Ойлаудағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма-1 Суретке қараңыз.:
(а) Өсімдіктің әр мүшесі үшін қозғалыс түрін анықтаңыз.
(b)
Сабақтың әр уақытта жоғары ал тамырдың төмен бағытталып өсуінің маңызын
түсіндіріңіз.
Суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда
қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде жер үсті мүшелеріне
жеткізіледі. Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан
ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен
жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып
трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып,
ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м-ге дейін (лианаларда),
(еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары
болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған
кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін
бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да кейін пайда болғандықтан тек
гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі
жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі
трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде
болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен
жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледӨсімдік сабағында төмен ағыс жолы
элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы
бетіне орналасқан.