Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет40/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз
1 вариант РК бак рус, 5 жиынтық спецификасы, downloadnpaapp, Матем 8-15
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

  • Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

Қолдану



Тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.

Жылқының еті мен сүтінің пайдасына тоқталар болсақ, жылқы етінің ең басты қасиеті – жүрек-қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз – қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз болудан, тері ауруларынан, ең бастысы, белсіздіктен қорғайды. Жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Бұл тағы да мидың ұзақ уақыт «мүлтіксіз» қызмет көрсетуіне сеп. Ол үшін жылқы жүрегін пісіріп, не қуырып жеу керек.

Жылқы етінде, негізінен, минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.

Қан қысымы ауруының алдын алғыңыз келсе, жылқы етін көп тұтынып, майынан ас дайындаңыз. Ол инфаркт ауруына алып келетін холестериннің мөлшерін азайтып, қан қысымының жоғарылауын тежейді. «Сүйек сынып, буын былқылдап тұрса, жылқының майын жақ» деп жататын әжелеріміздің сөзіне құлақ аса бермейтініміз бар. Негізінен, жылқы майының құрамында тін жасушалары мен жілік майын жақсартатын пайдалы элементтер бар. Яғни, сүйек пен буынның берік болуына өзіндік себін тигізеді.

Күн суытып, қырау түскенде соғымға жылқы малы сойылады. Себебі, жылқы еті қыста жауратпайды, қуатты арттырып, қажетті дәрумендердің орнын басады. Осыдан-ақ жылқы етінің қадір-қасиетін біле беріңіз.

Негізі басқа ұлттарға қарағанда қазақ халқы ет өнімдерін көп тұтынады. Бабаларымыз халал талаптарына сай еттен сан алуан тағамдар дайындаған. Қазір бүткіл дүниежүзі халал асқа аса қызығушылық танытып, ерекше көңіл бөліп жатқанда, халал ет өнімдерін өндіруші елдердің қатарында болуымыз мемлекетімізге үлкен пайда әкеледі. Сондықтан халал ас тұтынуға ерекше мән беріп, ұлттық тағамдарымызды ұлықтай білсек, қандай тамаша болар еді…





Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;

- синонимдік қатарларды анықтайды;

- мәтінді ықшамдап қайта жазады.




Оқу мақсаты

7.4.1.1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет