Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Оқу мақсаты 7.4.2.1 Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану Бағалау критерийі



бет25/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Оқу мақсаты

7.4.2.1 Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі
Білім алушы

Қолдану


Тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселені мәтіндегі деректерді қолдана отырып, талдаңыз. Талдау барысында интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданыңыз.




Сыр даласын сазға бөлеген қобыз сарыны

Дәстүрлі музыка – әр елдің мәдениетін даралап, өзгеден ерекшелейтін төл өнер. Әрбір елдің болашаққа бет алысы, бағыт-бағдары, тағдыры тамырын алған мәдениетіне байланысты десек, түркі халықтарының көшке ілеспей, өнерінің өскінсіз қалмасы анық.

Кер замандарда тарыдай шашылған түбі бір, тілі ұқсас, діні ортақ ағайын қазанның 8-9-ы күндері киелі қара шаңырақта қайта бас қосты. Екі күн бойы Сыр даласын әсем сазға бөлеген «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық дәстүрлі өнер фестивалі саф өнерге сусаған бұқараның  шөлін  бір  қандырды.

Қызылорда облысы әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» ұйымының мұрындық болуымен өткен дәстүрлі өнер мерекесіне Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей федерациясының Татарстан, Алтай­, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан делегация келді. Әуезді көштің ал­ғашқы күні 29 әйгілі ғалымдар мен фольклортанушылардың, өнер зерттеушілерінің қатысуымен «Қорқыт Ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазы­насы» атты халықаралық ғылыми­-теориялық конференция өтті. Түркі тілдес халықтардың ұлттық музыка өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени байланысты нығайтуды мақсат еткен бас қосуда көк бөрі ұрпақтарының қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен бірге түркі әлемінің әлі зерттелмеген бай мұралары сөз болды.

Аңыздарда мәңгілік өмірді аңсаған және өнердің өлместігін айғақтаған абыз баба дариямен Сыр сағасына жеткен делінеді. Зерттеушілердің пайымынша Қорқыт атаның мазары шамамен ІХ-Х ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында болған. 1980 жылы Қорқыт атаға арнайы кесене орнатылады. Бүгінде көпшілік тәу ететін кесенеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшысының айтуынша, ағымдағы айдың аяғында жұмыстар толық аяқталады. Келер жылдан бастап халықаралық деңгейдегі аталмыш фестиваль, симпозиумдар бабамыздың табаны тиген ­ қасиетті мекенде өткізілетін болады.



Дескриптор:

Білім алушы

- мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

- көтерілген мәселені талдайды;

- деректерді қолданады;

- интонация, кідіріс, логикалық екпінді айқын қолданады.

Оқу мақсаты

7.4.5.1 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет