Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Тақырыпқа сай сөздер мен сөз тіркестерін жинақтайды
Синонимдік қатарды тиімді қолданады, мәтінді өзгертеді
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
Ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енді. Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған шынашақтай домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды.
Домбыраның ұзындығы – 4 сантиметр 5 миллиметр, ені – 1 сантиметр 4 миллиметр. Оны жасаған 29 жастағы Болатбек Кәрімханұлы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданы Егізтөбе ауылында дүниеге келген. Мамандығы – электрик.
«Ауылда қарапайым электрші (электрик) болып жұмыс істеп жүрмін», - деді Болатбек «Азаттық» тілшісіне. Өзінің айтуынша қолөнермен бала күнінен әуестенген. «Мен ағаштан бұйымдар жасаумен бала күнімнен айналыстым. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін басқа мамандық бойынша білім алдым, қазір сол алған білімім бойынша жұмыс істеп жүрмін», - деді ол.
Болатбек интернетті жиі қарайтынын айтты. «Торапқа (интернетке-ред.) шықсам басқа ұлттардың аспабы бар екен де, тек қазақтың домбырасы ғана жоқ екен. Қазақ болғаннан кейін қазақтың домбырасын таныту қажет. Басында Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін үлкен домбыра жасамақшы болғанмын. Бірақ оған көп қаржы кетеді екен. Ал менде ондай дүние жасауға ақша жоқ. Сонан кейін неғұрлым кішкентай етіп жасауды қолға алдым. Онда да Гиннестің рекордтар кітабына енудің талаптарына сай етіп жасауға кірістім», - дейді шебер жігіт.
Шебердің айтуынша домбыраны жасауға бір ай уақыт кетіпті. «Алдымен домбыраның сыртқы қабын жасадым. Сонан кейін барып домбыраның өзін жасадым. Дауысы дұрыс шығу үшін қаражидек ағашын алып, әрбір бөлшегін жеке жонып, бір-бірімен қиюластырып шықтым. Сыртына қазақы ою-өрнектерді қондырдым», - деді «Азаттық» тілшісіне Болатбек телефон арқылы.
Болатбек Кәрімханұлы Гинннестің рекордтарын саралайтын комиссияның Қытайдағы өкіліне өткен жылдың қараша айында домбырасын құжаттарымен қоса тапсырыпты. «Шамамен осыдан бір ай бұрын домбырамның Гиннестің рекордтар кітабына №01-1201-09541 болып тіркелгені туралы сертификат алдым. Қуанышымда шек жоқ. Жіберуін жіберсем де, уақыт өткен сайын күдерімді үзе бастаған едім», - деді шебер.
Ол болашақта егер қаржыдан көмектесетін адам болса, таудай домбыра жасауды ойлап жүргенін айтты.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа қатысты синонимдерді орынды қолданады;
- мәтінді мазмұнға сай өзгертеді;
- мәтін құрылымын сақтап жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |