Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия 8-сынып



бет3/10
Дата12.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#60023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ХИМИЯ КАЛЫПТАСТЫРУШЫ


Дескриптор Білім алушы





    • атомнан түзілетін ион сызбаларын анықтайды.



  1. X элементінің атомында 16 нейтрон және 15 протон бар.

Осы X элемент қандай теріс ион түзе алады?


  • элементінің ионында неше электрон бар?


Дескриптор Білім алушы


  • протон, нейтрон саны бойынша белгісіз элементті анықтайды;

  • атомнан түзілетін ионды анықтайды;




  • ионның электрон санын анықтайды.

7


Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің массалық

үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару


Бағалау критерийі Білім алушы
• Күрделі заттар құрамындағы элементтердің

массалық үлесін есептеп шығарады


• Массалық үлесі бойынша заттардың формуласын

анықтайды


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма


  1. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдіктегі азот жетіспеушілігін жою үшін: карбамид (CO(NH2)2), чили селитрасы (NaNО3) т.с.с тыңайтқыштар қолданылады.

Қандай тыңайтқыш құрамында қоректік зат - азоттың массалық үлесі көп? Жауабыңызды есептеп көрсетіңіз.
(а) CO(NH2)2

(b) NaNО3



Дескриптор Білім алушы


    • карбамид құрамындағы азоттың массалық үлесін есептейді;




    • натрий селитрасы құрамындағы азоттың массалық үлесін;

есептейді;


    • қандай тыңайтқыш құрамында азоттың үлесі көп екенін салыстырып, қорытындылайды.




  1. Азот оксиді үлгісін анализдеу төмендегідей мәліметтер берді:

  • азоттың пайыздық үлесі 47%

  • оттегінің пайыздық үлесі 53%

Осы оксидтің эмпирикалық формуласын есептеңіз.


Дескриптор Білім алушы


  • элементтің пайыздық құрамы бойынша формуланы есептейді.

8


Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция

теңдеулері
Оқу мақсаты 8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың

формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру


Бағалау критерийі Білім алушы
• Реагенттердің және өнімдердің формуласын жаза

отырып, химиялық реакция теңдеуін құрастырады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Сурет бойынша химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз және теңестіріңіз. (а)


темір оттек темір (ІІІ) оксиді

(b)





мыс оттек мыс (ІІ) оксиді

(с)




магний оттек магний оксиді


Дескриптор Білім алушы


  • регенттердің және өнімдердің формуласын жазады;




  • валенттілікке сәйкес формуланың индекстерін қояды;




  • реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуладағы атом сандарына сәйкес реакцияны теңестіреді.

9


Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция

теңдеулері
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы

бойынша химиялық реакцияларды жіктеу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы

бойынша химиялық реакцияларды жіктейді


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі
Тапсырма


  1. Суретке қарап реакция типтерін анықтаңыз.




А)

В)



С)

D)



  1. Төменде берілген реакциялардың тұсына реакцияның қай типіне жататынын жазыңыз.

1) натрий гидроксиді + фосфор қышқылы → натрий фосфаты + су


2) кальций + тұз қышқылы → кальций хлориді + сутек

3) мырыш нитраты →мырыш оксиді +азот (IV) оксиді +оттек


4) аммиак →азот +сутек

5) магний + темір (ІІ) сульфаты →темір + магний сульфаты


6) мыс (ІІ) оксиді + күкірт қышқылы→мыс сульфаты + су

7) натрий гидроксиді + көмірқышқыл газы → натрий карбонаты + су

8) темір + оттек + су → темір гидроксиді
9) алюминий гидроксиді →алюминий оксиді + су

10)алюминий + күкірт → алюминий сульфиді


Дескриптор Білім алушы


  • реакция типтерін ажыратады;

  • бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді.

10


Бөлім 8.1С Металдар белсенділігін салыстыру
Оқу мақсаты 8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін

жағдайларды зерттеу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Металдар коррозиясын туындауға әсер ететін

жағдайларды дәлелдейді


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Тапсырма
Тәжірибе жасалды.
Төрт пробирка алынды. Оларға темір шеге салынды.

1-ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды.

2-ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді.

3-ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді.


4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды.
Тәжірибе нәтижесі суретте көрсетілген

(а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.




  1. Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз? (с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.

  1. Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.


Дескриптор Білім алушы


  • коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;




  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;




  • коррозияның зиянды әсерін атайды;

  • коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.

11


Бөлім 8.1С Металдар белсенділігін салыстыру
Оқу мақсаты 8.2.4.5 Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің

реакция теңдеулерін құрастыру


Бағалау критерийі Білім алушы
• Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің

реакция теңдеулерін құрастырады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Төменде келтірілген сөздерді таңдап алыңыз да, металл мен қышқылды әрекеттестіріп мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.
__________________ + ________________ __________________ + ________________

__________________ + ________________ __________________ + ________________
натрий сутегі мыс сынап хлориді
натрий сульфиті сутегі тұз қышқылы
алюминий сульфаты темір хлориді мыс хлориді натрий гидроксиді
магний натрий фосфаты магний карбонаты темір
күкірт қышқылы сутегі фосфор қышқылы сынап сутегі

Дескриптор Білім алушы


  • әрекеттесетін металл мен қышқылды таңдайды;




  • реакция өнімдерін дұрыс анықтайды;




  • металл және қышқыл қалдықтары валенттіліктерін анықтайды;




  • қышқыл, тұз формуласын құрастырады;




  • реакцияны коэффициенттер қою арқылы теңестіреді.

12


2- тоқсан
Бөлім 8.2А Зат мөлшері
Оқу мақсаты 8.1.1.2 Қосылыстың молярлық массасын есептей алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қосылыстардың молярлық массасын есептейді
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Берілген қосылыстардың молярлық массасын есептеңіз.


Қосылыс




Молярлық массаның есептелу жолы

Өлшем бірлігі

H2O су






















H2SO4 күкірт










қышқылы










KMnO4 калий










перманганаты










Al2(SO4)3










алюминий










сульфаты










NH4NO3










аммоний










нитраты










Ca(OH)2 кальций







гидроксиді










СН4 метан






















Дескриптор

Білім алушы







  • молекула құрамына кіретін атомның салыстырмалы атомдық массаларын анықтайды;

  • қосылыстың молярлық массасын есептейді;

  • молярлық массаның өлшем бірлігін жазады.

13


Бөлім 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Оқу мақсаты 8.2.3.5 Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың

массасын, зат мөлшерін есептеу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың

массасын есептейді


• Зат мөлшерін есептейді
Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
Натрий – күмістей ақшыл түсті, жұмсақ сілтілік металл, табиғатта бос күйде кездеспейді. Ауада оңай тотығатындықтан керосин астында сақтайды. Сумен шабытты әрекеттеседі. (а) Натрийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз, теңестіріңіз


  1. Массасы 34г натрий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің массасын есептеңіз.

(с) Реакция нәтижесінде (b) тапсырмасындағы түзілген өнімдердің зат мөлшерін есептеңіз.




Дескриптор Білім алушы


  • реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

  • есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массасын есептейді;

  • массасы белгісіз заттың массасын анықтайды;

  • өнімдердің зат мөлшерін есептейді.

14


Бөлім 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Оқу мақсаты 8.2.3.7 Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың

молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу


Бағалау критерийі Білім алушы
• Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейді
• Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың

молярлық массасын анықтайды


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі
Тапсырма
(а) Күкіртсутек - шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар газ.


Күкіртсутектің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз .





  1. Пропан - табиғи газдың құрамында кездесетін түссіз, иіссіз газ. Мұнай өнімдерін крекингілеу кезінде түзіледі.

Пропанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,51-ге тең. Пропанның молярлық массасын есептеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет