2-тапсырма
Мәтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңыз. Сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
Үлгі: топ-тобымен
Дескриптор
|
Білім алушы
- үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табады;
- сөйлемдер құрады;
- орфографиялық норманы ескереді.
|
|
Оқу мақсаты
|
7.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу
|
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді
Зерттеп, пікірін білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
|
1-тапсырма
Кестедегі құстар мен жәндіктерді іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз.
1. Көкек
|
А) даусы қарлыққанша қарқылдаса, көп уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығын білдіреді.
|
|
2. Өрмекші
|
Ә) бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
|
|
3. Бақа
|
Б) күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
|
|
4. Құмырсқа
|
В) ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынын білдіреді.
|
|
5. Сақау кептер
|
Г) бақылдай берсе, қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді.
|
|
6. Үкі
|
Ғ) сайраса күн ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығын білдіреді.
|
|
7. Бал арасы
|
Д) ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығын білдіреді.
|
|
8. Торғай
|
Е) өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады.
|
|
9. Сауысқан
|
Ж) сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығын білдіреді.
|
|
10. Қарға
|
З) илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығын білдіреді.
|
|
11. Сарғалдақ
|
И) алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
|
|
Жауабы: 1-Ғ, 2-Е, 3-Г, 4-З, 5-Д, 6-Б, 7-И, 8-Ә, 9-В, 10-А, 11-Ж
Дескриптор
|
Білім алушы
- кесте бойынша берілген ақпараттарды іріктейді;
- сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен сәйкестендіреді.
|
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтар бойынша пікіріңізді білдіріңіз.
|
Құстар мен жәндіктер ауа райынан алдын ала мәлімет бере ала ма?
Метеорологтар атмосферадағы ауа райы өзгерістері мен ауа райы құбылыстарын метеорология құрал-жабдықтарымен тексеріп, ауа райынан алдын ала мәлімет берумен бірге, табиғат дүниесіндегі құс, жәндік қатарлылардың тіршілік қимылын бақылау арқылы олардың атмосферадағы өзгерістерді алдын ала сезе алатын биологиялық қабілетке ие екендігін байқаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |