Шопаева Саяш Дуанбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тренинг сабақ



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі179,71 Kb.
#9071
түріСабақ
  1   2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

№86 жалпы білім беретін орта мектеп

Шопаева Саяш Дуанбековна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Тренинг сабақ

тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік



Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру;

ә) Ұтымды ой қорыта білуге, өзіндік және шығармашылық мащықтарын дамыту;



б) Өзіне сын көзбен қарауға, сыныптастарының көзқарастарын сыйлауға баулу, топ ішіндегі жағымды психологиялық ахуалды туғызуға күш салу.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, дәлелдеу, проблемалық әдіс.

Құрал- жабдықтар: слайд, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

ә) Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру;


б) Сабақтың ерекшеліктері және шарттарымен таныстыру
в) «Танысу рәсімі» (есімі- ассоциация).

- Тренингің бірінші бөлімі “Танысу рәсімі” деп аталады. Қазір әрқайсымыз өзіміздің атымызды атап, есіміміздің бірінші әрпінен басталатын ассоциацияны қоса айтуымыз керек. Мысалы: Саяш – сабыр, қандай жағдай болмасын шешімді әрдайым сабырмен қабылдау керек деп ойлаймын...

  1. Өткен сабақта алған білімдерін бекіту.

«Кубизм» бойынша етістікті қайталау:

І топ – зерттеңіз (түрлеріне, қасиеттеріне, қызметіне тоқталу)

ІІ топ- нақтылаңыз (түрлеріне мысалдар келтіру)

ІІІ топ- талқылаңыз (саралаңыз, қарсы шығыңыз)



  1. Жаңа сабақ.

- Қазір тақта берілген сөйлемдердегі етістіктерді анықтап, олардың мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап көрейік..

Интерактивті тақтамен жұмыс

  1. Мен сабақ оқып отырмын.

  2. Мен кешке сабақ оқимын.

  3. Мен кеше сабақ оқығанмын.

- Осы сөйлемдердегі етістіктердің айырмашылықтары неде? (Оқушыларға берілген етістіктердің орындалу шақтарының әртүрлі екендігін анықтату)

- Қазір біз сендермен «мезгіл» сөзінің синонимдерін тауып көрейік.


Мезгіл
сәт
уақыт
мерзім
кез
шақ

Мұғалімнің сөзі:

  • Бізге етістіктің қимыл, іс- әрекетті білдіретіндігі белгілі. Ал, енді іс- әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болатындығын ойланып көрдіңдер ме? Қимыл не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істелген, не сол сөйлесіп отырған уақытта істелініп жатқан (әлі аяқталмаған), не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелетін амал, іс- әрекет болуы м үмкін. Олай болса, қимылдың орындалуын, белгілі бір мезгілін көрсететін түрі етістіктің шағы деп аталады. Қимыл, іс- әрекеттің орындалу мерзіміне байланысты үш шаққа бөлінеді.


Етістіктің шақтары


Осы шақ

Не істеп отыр?

Оқып отырмын.



Өткен шақ

Не істеді?

Оқығанмын.



Келер шақ

Не істеймін?

Оқимын





  1. Оқулықпен жұмыс

402- жаттығу ( Берілген сөйлемдерді талдай отырып, шақтарын анықтау)

403- жаттығу (Үлгі бойынша ауызша айту)



  1. Бекіту


(берілген сөйлемдер ана тілі оқулығының қай мәтінінен алынғанын анықтап, етістіктердің қай шақта тұрғанын айту).


Каталог: download -> umnpk -> teacher -> 1 4 school
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: «Екі дос» Сабақтың мақсаты
1 4 school -> 92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы
1 4 school -> Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау
1 4 school -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
1 4 school -> Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»
1 4 school -> А. М. Акмагамбетова
1 4 school -> Мақал – сөз мәйегі (4-сынып оқушылары арасындағы мақал-мәтелдер сайысы)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет