Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
1-тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты.
Әке-шешесінен ерте айрылып, жалғыз қалған екен. Жетім қыз байдың отын-суын тасып күн көріпті. Күндердің күнінде сол ауылдың қыздары жиналып, тезек теруге шығыпты.
Терген тезектерін буып, арқалап алыпты. Үйлеріне қайтып келе жатқанда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті.
Жетім қыз қырық жамау жаман шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын күтіп отырыпты. Алыстан келе жатқан жолаушы мұны көріп, қыздың қасына келеді де:
Шырағым, ана балалар ауылға кетіп қалды ғой. Сен неге қалып қойдың? - деп сұрайды. Сонда қыз:
Барса, бара берсін. Олардың отындары да, киімдері де су болады.
Атты
кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.
Жәміш деген қыз баланың үйі қайсы? - дейді жолаушы. -Анау жотаның үстіндегі үй, - деп көрсетіп жібереді.
Жолаушы сол үйге барып түседі.
Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:
-Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыңнан жарылқасын! - деп батасын беріпті.
Мәтіндегі оқиғаларды композициялық құрылымына талдаңыз.
Композициялық құрылым
|
Оқиғалар
|
Басталуы
|
|
Дамуы
|
|
Шиеленісуі
|
|
Шарықтау шегі
|
|
Шешімі
|
|
2-тапсырма
Шығармадағы басты кейіпкерге мінездеме беріңіз.
Кейіпкер
|
Іс-әрекеті
|
Мінездеме
|
Жетім қыз
|
|
|
46