Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет29/32
Дата12.02.2022
өлшемі404,51 Kb.
#131588
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx

Бағалау критерийі

сұрақтарын құрастыру




Білім алушы







• Мәтіннен негізгі, қосымша ақпарат пен







көтерілген мәселені анықтайды







• Нақтылау сұрақтарын құрастырады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма







  1. Мәтінді оқыңыз. Жұпта мәтіндегі негізгі ақпараттарды теріп жазып, қосымша ақпараттардың астын сызыңыз. Тыныс белгілеріне назар аударыңыз.



Ұлттық музей заманауи технологияларды таныстырды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде аудиогид пен «QR-кодтың» және «оnline-ticket» жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық музей - заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен мәдениет ошағы әлемдік ірі музейлердің қатарына тек сәулеті жағынан ғана емес, сондай-ақ, мазмұндық және қызмет көрсету жағынан да енуді мақсат етеді.
Бүгінгі музей тарихи жәдігерлер сақталатын қойма емес, елдің арғы-бергі тарихын жаңа заман ағымына сай озық технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз көрерменін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін рухани орталық болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда Ұлттық музейде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Музей арнайы контенті бар доғал экранмен, сондай-ақ, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар «Led-техникамен» және арнайы сенсорлық дүңгіршектермен жабдықталған.
Бұдан былай музейге келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алатын болады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған «QR-кодтар» орналастырылған. Музейге келушілер «QR-кодтардағы» ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде ұялы телефондар арқылы да танысуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл осындай тәсілмен қызмет көрсету Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық музейде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, музейде «оnline-ticket» жүйесі де іске қосылып отыр. Жаңа жүйе бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейдің билеттеріне «astanamuseum.kz» веб-сайты арқылы онлайн-режимде алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Электрондық билетті рәсімдеуге небары екі-ақ минут кетеді. Ал билет иелері музейге өздеріне ыңғайлы уақытта келе алады.



  1. Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңыз. Сұрақтарыңыз негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз.



Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады;


-қосымша ақпараттарды табады;
- тыныс белгілерді орынды қолданады;
-сұрақтар құрастырады;
-көтерілген мәселені анықтайды.



30


Оқу мақсаты

6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер




жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте,




сызба) түрінде құрастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет