Өлеңнің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңыз.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________ Қорытынды бөлім ________________________ 2-тапсырма Жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құрады;
жоспар негізінде өлеңнің сюжеттік дамуын анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Негізгі кейіпкердің портретін жинақтайды
Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Кестеге Ақтанның кескін-келбетін бірінші бағанға, екінші бағанға ең маңызды 4 іс-әрекетін жазыңыз.
Ақтанның кескін-келбеті
Ақтанның маңызды 4 әрекеті
Дескриптор
Білім алушы
Ақтанның портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды;
Ақтанның ең маңызды 4 әрекетін ажыратады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Өлеңнен орта көлемді шағын үзіндіні таңдап алып, жаттаңыз. Жаттаған үзіндіні жұбыңызға мәнерлеп жатқа айтып беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
өлеңнен орта көлемді үзіндіні таңдайды;
үзіндіні жаттайды;
жұбына мәнерлеп жатқа айтады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма бойынша суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадағы суреттеулерді анықтап, 6 қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табыңыз. Суреттеулерді кестеге толтырып, көркемдік ерекшелігін ажыратыңыз.
Салыстыра суреттеулер
Қарама-қарсы суреттеулер
Бейнелеуіш құралдар
1
2
3
4
5
6
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан салыстыра суреттеулерді іріктейді;
анықталған суреттеуге өлеңнен қарама-қарсы немесе салыстыра суреттеуді табады;
суреттеулердің көркемдік түрін ажыратады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Автордың ойын, көзқарасын білдіретін жолдарды табады
Теңеу т.б. бейнелеу, суреттеу құралдары, мағыналары:
Дескриптор
Білім алушы
өлеңдегі 4 түрлі бейнелеу, суреттеу құралдары кездесетін тармақтарды анықтайды;
көркемдегіш құралдардың мағыналарын талдау арқылы жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттап, жазбаша жеткізеді
Қолдану
Тапсырма
Шығармадан алған әсеріңізді сипаттап 4 сөйлем арқылы пікіріңізді жазыңыз:
1-сөйлем: шығарманың сізге қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз;
2-сөйлем: өлеңнен бір мысал келтіріңіз;
3-сөйлем: бір сұрақ қойыңыз;
4-сөйлем: сол сұраққа жауап беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан алған әсерін бір оймен жеткізеді;
өлеңнен бір мысал келтіреді;
сұрақ қояды;
сұрағына жауап береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Автор арнау өлеңінде басты кейіпкер Ақтанды ел мақсаты үшін жан аямай күресе алатын ер, батыр ретінде суреттеу себебін немен байланыстырасыз? «Ақын үміті» тақырыбында эссе жазыңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
өлеңдегі басты кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды;
кіріспе бөлімде Ақтан туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізгі бөлімде автордың Ақтанды батыр ретінде суреттеу себебін анықтайды (30 сөз);
қорытынды бөлімде Ақтанның бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз)
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды
Білу және түсіну
1-тапсырма Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз.
2 баяндаушы - мәтіннің мазмұнын баяндайды.
2 сұрақ қоюшы - мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.
Тыңдаушылар - баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.
2-тапсырма Шығарманың композициясын төмендегі жүйеге сай сипаттаңыз:
Оқиғаның басталуы –
Оқиғаның дамуы -
Оқиғаның шиеленісуі –
Оқиғаның шарықтау шегі –
Оқиғаның аяқталуы –
Дескриптор
Білім алушы
әңгіменің мазмұнын баяндайды;
сюжеттік дамуына қатысты 6 сұрақ дайындайды;
шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
шығарманың композициясын анықтайды;
шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
Білу және түсіну
Тапсырма
Сызба бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Үлгі:
Дәлелденетін пікір: Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен.
түйінді оймен дәлелдеңіз (тақырыбы)
өйткені
себебі
неге десеңіз
Дәлелдейтін пікір: Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: ....
мәтін мазмұны туралы қорытынды пікір (идеясы)
сондықтан сол себепті демек
олай болса
Дескриптор
Білім алушы
шығарманың тақырыбын анықтайды;
шығарманың идеясын көрсетеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Әңгімедегі басты кейіпкердің портретін сипаттайды
Іс-әрекеті арқылы кейіпкер образын талдайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген сурет бойынша кейіпкерлердің портретін сипаттап жазыңыз. Кейіпкер әрекетіне дәлел келтіріңіз. Әрекеті негізінде кейіпкер образын 2 сөйлеммен талдаңыз.
Суреттер
Оқиғалар
Мінездеме
Дескриптор
Білім алушы
суретке мұқият зер салып, кейіпкердің портретін (бет-әлпеті, киімі) сөзбен сипаттайды;
кейіпкердің іс-әрекетіне 1 дәлел келтіреді;
іс-әрекет негізінде кейіпкер образына 2 сөйлеммен талдау жасайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан үзінділерді диалог арқылы мәнерлеп жатқа айтады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Кейіпкерлер рөліне ене отырып, шығарма үзіндісі бойынша диалог құрыңыз. Диалог барысында сөздерді мәнерлеп жатқа айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
үзінді бойынша диалогке сенімді түседі;
сөздерді мәнерлеп жатқа айтады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»
әңгімелері
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма бойынша салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Жұбыңызбен ақылдаса отырып, аңыз мазмұнынан салыстыра суреттеуге 3 дәлел, қарама-қарсы суреттеуге 3 дәлел табыңыз.
Салыстыра суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел
Қарама-қарсы суреттеу
1-дәлел
2-дәлел
3-дәлел
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан салыстыра суреттеуге қатысты 3 дәлелді анықтайды;
шығармадағы қарама-қарсы суреттеуге қатысты 3 дәлелді анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Шығарма бойынша пікіріңізді білдіріңіз, мына сөйлемдерден басталуы тиіс:
Мен автор ретінде, әңгімені бұлай бастау себебім....
Мен автор ретінде, бұл әңгімедегі кейіпкердің әрекетін былайша түсіндірер едім...
Мен автор ретінде, әңгімені былайша аяқтауым....
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы автор рөліне ене отырып, оның көзқарасын жеткізеді;
әңгімедегі кейіпкердің әрекетін түсіндіреді;
автордың бейнесін жинақтап қорытады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағыналарын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Шығармадан бейнелеу, суреттеу құралдарын тауып, белгілеңіз.
https://kk.wikipedia.org/wiki/ сөздігінің көмегімен сөздердің мағынасын анықтаңыз.
Қағаз бетіне қолдың суретін салыңыз, төрт саусаққа сөздіктің көмегімен суреттеу құралдарының мағынасы туралы жазыңыз. Кішкентай-шылдыр шүмекке сөздердің мағынасына немесе басқа да суреттеулерге қатысты сұрақтарыңызды жазыңыз. Жазып болған соң, қағазды бүктеп/умаждап басқа орындыққа лақтырыңыз.
Сол жазбаны алған топ жұмыспен танысып, қойылған сұраққа жауап беруі тиіс.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
мағыналарын анықтайды;
сұрақтарға жауап береді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын анықтайды
Қолданылу мағыналарына қарай талдайды
Қолдану
Тапсырма
Әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз. Әңгімедегі қолданылу мағынасына талдау жасаңыз.
Бейнелеу құралдары
Шығармадан дәлел
Аңыздағы мағынасы
Теңеу
Эпитет
Ауыспалы мағынадағы сөз
Дескриптор
Білім алушы
әңгімедегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады;
мағыналарын анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелері
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадан алған әсерін сипаттайды
Пікірін жазбаша жеткізеді
Қолдану
Тапсырма
Шығарманы оқығаннан кейін қандай әсер алдыңыз? Сипаттап беріңіз. Осы сұраққа жауап ретінде бес жолды өлең жазыңыз.
1. зат есім
2. сын есім
3. етістік
4. сөйлем
5. синоним
Оқыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
шығарманы оқығаннан кейін алған әсерін сипаттайды.
ойын жинақтап, бес жолды өлеңмен жазбаша жеткізеді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»,
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»
әңгімелері
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Сызба бойынша шығармадағы кейіпкердің өзіндік 3 құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан пікіріңізді білдіріп, талдаңыз.
өйткені
себебі
неге десеңіз
сондықтан
сол себепті
демек
олай болса
Үлгі:
Дәлелдейтін пікір: ...Ал ерінбей егін салып, еңбек еткен Сейітқұл отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, кәсіп меңгертеді. Ынтымақты, іргелі ел болып, сол жерді шаһарға айналдырады.
2-тапсырма Сейітқұлдың бойындағы қасиеттерін негізге ала отырып, эссе жазыңыз (100-120сөз).
Дескриптор
Білім алушы
кейіпкердің өзіндік құндылығына дәлел болатын 3 эпизодты анықтайды;
кіріспе бөлімде Сейітқұл туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);
негізгі бөлімде Сейітқұлдың бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);
әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);
қорытынды бөлімде Сейітқұлдың бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).