Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет10/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады

Қолдану



1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сурет бойынша сұрақтарға мәтін мазмұны арқылы жауап беріңіз.



Тоғызқұмалақ тарихы

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдардың пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысуда. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Қазақстан Республикасының тоғызқұмалақ ойынының жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.

Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні - кез келген жанның ақыл ойын шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.






1

Тоғызқұмалақ қандай ойын? Кім ойлап тапты?



2

Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?



3

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі кімдердің арасында чемпионаттар өткізуде?



4

Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы қай жылы құрылды?



5

Көшпенділер мәдениеті туралы не білесіз?











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет