1-тоқсан 6
Сахарада қар жауған күн 10
Құстар мен жәндіктер ауа райынан алдын ала мәлімет бере ала ма? 15
Тапсырма 24
Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз. 24
24
А мәтіні 24
Келемін деушілерге есік ашық! 25
Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563 25
2-тоқсан 31
Қалай ойлайсың, бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе? 33
Түлкі мен көкқұтан 37
...Нағыз қазақ - домбыра! 40
Ұсынылған мәтіндердің бірі – «Абай-ақпарат» сайтынан, Жанғали Жүзбаевтың «Қазақ күйлері» мәтінінен үзінді, ал екіншісі massaget.kz сайтынан «Қазақ күйлері» үзінді алынған. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын, айырмашылығын табыңыз (120-150 сөз). 43
3-тоқсан 53
Мәтінді мұқият оқып, түсініктеме жасаңыз. 56
Жастар жадына ғаламтор жау 56
Ұлттық арнаның көрермендері – біздің достарымыз 61
Берілген мәтінді негізге ала отырып, тақырыптың бірін таңдаңыз. Қосымшаларда үндестік заңын ескере отырып, монолог құрастырыңыз. Сөз саны 170-200. 71
Мәтінді оқыңыз. Одағайды тауып мағынасын түсіндіріңіз. Гендік тағам мен тұтынушыға кейіпкер тағайындаңыз. Мәтінді негізге алыңыз, одағай түрлерін қолданып, ауызекі сөйлеу стилінде сюжеттік әңгіме құрыңыз. Сөз саны (170-200). 73
Қотыр торғай 73
(ертегі) 73
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырса, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті. Торғай ашуланып: 73
– Қап бәлем, сені ешкіге айтпасам! — деп, ешкіге келіп: 73
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің? – дейді. Ешкі: 73
– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын. Торғай: 73
– Қап бәлем қасқырға айтпасам! 73
– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің? Қасқыр: 73
– Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын. Торғай: 73
– Қап бәлем, сені жылқышыға айтпасам! 73
– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың? Жылқышы: 73
– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр. Торғай: 73
– Қап бәлем, сені байға айтпасам! 73
– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың? Бай: 73
– Оны ұрмақ түгіл өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын. Торғай: 73
– Қап бәлем, сені тышқанға айтпасам! 73
– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің? Тышқан: 73
– Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын. Торғай: 73
– Қап бәлем, сені балаларға айтпасам! 73
– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар: 73
– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай: 73
– Қап бәлем, сендерді кемпірге айтпасам! 73
– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың? Кемпір: 73
– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай: 73
– Қап бәлем, сені құйынға айтпасам! 73
– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың? 73
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырыпты, кемпір келіп балаларды ұрады; балалар тышқанды ұрады; тышқан байдың қоспасын теседі, бай жылқышыны ұрады; жылқышы қасқырды ұрады; қасқыр ешкіні жемек боп қуады; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жейді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алады. 73
4-тоқсан 74
Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрын анықтаңыз. «Мен - саған, Сен - маған» тәсілі бойынша оқығандарыңыз жайлы сұхбаттасыңыз. 76
76
Ә. Нұршайықовтың күнделігінен 76
Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. 78
79
Жұптық жұмыс. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен сұрақтар қоя отырып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз. 88
Қазақ фэнтезиі 88
Ғылыми фантастика – ел өркениетiнiң жолашар жанры 89
Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзiмi келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Өйткенi жазушы-фантаст қаламынан туған ой-арманды арқалайтын шығармалар уақыт пен кеңiстiктiң қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами құндылықтар – табиғатты көздiң қарашығындай қорғаудың небiр көкейкестi мәселелерiн қозғайды. Бұны ой-арманнан туындаған оқиға десек те, ғылыми-фантастиканың адам баласының келешегiне дұрыс бағыт сiлтейтiндей, әрi барлау, әрi көрегендiк жасайтын жанр екенiн көрсетедi. 89
Өткен үш жыл iшiнде Қазақстанда тұңғыш «Кеңiстiк көшпендiлерi» деген айдармен сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазып келе жатқан белгiлi фантаст жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби және Халықаралық «Байқоңыр» сыйлықтарының лауреаты Жүнiс Сахиевтiң «Су әлемiнiң саздары», «Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл» ғылыми фантастикалық романдары «Елорда», «Фолиант», «Бiлiм» баспаларынан жарық көрдi. 89
Жүнiс Сахиевтiң «Кеңiстiк көшпендiлерi» сериялық фантастикалық романдарының мәнi айдарында жатыр. Мысалы, оның 2009 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Су әлемiнiң саздары» романы оқырман назарын су асты әлемiне аудара отырып, қазақ халқының отбасылық таза махаббаты мен күй сазына ерекше мән бередi. 89
Оқиға қазақ жерiнен басталып, мұхит тереңiнде ұласады. Өйткенi мұхит тереңi де өзiнше бiр кең әлем. Оның әлi күнге толық ашылмай жатқан құпия сырлары сансыз. Жүнiс Сахиевтiң ғалым кейiпкерлерi су астын зерттей жүрiп, жұлдызаралық кемемен өзге жұлдыз жүйесiнен келген бөтен ғаламшарлықтардың назарына iлiгедi. Ал оның басты себебi – қазақ халқының кең пейiлдi, парасатты қасиетi едi. Өзге жұлдыз жүйесiнен келгендер бiр-бiрiмен тiлмен емес, әуен сазымен тiлдеседi, сол арқылы бiр-бiрiн түсiнiседi. 89
93