Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет3/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз
1 вариант РК бак рус, 5 жиынтық спецификасы, downloadnpaapp, Матем 8-15

1-тоқсан





Оқу мақсаты

7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады

  • Аяқталуын болжайды

Қолдану




1-тапсырма

Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытыңыз.


Жер-ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңір адам пайда болды...


Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.

Ол құдіретті, зор әрі сымбатты болды. Ол күлгенде онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері нәресте сүйді, ...




Дескриптор

Білім алушы

- мәтінді мұқият тыңдайды;

- оқиғаны өз сөзімен дамытады;

- түпнұсқамен салыстырады.





2-тапсырма

Әрі қарай не болғанын болжап, әңгімені аяқтаңыз. Өз нұсқаңызды салыстырыңыз.

...бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.

Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңір адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.

Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп, Жер-ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-біріне соғыстарда қолданды. Ал Жер-ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз қаза болғандарды жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңір адамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.

Жер-ана бойынан барлық қаһарын шығарды, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңір адам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Тәңір адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер-ана мен Тәңір адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.



Дескриптор


Білім алушы

- оқиға желісін болжайды;

- әңгімені аяқтайды;

- түпнұсқамен салыстырады.







Оқу мақсаты

7.3.3.1 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет