Сабақ тақырыбы Суретті көркем фантастика



Дата06.07.2018
өлшемі81 Kb.
#47646
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мектеп: №10 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні : Нуржанова Т.М

Сынып: 3 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суретті көркем фантастика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану

Сабақ мақсаттары

Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдарды қолдана бастайды.

Жетістік критерийлері

мәтіндегі әдеби көркемдегіш құралдарды анықтай алады;

айтылымда көркем сөздерді орынды пайдалана отырып, тыңдаушыны қызықтыра алады.



Сөздік қор

Өнер, суретші, би, балет, музыка, мүсін, қолөнер,

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Өмір кезеңдері туралы анықтамалық мәтіндерін оқу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин




І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Тосын жағдай тузығдыру» стратегиясы

Кит туралы бейнефильм көру.

Тосыннан: (Сіздің эмоцияңыз қандай?):



  • Партаның астынан қолтырауын сізді тістеп алды!

  • Сыныпқа балмұздақ салынған қорпапты көтеріп солтүстік аюы кіріп келді!

  • Сіздер ертең аспанға дирижабльмен ұшасыздар!

Бұл жағдайлар шын болады ма, әлде қиялдан туған ой ма?
ІІ. Негізгі бөлім Қызығушылығын ояту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.



Оқу мақсаты:

  • Қиял дегеніміз не?

  • Қиялдап көрдіңіздер ме?

  • Өз қиялдарыңызды басқаға айтқан кездеріңіз болды ма?

  • Жұпта өз қиялдарыңызды әңгімелеп беріңіз.

Жұпта талқылап болған соң, жұптар өзара қиялын таныстырады.

Олай болса, бүгін біз сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыздар?

Жақсы, бүгін біз бір-бірімізді қызықтыру үшін көркем фантастика құрастырып, әңгімелейміз.

Ендеше қиялдап көрейік...




https://www.youtube.com/watch?v=kKkL0zLkh0g

Сабақтың ортасы




1-тапсырма:

  • Балалар, сендер қазір көздеріңді жұмасыздар. Мен сіздерге бір әңгімені бастаймын. Сендер сол әңгіме бойынша сюжетті елестеп көріңіздер. Мен тоқтаған кезде сіздер әңгімені ойша аяқтаңыздар.

Мұғалім фантастикалық мәтін оқиды. Аяқталуға жақын жерден тоқтайды.

Жаздың бір күнінде...

Жаздың бір күнінде, барлық ауыл балалары суға түсіп жатқан едік. Су мөп-мөлдір айнадай. Бір бірімізді итеріп, суға құлатып, ойнап жүрміз. Бір кезде бір нәрсе аяғымызды сипап өткен сияқты болды. Міне, тағы да, сипап өтті. Бір кезде су бетін қап қара көлеңке басып кетті. Мен артыма қарауға қорықтым.

Оқушылар әрі қарай болжап фантастикалық әңгімені аяқтайды.



Сол үлкен қара көлеңке жақындап келе жатты. Қара көлеңке өте үлкен балық болып шықты. Бір мезетте сол балық бізді тарта жөнелді. Балалар у-шу. Жан жаққа қашып жатыр. Балық бізбен ойнағысы келгендей, демін тартқанда біз оның аузына тірелеміз. Ал демін жібергенде толқын бізді жағалауға шығарып тастайды. Біз қашуға үлгере алмай қалып жатырмыз. Енді артымызға қарасақ, үлкен сүйкімді балық екен. Біз онымен достастық.

Сосын мұғалім мәтіннің соңын оқиды.



Дифференциация: бірнеше балаға мәтіннің негізгі ойын ашатындай бірнеше сөздер анықтау.

Оқушылар болжамымен салыстырады.


ҚБ: кімнің болжамы қызықты болды? Неге?
2-тапсырма: Сурет беріледі. Суреттің басқы екі бөлігіне әр суретке екі сөйлемнен оқушылар әңгіме мәтінін жазады.
Мұғалім әңгіме мәтінін – таңертең ерте …, кенеттен … ақырында …, ертеңгі таңға дейін …, сол кезде…, күтпеген жерден …, ол таң қалыпты ….., .... сеніпті.

деп мәтін бөліктерін құрастырып оқиды.


ҚБ: мәтін мазмұны дұрыс құрылды ма? Егер қайта құрасытыратын болсаңыздар, не қосар едіңіздер?

Қандай топтың сөйлемдері жақсы құрылған?
3-тапсырма. «Суреттегі мен»

  • Сіз суреттен өзіңізді көрсете аласыз ба?

  • Сізге соның ішінде ең жақыны қайсысы? Неліктен?

  • Қиялдың пайдасы бар ма?


Үйге тапсырма: «№10 орта мектеп - 2026 жыл» тақырыбында қысқа әңгіме құрастыру.


Музыка


Сурет

Тірек сөздер

Қосымша сөздер


Сабақтың соңы

3 мин


Рефлексия: «Сабақ кезеңдеріне шолу»

Балалар, мен сіздерге сабақ кезеңдерін көрсетемін, ал сендер сол кезең бойынша ассоциация білдіресіздер. Ассоциацияны ыммен, сөзбен, қимылмен білдіре аласыздар.

  • Тосын жағдай

  • Әңгімені аяқтау

  • Суреттер сөйлейді

  • Суреттегі мен




карточкалар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




бірнеше балаға мәтіннің негізгі ойын ашатындай бірнеше сөздер анықтау.

айтылымда көркем сөздерді орынды пайдалана отырып, тыңдаушыны қызықтыра алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет