Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?
Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі - Аллаһ тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы - бүкіл жарық дүниені сүю. Ал жарық дүниеге Аллаһ тағала жаратқан бүкіл әлем кіреді емес пе? Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, мақұлық) бірдей болса, нұр үстіне нұр.
Әлем халықтары оның ұлтына, ұлысына, нәсіліне, қайбір діннің жетегінде жүрсе де, бәрі туыстай қатынаста болуы керек.
Әрине, қандай қоғам болмасын, әртүрлі ұлт, ұлыстардан құралатыны белгілі. Егер осы қоғамда ұлтаралық татулық, бірлік сақталмаса, ол қоғам өміршең болмасы өзінен-өзі түсінікті. Қазақта «Мың қосшыдан, бір басшы» деген мақал бар. Бұл дегеніңіз - қайсыбір ел, мемлекет болмасын, оның бар тіршілігі бір басшыға байланысты деген сөз.
Осы жұрт сүйіспеншілік, махаббат, ғашықтық дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың бір жақты сезімі. Ал махаббат деген екі жақты сезім. Бір-бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады.
Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі, кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.
Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!
Шын сүйіспеншілік Аллаһ үшін болғандықтан, бұл сүйіспеншіліктің соңы, шегі болмайды. Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес...оны іспен ғана білдіре аласың... себебі ол сезімнің бір бөлшегі... ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады... үлкен сезімдерге бастау береді... сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады...
Сүйіспеншілік дегенді махаббат деген мағынада айтып тұрған болсаң, онда адамзат өркендемейді, көбеймейді, тұқымы құриды.
Достық, адамзаттың бір-біріне бауырмалдығы деген мағынада айтар болсаң жер бетінің халықтары бір-бірімен қырғи қабақ болып, жақтырмай, пиғылдары өзгеріп, сан құбылар еді. Адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жойылар еді.
Дескриптор
|
Білім алушы
- ақпарат көзін анықтайды;
- қажетті 5-6 деректі іріктейді.
|
2-тапсырма
Мәтіннің авторына сілтеме жасай отырып, іріктелген ақпараттарды өз ойыңызбен байланыстырыңыз.
|