Қалай ойлайсың, бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе?
2
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: «Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық», - деп жауап беріпті.
Адал достық пен амал достықтың арасын қалай ажыратуға болады?
3
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет ақын
Досыңның жаман, жақсы екенін қайдан, неден білуге болады?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;
- проблемалық сұрақтар құрастырады.
Оқу мақсаты
7.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау