Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет23/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады

  • Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады

Қолдану





Тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.



Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары

Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құрау-құраулағанда, қойды пүшәйттағанда. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.

Музыкалық дыбыстардың әлеуметтік мәнін ашатын бесік жырдың, санамақ, «Бас бармақ, балаң үйрек». «Бақа, бақа, бақ, бақ» секілді басқа да ойын өлеңдері – дүние есігін ашқан жас баланы әлеуметтендірудің басты құралдарының бірі. Осы қысқа да әуезді үндерді айта отырып, анасы баланы өзінің дене мүшелерімен таныстырса, тағы бір жақтан, оның әуені құлағына дыбыстардың айтылуын сөз құрамын есту арқылы пайымдауға баулиды.

Балаларды алғаш жәндіктермен таныстырғанда айтылатын «Бақа, бақа, бақ, бақ» өлеңінің әуені де созылыңқы, ұғынықты. Осы және басқа да балаларға арналған өлеңдерді ертеде ешкім әдейілеп жаттамаған, ол бала кезден естіп, тыңдап өскендіктен өзінен-өзі құлаққа «сіңіп» қалатын. Өсе келе бұл сәби кезінде естігендерінің үстіне ойын үлгілерінің әуені мен сөздері қосылады. Осындай ойын өлеңдері «Ақ терек, көк терек», «Ақ сандық, көк сандық» сияқты балалар есейгенде, мысалы, 8-9 жасқа келгеннен бастап ойнағанда айтатын өлеңдер. Халқымыз ғасырлар бойы рулық, туысқандық, отбасылық қауымдастық түрінде өмір кешкен. Бұл ойындар сол кезде балалар арасында туысқандық байланысты нығайту, өзара қамқорлық, бір істі орындауда ұжымдасу, бірлесіп өзара көмектесу, тұтастыру секілді міндеттерді атқарған.

Әлгі ойын балалары есейіп бойжеткенде, бозбала жасына қадам басқанда бұл өлеңдер ғашықтық әндеріне, терме, толғаулар, жыр, дастан, қиссалар мен домбыра және қобыз күйлеріне ауысады.

Музыкалық дыбыстарды адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды білдірудің бір түрі деуге болады. Мысалы, ұзатылып бара жатқан қыз айтатын «Сыңсу» кеше ғана еркелеп, ата-анасының төрінде отырған қыздың жат жұртқа кетіп бара жатқандағы көңіліндегі мұңды білдіреді. Ол сөзбен қосылғанда ерекше мағыналы.

Қыз ұзату тойы, одан ары қарай «Жар-жар», оған қарсы айтылатын «Ау-жар» өлеңдерімен жалғасады. Онда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңын сейілтіп, тойды ойын-сауықпен көмкеру, халықтың көңілін көтеру көзделеді. Сол себепті «Жар-жар» мен «Ау-жар» қалжың аралас, қайым айтыс сипатына ие. Бұл туралы «Жар-жардың» тәрбиелік мәні – қалыңдық құдай жазған шын жұрты, ұзатылып барған жері екендігін санасына сіңіре беру» делінген «Қазақтың тәлімдік ойлары антологиясында».

Қыз ұзатып, келін түсіру сәніне келтіретін тағы бір өлең – «Беташар». Мұнда жас келінге тәлім боларлық көптеген ақыл-кеңестер айтылады.

Бөтен жұртқа жаңа түскен жас келінге, оның бетін ашушы «бетіңді, келін, ашқаным, жаңа жұртқа қосқаным…» деп, өзінің міндетімен қоса келген жеріне таныстыра отырып, келінге осы ортамен араласып, «сіңісіп» кетуі үшін осы сөздер айтылады.


Дескриптор

Білім алушы

- мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;

- синонимдік қатарларды анықтайды;

- мәтінді ықшамдап қайта жазады.








Оқу мақсаты

7.3.6.1 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет