Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет27/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Дескриптор

Білім алушы

- сөйлемдерді ажыратады;

- сөйлем соңында және сөйлем ішінде тыныс



белгілерді дұрыс қояды.






3-тоқсан





Оқу мақсаты

7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі


Білім алушы

  • Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады

  • Аяқталуын болжайды

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Төмендегі сұрақтар арқылы адамдардың әлеуметтік желі, ғаламтор туралы пікірлерін болжаңыз.




  1. Жұрт әлеуметтік желілерде не үшін отырады?

  2. Оған қандай қажеттілік я болмаса мұқтаждық бар?

  3. Әлеуметтік желі туралы бірнеше адамнан пікір алыссақ, кім не дер еді, мысалы кішкентай балалар, жасөспірім, жастар, ата-аналар, ата-әжелер, ІТ мамандары.




Дескриптор

Білім алушы




- оқиғаны өз сөзімен дамытады;

- оқиға желісін болжайды.




2-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз.


Белгілі болғандай адамның көңіл күйін түсіретін, депрессияға ұрындыратын әлеуметтік желілер бар екен...
Қалай ойлайсыз, ол қандай желілер?

Бұл туралы неміс ғалымдары нақты дәлелдер келтірген. Сонымен адамды күйзеліске ұшырататын әлеуметтік желілердің көшін фото алмасу және видео алмасу қызметін тегін ұсынатын «Instagram» желісі болып шықты. Мұндай пікірді Берлиндегі Гумбольд университетінің мамандары айтқан.

Олар «Facebook» желісіне қарағанда «Instagram» адам миына артық алмақ салады дейді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл қосымша тани бермейтін мыңдаған адамның жағажайлардағы демалыста немесе қымбат бутиктер мен мейрамханаларда түсірген суретін көреді, ал бұдан басқа, көптеген адам көрпесіне қарай көсіліп, бара алмайтын жерлерде түскен әлдекімнің суретіне қарайды. Бұдан кейін ол өзінің көптеп «лайк» жинай алмайтын суреттеріне қарап, өзінің өміріне деген көңілі толмайды. Бұл қолданушының өмірге деген қызығушылығын жойып, қызғаныш пен жалғыздық сезімдерін туғызатын көрінеді...
Әңгімені аяқтаңыз.

«Сіздер адамның бақытын анық және анық емес факторлар арқылы өлшейсіздер, өзгелердің сәттілікке қол жеткізгенін оның профиліндегі суреттерімен байланыстырасыздар» - дейді Берлиндегі Гумбольд университетінің маманы Ханна Краснова американдық «Slate» басылымына берген сұхбатында.

Адам жадында Facebook-тегі жазбадан гөрі сурет көп уақытқа сақталып, қатты әсер ете алады. Естеріңізге сала кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісі бұған дейін депрессияға ұрындыратын бірден-бір сайт болып есептеліп келген, оның үстіне ғылыми дәлелденіпті де.


Дескриптор

Білім алушы




- әңгімені аяқтайды;

- түпнұсқамен салыстырады.











Оқу мақсаты

7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет