Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.
1-мәтін
Ғылыми фантастика мен әлеуметтік фантастиканың кейбір ерекшеліктері
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет – ол ғылыми фантастика! Ғылыми фантастика нағыз маңызды мәселелерді көтереді. Қиялгерлерді адам тағдыры толғандырады. Бүгінгі күннің ақиқатын бейнелейтін бірден-бір әдебиет жанры», - деп ағылшындық ұлы қиялгер-жазушы Артур Кларк айтқан.
Ғылыми фантастика жанрының бар табиғатын, мақсат-мүддесін, оның міндетін айқындау үшін қойылатын талаптар өте көп. Мұның өзі оның күрделілігін, қиындығын аңғартады. Бұл жанрдың басқа жанрларға қарағандағы бірден-бір ерекшелігі: ол – «қосмекенді», ол көркем әдебиет туындысы ретінде оның барлық заңдылықтарын сақтауы тиіс. Бұл - бір. Екінші: ғылыми фантастика есебінде ол міндетті түрде не кешегі өткен ғылым құпиялары, не ертеңгі тұрмыс-тірлігімізге енуге тиісті ғылым мен техника жаңалықтарын әдеби әшекеймен оқырмандарына жеткізе білу.
2-мәтін
|