Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Мәтінді мұқият оқып, түсініктеме жасаңыз



бет29/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Мәтінді мұқият оқып, түсініктеме жасаңыз.



Жастар жадына ғаламтор жау

Бір алқалы жиында елге танымал екі жазушы екі түрлі ой-пікір айтты. Зерделесек, екеуінің де айтып отырған сөздерінің жаны бар сияқты. Жарыққа шыққан кітапқа жылы лебізін білдіре келіп, бірінші қаламгер: «қазір жаһандану заманында қағаз басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын ғаламтор басады. Адам өзіне керектіні ғаламтордан тауып алады да, газет-журнал, кітап оқуға жастардың құлқы болмайды» деп өзінше болжам жасады.

Ал екінші бір жазушы: «Интернет заман қажеттілігі бол­ғанымен, оның пайдасынан зияны көп», - деп шыр-пыр болды. Оның уәжі мынаған саяды: «Рас, осы күнге дейін интернет арқылы қаншама дүниені оқып, білдік, ой-өрісімізді кеңейттік, тамаша жаңалықтарды таптық. Үлкен жобалар іске қосылды. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бақылаусыздық, бейәдеп, тексерілмеген ақпарат, біреуге дәлелсіз жала жабу, ойына не келсе соны айтқан пікірлердің өріп жүретіні сияқты келеңсіздіктер де осы «шексіз кеңістікте» жетіп артылады.

Бұл – бір. Екіншіден, оның айтуынша, авторын танып, беттерін парақтап, жастанып жатып оқыған кітаптан алған әсерді, интернеттен оқыған дүниемен еш салыстыруға келмейді. Бірақ заман ырқына көндіріп, дегенімен жүргізуде. Әсіресе, жастарды компьютерден алшақтату мүмкін болмай тұр.

Сондықтан замандас жазушының: «Кітапты интернеттен оқығаннан гөрі оңашада қолға алып оқыған «сіңімді» болады. Жадыда ұзақ сақталады. Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде оқудың адамның миына, рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы зор екенін мойындап отыр», - деген пікірімен толық келісеміз.




Дескриптор

Білім алушы




- түрлі оқылым стратегияларын пайдаланады;

- өз ұстанымына қатысты ой-пікірлерін айтады;

- көтерілген мәселеге пікірін білдіреді.



Оқу мақсаты

7.3.3.1 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет