Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет11/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Дескриптор

Білім алушы

- мәтін мазмұнын сурет бойынша айқындайды;

- сұрақтарға жауап береді.



2-тапсырма

Берілген ақпараттардың факт немесе көзқарас екенін анықтап, белгілеңіз.






ақпарат

факт

көзқарас

1

Тоғызқұмалақ - логикалық ойлау өнері.




+

2

Пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасы.

+




3

Тоғызқұмалақ - зияткерлік даму құралы.

+




4

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде ойналады.

+




5

Тоғызқұмалақ қанатын кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.




+

6

Тоғызқұмалақ ойынының жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді.

+




7

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру.




+




Дескриптор

Білім алушы

- берілген ақпараттарды ажыратады;

- факт немесе көзқарас екенін белгілейді.





Оқу мақсаты

7.3.1.1 Әр түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндердің құрылымын ескере отырып, жинақтайды

  • Күрделі жоспар құрады

Қолдану








Тапсырма

Сіз «Қазақтың салт-дәстүрлері және жаңару» тақырыбында өтетін мектебіңіздегі конференцияға қатысу үшін, баяндама дайындамақшысыз. Баяндамаңыздың құрылымын ескере отырып, жоспар құрыңыз.


Жоспар

Кіріспе бөлім ____________________________

Негізгі бөлім ____________________________

а)

ә)



Қорытынды бөлім ________________________


Дескриптор

Білім алушы

  • баяндаманың құрылымын сақтайды;

  • жоспар құрады.



Оқу мақсаты

7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін ажыратады

  • Тілдесім барысында қолданады

Қолдану


1-тапсырма

Берілген етістіктердің түрін анықтап, белгілеңіз.





сөздер

есімше

көсемше

1

жазылған хат







2

келген адам







3

барады







4

санап







5

бергелі







6

сен бергенсің







7

алғалы









Дескриптор Білім алушы

- етістіктердің түрін анықтайды;

- есімше, көсемшелерді дұрыс белгілейді.

2-тапсырма

Киіз үйдің құрылу ретін жұпта талқылап, қимыл іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын айтып шығыңыз. Қолданылған етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.




Киіз үйдің құрылу реті

Берілген етістіктердің жасалуын, қай шақта тұрғанын айтыңыз.


Қолданылған етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.




Киіз үйдің керегелері қандай пішінде, неден жасалады?

/өткен шақ/




Келу, жасау



Шаңырақты немен көтереді?






Қазіргі кезде уық сөзі қолданыла ма?










Киіз үйдің қаңқасын неге ұқсатар едіңіз?







Дәл қазір киіз үйде тұрған сәттегі әсеріңіз қандай?







Киіз үйдің ішінде қандай бұйымдар болады?








Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?







Дескриптор Білім алушы

- киіз үйдің құрылу ретін анықтайды;

- қимыл іс-әрекеттің қай шақта тұрғанын айтады;

- етістіктерді тұйық етістікке айналдырады.







Оқу мақсаты



7.2.2.1 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды

  • Тілдік құралдарды ажыратады

Қолдану







Тапсырма

Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін табыңыз.

А мәтіні

Еуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар мен мыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғатты қадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтары мәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетаным әсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманның өзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін «қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырларда).  

Білім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатын орнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі де бір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құру қажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделі таным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынау жоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тән қағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдері ғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген (130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда. Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуан рухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарының кешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып және байытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасыз етеді.  

Ә мәтіні

2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» атты халықаралық көрме байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты - адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.

Байқаудың басты номинациялары:

«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»

«Ең үздік қолөнер туындысы»

Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі



Өтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық  музейі

Басталуы:  сағат 10:00-де

Келемін деушілерге есік ашық!

Байқау талаптары бойынша толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы алуға болады: +77172569142, +77017894563


Екі мәтіннің ұқсастығы




Екі мәтіннің айырмашылығы




1-мәтін

2-мәтін







Идеясы







Стилі







Мазмұны







Тілі










Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндерді салыстырады;

- ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

- идеясы мен стилін анықтайды;

-тілдік құралдарды ажыратады.







Оқу мақсаты

7.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады

  • Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

  • Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

Қолдану




1-тапсырма

Берілген мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Қарияның айтқан сөздері нені меңзейді? Қарияның сөзін жұпта болжап, талқылаңыз. Өз сөзіңізде эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданыңыз. Қандай шешімге келдіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз.







Баяғыда бір елге саудагерлер тауарлар алып келеді, тауарлардың арасында темекі де бар екен. Тезірек сату үшін саудагерлер темекіні мақтай бастайды. Сонда жергілікті бір ақылгөй шал жерлестеріне: - Бұлар дұрыс айтады. Темекі шексеңдер, сендерді ит қаппайды, түнде үйлеріңе ұры түспейді, ең бастысы – қартаймайсыңдар, - дейді. Саудагерлер бұл сөзді түсінбей, шалға: - Қария, айтқаныңызды түсіндірмес пе екенсіз? – дейді...




/urimtal.wordpress.com/





Дескриптор


Білім алушы

- көңіл күйге байланысты сөздерді анықтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданады;

- мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты сөз тіркестерін анықтайды.




2-тапсырма

Әңгіменің жалғасын тыңдаңыз. Өз жауаптарыңызды қарияның жауабымен салыстырыңыз.

Сонда шал: - Темекі көп шексең, ағзаң әлжуаз болады, таяққа сүйеніп жүресің. Ал таяғы бар адамды ит қаппайды. Екіншіден, көп жөтелесің, ал түнде ұйықтамай жөтеліп жатқан адамның үйіне ұры кірмейді. Ал қартаймау себебің – жастай өлесің.


Дескриптор

Білім алушы

- өз көзқарасын дәлелдеу үшін қорытынды шығарады;

- жан-жақты сауатты түрде талдайды, салыстырады.






Оқу мақсаты

7.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды

  • Тақырыпты анықтайды

  • Өзіндік көзқарасын жазады

  • Көтерілген мәселенің шешімін табады

Қолдану







Тапсырма

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Денсаулық туралы, тазалық туралы 200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы

  • эссе құрылымын сақтайды;

  • тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады;

  • өзіндік көзқарасы бар;

  • мәселенің шешу жолын ұсынған.






Оқу мақсаты

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

  • Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады

Қолдану








Тапсырма

Төмендегі тақырып бойынша шағын мақала жазыңыз.

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді  қажет етпейтін шындық. Өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршаның борышы. «Бірінші байлық - денсаулық» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;

- көркемдегіш құралдарды қолданады;

- мақаланы тақырыпқа сай жазады.




Оқу мақсаты

7.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

  • Синонимдік қатарды қолданып, мәтін жазады

Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.



Денсаулық ұғымы

Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. «Денсаулық дегеніміз – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі», яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.

Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.

Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі – оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау – тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.

Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы – адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.

Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 мамырда бекіткен «Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын сот-медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі» маңызды рөл атқарады.

Бұл ережеге сәйкес денсаулыққа келген зиян үш дәрежеге – ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.

Денсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында.

Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп қаралмайды. Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа обьектіге қол сұқса, онда бұл іс-әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады.

Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленушінің келісуі, жалпы ереже бойынша іс-әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.

Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі – бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.


Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;

- синонимдік қатарларды ажыратады;

- мәтінді ықшамдап қайта жазады.








Оқу мақсаты

7.4.2.1 Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ажыратады

  • Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

Қолдану





Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.


Денсаулық - зор байлық

Еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп, нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы, мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балалардың да есірткіні тұтынатын жағдайлары болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қолында. Мемлекетіміздің алдына қойып отырған елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.





Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

- көтерілген мәселені талдайды;

- деректерді қолданады;

- интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет