Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет21/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды

  • Құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.


Ұсынылған мәтіндердің бірі – «Абай-ақпарат» сайтынан, Жанғали Жүзбаевтың «Қазақ күйлері» мәтінінен үзінді, ал екіншісі massaget.kz сайтынан «Қазақ күйлері» үзінді алынған. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, формасын, айырмашылығын табыңыз (120-150 сөз).


А мәтіні

Қазақ күйлерінің көбі поэтикалық сөйлемге құрылған, күйші жырды аспапта жыр жазғандай (қағазға емес) әрекетке барған, бұл әдіс саз құраудың осы күнге дейін жалғасып келе жатқан тамаша жолы болып табылады. Орыс фольклортанушысы В.Гошовский халықтық музыка стильдерін «музыкалық диалект» деп атаған. Ол музыкалық фольклордың диалектісі ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ойы деген пікірді орнықтырды. Қазақ музыкасын түркілік музыканың бір диалектісі деп қарайтын болсақ, онда оның сарыны мен тілдік даму жүйесін қатар қараған жөн болмақ. Күй тілдік даму жүйесі немесе күй тілі деген ұғымды тарқата айтсақ, ол халықтың төл тіліндегі екпіндік, ырғақтық, өлшемдік интонациялардың музыкалық шығармашылықтағы композициялық бейнесі болып шығады. Кез келген күйдің сазында сөздік тіркестер бар, сонымен бірге, сөздердегі тоникалық және силлабикалық өлеңге тәнік буындар да айқын көрініп отырады. Күйді нотамен таңбалауда осы жайт ескерілетін болса күй жазбасы саласы әлбетте, мол мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

Ә мәтіні



Қазақ күйлері

Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі ең күрделі өнер - күй. Ол тек аспаптық сарын ғана емес, ұлт мінезін айқындайтын нышандардың бәрін біріктіретін рухани құбылыс. Күйтану ғылымының бүгінгі зерттелуі - оның тарихын, шежіре-аңызын, мектеби ерекшелігін, сонымен бірге, музыкалық шығарма ретінде теориялық тұрғыдан талдануын, дәстүрлі және кәсіби оқыту әдістерін хал-қадарынша қамтып отыр. Осының нәтижесінде күй мен күйшілік үрдістің ұлттың рухани сұранысын өтей алатын қазіргі деңгейі қалыптасты. Уәж кәсіби домбырашылыққа қатысты болғандықтан, күйшілік мектептің қалыптасуы мен дәуірлік тарихына қысқаша тоқтала кеткен орынды болар.

Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дәуірден бастау алады. Ұлыстық дәуір мәдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал әдеби мұраларымыз сақталған. Мысал ретінде Томирис туралы әпсананы айтуға болады. Одан кейінгі дәуір Түрік қағанаты. Бұл кезеңдегі күйлердің де дерегі жоқ, бұл әдебиетімізде ұлыстық ояну кезеңі деп аталады.

Дескриптор
Білім алушы


  • стиль түрін анықтайды;

  • мәтіндерді салыстырады;

  • тілдік ерекшеліктерін ажыратады;

  • мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды.



Оқу мақсаты

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет