Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет9/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді

  • Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырып, талқылайды

Жоғары деңгей дағдылары




1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріңіз.


Еліміздің экологиялық проблемалары

  Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.

Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!




Экологияның нашарлауына не себеп?




Климат өзгерісі неге әкеліп соқтырады?




Ненің салдарынан құрғақшылық болады?




Топан су қаптауы мүмкін бе?




Табиғат байлықтарын қалай тұтынуға болады?







Дескриптор

Білім алушы

- сұрақтарға мәтіннен деректер келтіреді.









2-тапсырма

Экологиялық проблемалар төңірегінде өз жұбыңызбен диалогке қатысыңыз. Жұбыңыздың жауабымен келісу не келіспеу себептеріңізді білдіріңіз.




Дескриптор

Білім алушы

- жұбымен диалогке қатысады;

- өзгенің жауабын өз ойымен салыстырады;

- пікірін білдіріп, талқыға түседі.





Оқу мақсаты

7.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет