыстырады.
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Шебер орындалған!», «Құнды пікір айттыңыз!», «Дөп түстіңіз»», «Өте жақсы!»
Топтық жұмыс. «Тұжырымда» әдісі
Білім алушы әрекеті: Білім алушылар шығармадағы әңгімедегі Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра және қарама-қарсы ұғымдағы суреттеулерді мәтіннен тауып, өзіндік пікірлерін дәлелдеп, тұжырым жасайды. Тапсырманы орындауда саралау тапсырмасы негізінде орындатамын. Берілген тапсырмалар оқушының қызығушылығына орай, деңгейіне қарай сараланып алынды. Бірлескен оқу жүзеге асады.
Ойлау дағдысының деңгейі: талдау
Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.
Тапсырма. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңдар. Жұмыстың нәтижесін постер қорғау, рөлдік ойын, диалог,пікірлесу арқылы көрсетіп,қорытындылаңыз.
Талқылау сұрақтары:
-Неліктен Атымтай Жомарт дәулетті бола тұра, шөп тасып,еңбек қылды? Себебін түсіндіріңіз.
-Жомартыққа қарама-қарсы қасиетті қай кейіпкердің сөзінен байқадыңдар? Дәлел келтіріңіз.
- Атымтай Жомарттың пікірінен қарама-қарсы суреттеулерді табыңыз, анализ жасаңыз.
І топ. Постер дайындау
ІІ топ. Рөлдік ойын көрсету
ІІІ топ. Диалог,пікірталас
Дескриптор:
1 . Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырады,
2. Анализ жасай отырып, өзіндік баға береді.
3. Постер дайындайды.
4. Рөлдік ойынды көрсетеді.
5. Диалог,пікірталас ұйымдастырады..
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздер: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Құнды пікір!», «Жақсы!»
Жұптық жұмыс. «Қос диаграмма» әдісі
Білім алушы әрекеті: Білім алушылар жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын тауып,жинақтайды. Берілген диаграммаға салады. Мәтіннен түсінгенін және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді тиімді қолданысқа енгіздім.
Ойлау дағдысының деңгейі: жинақтау
Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.
Тапсырма: Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, диаграммаға салыңыз. Интербелсенді тақтада орындаңыз.
Дескриптор:
1 . Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады,
2. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады.
3. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
3. Қос диаграмманы толтырады.
Кері байланыс:«Өте жақсы жазылған», «Дұрыс таптың!», «Орынды айттың!», «Интерактивті тақтада орындағын жұмысыңыз үздік болды!», «Шебер орындадыңыз!»
«Құнды пікір» әдісі
Білім алушы әрекеті: Білім алушы сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды. Әдеби шығармада көтерілген мәселеге анализ жасай отырып, өмірдегі шындыққа көзқарасын қалыптастырады.
Ойлау дағдысының деңгейі: бағалау
Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып,бағалайды.
Тапсырма:
Жомарттық әлемді өзгерте ме?
Қазіргі қоғамда Атымтай Жомарт кездесе ме?Қазіргі заманның Атымтай Жомарты қандай деп ойлайсыз?Кейіпкермен салыстырыңыз.
Кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер едің? «Егер мен бай болсам....» ойды жалғастырып айтыңыз.
Білім алушының ойлау қабілетінің эмоциялық жағына әсер ету үшін бағалаушы сұрақтарды тиімді қолданамын,өйткені жаңа ақпарат білім алушының ішкі дүниесіндегі жағымды ассоциациялармен байланысты болса, ақпаратты тез қабылдайды.
Дескриптор:
1 . Сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды.
2. Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды.
3. Өмірден мысал келтіріп,өз ойын дәлелдейді.
3. Шығармадағы көтерілген мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады.
Кері байланыс:ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»
«Атымтай
Жомарт»
әңгімесі
«Уақыт тізбегі»
әдісі
Интербелсенді
тақта
«Ойлан, зерделе» әдісі
Жұптық
жұмыс
«Топтық тергеу немесе зерттеу» стратегиясы
Топтық жұмыс
«Тұжырымда» әдісі
Топтық жұмыс
«Қос диаграмма» әдісі
Жұптық жұмыс.
Интербелсенді тақта
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Оқушы әрекеті: Білім алушы өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады.Білім алушы «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсырады.
-Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім.
-Мен өзімді ... мақтар едім.
-Маған ерекше ұнағаны ...
- Сабақтан соң маған ... келді.
- Бүгін маған .. ... ... сәті түсті.
- Қызықты болғаны ....
- ..... қиындық тудырды.
- Менің түсінгенім ...
-Енді мен .... аламын.
Білім алушылар өз – өзіне есеп беріп, қажеттілігін,өзіндік көзқарасын қалыптастыру үшін және де өз – өзіне баға бере алу үшін«Аяқталмаған сөйлем» әдісін тиімді қолданамын.
|
Стикер
|
Достарыңызбен бөлісу: |