Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Танымдық басылымы жоқ елде фантастика қалай дамысын?!



бет56/58
Дата15.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#111921
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
!17 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т1 7-сын қаз

Танымдық басылымы жоқ елде фантастика қалай дамысын?!

Ғылыми фантастика жеке жанр ретінде XX ғасырда қарастырыла бастады. Нақты айдары сол кезде тағылды демесеңіз, бұл саланың тамы­ры тереңде. Тарихы әріден бастау алады. Оған бала күнімізден тыңдап өскен қиял-ғажайып ертегілері дәлел бола алады. Әлем әдебие­тін­де ғылыми-фантастика ғылыми поэзия, ғылыми проза болып екі тарапта дамыды. Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» атты еңбегінде қолданды. Ол ежелгі дәуір әдебиетінің белді өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» атты еңбегінде осы ғылыми поэзияның белгілері бар деп көрсеткен.

Бұл жанрға, бәлкім, жаңа бетбұрыс ке­рек шығар. Өйткені ғылыми-техника да­мып кеткен бүгінгі заманның оқырманына көп нәрсе таңсық емес. Осындай сұрақтар­мен біз  сөз етіп отырған жанрымыздың бел­ді өкілдеріне хабарласқан едік.

Абдул-Хамит Мархабаев, фантаст-жазушы:

Егер мойындай алсақ, дәл қазіргі уа­қытта жазушының жағдайы қиын. Кі­та­бының таралымы аз. Қаламақының жағ­дайы мәз емес. Тіпті кейде қалама­қы ал­мақ түгіл, кітабыңның жарық көр­ге­­ніне қуанасың. Мұндай жағдайда оқыр­­ман­ның да жай-күйі белгілі. Осы­д­ан кейін кім туралы жазасың, кімге ар­нап жаза­сың? Міне, жазушылардың ішінде осын­дай қыжыл бар. Ал Жапо­нияда бір кітап жазған жазушы бірнеше жыл алаңсыз өмір сүреді. Ғылыми фан­­тастика жанры жазушының жан сө­лін сығып алады. Ал төккен тердің өтеуі бол­­маған жерде сүбелі дүние туады деу қиын.

Бүгінгі ғылыми фантастика дегенге кел­сек, өтірік мақтап, жалаң ұранға сал­­­ғым келмейді. Жоғарыдағы себеп­тер­­дің барлығы осындай жағдайға әке­ліп тіреді.



Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы







Түрі







Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)






Мақсаты






Мазмұны






Стилі







Тілі














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет