Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Көкек. Көкектің сайрауы күннің ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығынан дерек береді. Сарғалдақ



бет8/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Көкек. Көкектің сайрауы күннің ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығынан дерек береді.

Сарғалдақ. Сарғалдақ мысықтың мияулағанындай дауыс шығарса, күннің бұлыңғыр болатындығынан, егер сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығынан дерек береді.

Үкі. Үкі жаз, күз маусымында, күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, әрі бұтақтан бұтаққа қонып тыным таппаса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Сақау кептер. Сақау кептер ағаш бұтақтарына қонып алып, мойынын ерекше созып сайраған кезде дауысы булығып шықса, күн бұлтты болып, жаңбыр жауатындығынан, егер ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығынан дерек береді.

Қарға. Қарға ұдайы жоғары дауыспен қарқылдаса, 1-2 күннен кейін қатты жаңбыр жауатындығынан, егер даусы қарлыққанша қарқылдаса, ұзақ уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Сауысқан. Сауысқан таңертең қора маңындағы ағаштарға қонып алып шықылықтаса немесе жерге түсіп шықылықтай секектеп жүрсе, күн ашық болатындығынан, егер ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынынан дерек береді.

Торғай. Күн ашық күндері торғайлар таңсәріде топтанып ұшып, үйдің шатырына немесе ағаш бұтақтарына қонып сайраса, күннің үздіксіз ашық болатындығынан, егер торғайлар бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

Бақа. Бақа әдетте құрғақ ыстық ауа райын жақсы көреді. Жаңбыр жауудың алдында күн бұлттанып, ауаның ылғалдылығы барған сайын арта түседі. Бұл кезде терісі арқылы тыныс алатын бақаның тыныс алуы кедергіге ұшырайды да, беталды бақылдай береді. Міне бұл қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.

Құмырсқа. Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.

Өрмекші. Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.

Бал арасы. Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шақса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясына өте кеш қайтса, 2-күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.

http://massaget.kz/

1. Ертеде ата-бабамыз ауа райын қалай болжаған?

2. Қалай ойлайсыз, құстар ауа райын дұрыс болжай ала ма?

3. Құстардың іс-әрекетіне қарап ауа райын болжау дұрыс деп есептейсіз бе? Неліктен?

4. Тағы да қандай құстардың немесе жәндіктердің іс-әрекетіне қарап ауа райын болжауды ұсынасыз?




Дескриптор

Білім алушы

- сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- тақырып бойынша пікірін білдіреді.




Оқу мақсаты

7.1.5.1 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет